"Беспилотные автомобили"
Самоуправляемые автомобили уже давно испытываются и внедряются многими крупными корпорациями. В сравнении с традиционными авто они предлагают немалое количество преимуществ: начиная от степени комфорта и удобства и заканчивая меньшим числом аварий в целом.
Өзін-өзі басқаратын машиналарды көптеген ірі корпорациялар бұрыннан сынап, енгізген. Дәстүрлі автокөліктермен салыстырғанда олар көптеген артықшылықтар ұсынады: жайлылық пен жайлылық дәрежесінен жалпы апаттардың аздығына дейін.
Достық[1] – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді.
Махамбет өз жырында ерлікті болашақ ұрпаққа кеңінен көсіле жырлайды.
Туған ұлдай не пайда?
Қолына найза алмаса,
Атаның жолын қумаса! – дейді ұлы ақын. Бұл ойдан шығатын түйін: атаңның жолын қу, жаныңа ерлікті серік ет, еліңе пана бол.
Ал, «Әй, Махамбет жолдасым» өлеңіндегі:
... Үйде отырсам да өлем деп,
Қорлықта жүрген халқыма
Бостандық алып берем деп, - деген жебелі жыр ұшқынынан оның ерлікті, елдікті, бостандықты аңсағанын көреміз. Мұндай өресі биік ой – Махамбетке тән құбылыс.
Махамбет – ел үшін еңіреп өткен алаштың ардақты азаматы. Сан жылдар елінің еркіндігі мен бостандық жолындағы табанды күресімен, ел үшін атқарған игілікті ісімен тарихта атқы қалды. Қараой топырағында Ықылас қолынан абайсызда қаза тапқан ұлы тұлғаның жанкештілігін тебіренбей еске ала алмайсың... міне, ұлы ақын, өжет батырдың туғанына 210 жыл өтсе де,оның еліне сіңірген еңбегін тарих-абыз ұмытпады.
Ол қас дұшпанына қарсы білеткің күшімен, найзаның ұшымен де шайқасты, одан қалса, қанатты қауырсын қаламды қару етті.
Еділ үшін егестік,
Тептер үшін тебістік.
Жайық үшін жандастық,
Қиғаш үшін қырылдық,
Теңдікті, малды бермедік, - деп, Махамбет елі мен жері, теңдік үшін шайқасқанын тебірене жырлады. Бұл – ұрпаққа өнегелі, тағылымы мол, ұлы жыр!
Алаш жұртының арғы-бергі аламан жырларының арасынан шоқтығы оқшау көрінер, ұлт өлеңінің қайталанбас үлгілері – Махамбеттің жебелі жырлары. Елдік пен ерлікті жауынгерлік рухта жырлай отырып, дәуір шындығын айнадай ғып көрсетер, айғақтап айтар ұлы жырларға қалай ғана бас имейсің?!
Ұлы жырға бас ию – ұлт тағылымының ұлы қайнарларына бас ию! Ұлы қайнарларға бас ию – ұлт Рухына бас ию!
Махамбет жыры – ұлттық ой мен танымның тамырын тереңдетіп, рухымыздың абырой, беделін аспандатар ұлы құдірет. Елі мен жерінің азаматтығы үшін алысып, қаһарлы сөзімен, қайсар мінезімен туған халқын ардақтап өткен ұлы перзентінің есімін ұлы жұрты да алақанына сап аялауда.
Боз ағаштан биік мен едім,
Бұлтқа жетпей шарт сынбан.
Ел құтқарар ер едім, -
Жандаспай ақыры бір тынбан, - деп құдіретті үнімен тіл қататын ақынның жебелі жырының Рухы ұрпақ санасынан мәңгілікке өшпейді.
Махамбет – қазақ ұлтының отаршылдық заманында елінің елдігімен бостандығы үшін жанын қиған батыры, қазақтың ұлы тұлғасы. Оның елі үшін атқарған игілікті ісі мен есімі ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса бермек..