Берілген сұрақтарға жауап:
1. Саған отбасында кім көп көңіл бөледі?
Біздің отбасымызда менің анам маған көп көңіл бөледі және «қыз бала анаға жақын» болғандықтан, анам екеуміз жиі сырласып тұрамыз.
2. Ата - анаң саған қандай жылы сөздер айтады?
Ата - анам мені "құлыным", "жаным", "ботақаным", "қошақаным", "алтыным" деп еркелетеді.
3. Сен ата - анаңа көңіл аударасың ба?
Әрине, мен ата - анама көңіл аударамын және ата – анам жұмыстан бос уақытының бәрін отбасына арнайды. Уақытты бірге өткізгенді ұнатамыз.
4. Анаң саған қатты ашуланса, кешіре аласың ба?
Анам маған ренжіген уақытта қатты ашуланғанмен, ашуы ұзаққа созылмайды. Әдетте ашуынан тез қайтып, қателік жіберсе, кешірім сұрай да алады. Ал мен болсам, анама ренжімеймін.
5. Отбасыңда бір - бірлеріңді кешіре білесіңдер ме?
Ия, біздің отбасымызда ата – анамыз әрдайым бір - бірімізге түсінушілікпен қарап, кешірімді болуға үйретіп отырады.
6. Отбасында болған қиындыққа шыдамдылық білдіре аласың ба?
Кей кездері оңайға соқпағанымен, шыдамдылық танытуға тырысамын. Ата – анамыз қиындыққа мойымауға үйретіп отырады.
7. Неге бақыт тек қиындықпен келеді?
Менің ойымша, «қолда бардың қадірі жоқ» демекші, тек қиындықпен келген бақытты ғана бағалай білетін болғандықтан деп ойлаймын.
Қонады қалқып ұшып.
Мүлгиді атырап бар
Жамылып алтын ішік.
Бу шығып бүйірінен
Ағады жылға-бұлақ.
Ақбөкен үйірімен
Барады Сырға құлап.
Дәнді алқап жалтылдайды,
Жайғандай дүзге кілем.
Жер-Ана ән тыңдайды,
Аққулар тізбегінен.
Қайың тұр амал қылып,
Шық моншақ тағынып ап.
Сүйеді самал – жігіт
Қалғандай сағынып-ақ!
Бұлбұлдар сайрамады,
Бұтаққа жайғасып жай.
Дөңгелеп Ай барады,
Әлемнің айнасындай!
Тәкәппар тау-шыңдар да
Өрлейді сүйіп өрін.
Қызығы таусылған ба,
Думанды дүниенің?!