М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
albinashav
albinashav
19.12.2021 02:42 •  Қазақ тiлi

Написать на казахском языке эссе на тему зимы

👇
Ответ:
ыфыфыф553
ыфыфыф553
19.12.2021
Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымның өзіне тән қызығы мен сейіл-серуені бар. Соның ішінде қыс мезгілі де өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязымен ерекше. Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды. Қара жердің бетін басқан аққұба ару сияқты үлпілдеген ақ ұлпа қар айналаға сән бергендей. Әркім бұл мезгілді асыға күтетіні рас. Бірі шаналарын арқалап, биік жоталарға, таулы қыраттарға бет түзейді. Дала төсінде қолдан сырғанақ жасайтын қызықты кездерде өз алдына бір бөлек әңгіме. Қолдарына шана сүйреген балалар, жүздері күлкіге толы адамдар барлығы бейне бір қыстың суығын емес, оның жылы нұрын, ыстық тартар сәулесін тауып алғандай қуанады. Даланың табиғаты тып-тыныш қалпынан, маужыраған күйінен серпіле түскендей күйде. Алатаудың сілемдері мен биік жоталарындағы қыс көріністері көздің жауын алады. Басында қашанда қар жататын қарт Алатау ару Алматының көркіне көрік қосып тұрғандай көрінеді. Ақындар жырға қосқан, әншілер әнге қосқан Алатау қыс мезгілінде ерекше сұлу ғой, шіркін! Қыс мезгілін тағы да асыға күтуіміздің бір себебі - Жаңа жыл. Сірә, бұл мейрамды еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін күтетіні айдан анық. Бүлдіршіндер аппақ қардан аққала жасап, шырша безендіріп, аяз ата мен ақша қарды көруге асығады. Барлығы ақ тілектерін білдіріп, сыйлықтарын береді. Қылышын сүйретіп жеткен қаһарлы қыстың бізге берер қызығы мен қуанышы көп. Осындай естен кетпес оқиғаларға толы қыс мезгілін керемет деуге толық негіз бар. Қыстың ғажайып ұмытылмас шақтары адам жанына шуағын шашып, нұрын төге түскендей, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.
4,7(73 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
назар163
назар163
19.12.2021

Сөйлемнің бірыңғай мүшелері.

Сөйлемнің бірыңғай мүшелері - сөйлемнің бір ғана мүшесінің қызметін атқаратын, бір ғана сұраққа жауап беретін, көбінесе бір тұлғада, бір сөз табынан жасалып, бір ғана сөзге қатысты болатын сөздер тобы. Сөйлемнің барлық мүшелері де сөйлемнің бірыңғай мүшелері бола алады.

Аңсар ойнап жүріп, сүрініп қалды. (бірыңғай баяндауыш)

Мектеп қызметкерлері, ұстаздар және шәкірттер қалалық сенбілікке белсене қатысты. (бірыңғай бастауыш)

Осы істеген қылығы үшін Арман Жансұлуға кіналай да, сынай да қарады. (бірыңғай пысықтауыш)

Менің үлкен атам ақ сақалды, қой көзді, толықша келген кісі. (бірыңғай анықтауыш)

Мағжан концертке ертерек келіп өз жанынан Асылжан мен Ғалымжанға орын алып қойыпты. (бірыңғай толықтауыш)

Күрделі мүше дегеніміз - екі не одан да көп сөзден жасалған сөйлем мүшесі.

Менің көк ала добымды көрген жоқсың ба, таба алмай жатырмын?

Біздің сыныбымызда жиырма бес оқушы бар.

Оқушылар мұғалімнің айтқанын мұқият тыңдап отыр.

Біздің жаңа учаскелік дәрігеріміздің есімі - Әсел Ержанқызы.

4,5(71 оценок)
Ответ:
сема10
сема10
19.12.2021

Робинзон Крузоның бір күні.

Белгілі жазушы Даниэль Дефоның "Робинзон Крузо" атты романын білмейтін адам жоқ шығар,сірә.Мектеп кезінде кітапта берілген үзіндісін оқыдық,фильмін де көрдік.Кейіпкердің иесіз аралда жалғыз өзі шамамен жиырма сегіз жыл бойы өмір сүріп,тірі қалуы барлығымызды да таңдандырады.Ал Робинзон Крузоның әр күні бір-біріне ұқсамайтын.Әр күнде жаңа жаңалықтар,қиындықтар болды.Енді Робинзон Крузоның өз күнделігіне жазғандай бір күні,яғни оның ішіне алғашқы күніне тоқталып өтейік.

Ол өз күнделігінде бұл күнді "1659 жылы,30 қыркүйек" деп көрсеткен еді.Бұл оның кемесінің апатқа ұшырып,тек өзіның аман қалып,ессіз аралға тап болған күні.Түн ортасына дейін оны неше түрлі ойлар мазалады.Әрине,ол ойлар:аштық,үйінің жоқтығы,киімі мен қаруының болмауы еді.Оның жаудан қорғанатын жері де болмады.Робинзон Крузо алда тек өлімді күтті.Оны не жыртқыш аңдар,не жабайы адамдар жейді,не болмаса ол өзі аштықтан өледі.Осындай ойлармен ол ағаш түбіне жатып,жаңбыр жауып тұрса да қатты ұйқыға кетеді.Ия,бұл – Робинзон Крузоның бір күні.Бұл туындыдағы бас кейіпкер өзінің қайсарлығы,батылдығы мен ептілігінің арқасында тірі қалған еді.

4,8(26 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ