Қызғалдақ[1] (лат. Tulipa) – лалагүлдер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін пиязшықты өсімдік. Қазақстанның далалық аймақтарында жиі кездеседі, 32 түрі бар, оның 11 түрі – Қазақстанның эндемигі болып саналады. Бұлардың биіктігі 3 – 50 см. Сабағы жұмыр, тік өседі. Тамырымен жалғасқан буынында пиязшығы болады.[2] Гүл қоршауы ақ, қызыл не сары. Жемісі – қауашақ. Қызғалдақтың пиязшығын күзде гүлі түскеннен кейін жинап алып, оны құрғақ, салқын жерде сақтап, көктемде егеді. Қызғалдақ әсемдік және гүлінен хош иісті зат алу үшін өсіріледі. Қызғалдақтың өте сирек кездесетін 13 түрі (Альберт қызғалдағы, Борщов қызғалдағы, Грейг қызғалдағы, Кауфман қызғалдағы, Шренк қызғалдағы, т.б.) қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.
1) Голощекин Сталиннің қорғауында болғандықтан, ешкімнен қорықпай үлкен мәселелерді шеше алады, яғни хат жалған болып шыққанына қарамастан.
2) Голощекин ауыз-біршілігі бір болуы үшін, 5 әріптесін шеттету мақсатында ( олардың Алашордалықтармен қатынасы бар екенін ) ОГПУ-ға анықтау үшін тапсырады.
3) Мүсірепов мен Голощекиннің өзара әңгімесінде: Голощекин, алдына нан сұрап келген адамдарды теуіп, жұмыс істегісі келмейтін жалқаулар жайлы айтып отырды.