«Бес дұшпан» - Абай айқындап берген адамгершілікке жат этикалық-әдеп нормалары. Абай «Бес асыл ісінде» нағыз адам болу үшін бес нәрсеге асық болу керектігін айтса, «Бес дұшпанда»: «Адам болам десеңіз, Оған қайғы жесеңіз. Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ - Бес дұшпаның, білсеңіз...» -деп адамның бойындағы жағымсыз қасиеттерді сынға алады. Ақынның түсіндіргеніндей адамгершілікке жат жаман қылықтар - арамдық, әдепсіздік, әділетсіздік, жағымпаздық, жылпостық, менмендік, қулық-сұмдық, пәлеқорлық т. б. толып жатыр. Абай қазақ халқының дамуы үшін, оның басқа елдер қатарына жетуі үшін бүл әдеттердің бәрі де кедергі болатын қылықтар деп ұғып, бұларға барынша қарсы шықты. Ақын сол кездегі ауылдың басты әдеттерінің бірі - есек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ тәрізді елді аздыратын мінез-құлықты әшкерелеп, жұртшылықты олардан сақтандырмақ болды, қазақ қауымының болашағы жастардың бойына адамгершіліктің асыл қасиеттерін қалыптастыру туралы даналық ой қозғайды.
«Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы-халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы.Маңызын жоймау былай тұрсын,заман өзгеріп,қоғамдық санада күрт сапырылыстарпайда болған сайын бұл қазына өзінің жаңа бір қырларымен жарқырай ашылып,қадірін арттыра түсетініне Абайдан кейінгі уақыт айқын көз жеткізді.
1886 жылы Абай «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр» деген өлеңдер жазды.
ол.Сөйтіп,ғылымға берілудің,ғалым болудың жолдарын әңгімелейді.
Ғылым жолы-әділдік жолы.Оны ұстаған адам ескі жолмен жүре алмайды.
Байлық пен кедейлік.
Байлықты тек қана ақшамен байланыстырған, менің ойымша, дұрыс емес. Себебі байлықтың бірнеше түрі бар: адами байлық (ата - ана, бала, туыс); материалдық: ақша, дүние – мүлік, үй; табиғи: өсімдік, мұнай, күн, су, жан – жануар, таза ауа, тау, кен орындары және рухани байлық: денсаулық, туған ел, туған жер, білім, өмір. Сондықтан тек материалдық байлықты маңызды санамай, адам өміріндегі денсаулық, уақыт, туыс, Отан сияқты қастерлі ұғымдарды бағалай білу керек деп есептеймін. Ата - әжелеріміз "ақша - су, бүгін бар, ертең жоқ" демекші, ақша тез жұмсалып кетеді.
Мысалға, мен өзімді бай адам есептеймін. Себебі, менің денсаулығым жақсы, ата - анам мен бауырларым, туыстарым жанымда, қалаған оқу орнымда оқып, білім алып жатырмын.
Сонымен қатар бұл тұрғыда кедейлікті де тек ақшаның жоқтығы деп санамаған жөн. Себебі ойы таяз, білімі жоқ, туыс - туғандарымен қарым - қатынасы нашар адам нағыз кедей деп есептеймін, өйткені ол бұл қысқа ғана өмірде нағыз байлықтың не екенін түсінбей өзін - өзі кедей етіп жүр деп ойлаймын.
Сондықтан қазіргі жастарға, яғни өз құрбы - құрдастарыма айтарым: денсаулыққа немқұрайлы қарамай, білімге құштар болу керек. Себебі Білім - ешқашан жойылмайтын инвестиция. Оған салған барлық қаржы он, тіпті жүз есе болып қайтады. Осы білімнің арқасында болашақта материалдық байлыққа да қол жеткізуге болады.