М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Nastiabbk
Nastiabbk
24.01.2023 03:08 •  Қазақ тiлi

Напишите сочинение на тему спорт на казахском и что бы ошибок в основном не было 25

👇
Ответ:
klarkwin
klarkwin
24.01.2023
Волейбол ойынының қозғалысы а аса пайдалы табиғи қозғалыс пен дене мүшелерінің қимылынан жүгіру, жүру, секіру, лақтыру т. б. жаттығулардан тұрады. Бұл ойынды он жасар баладан бастап қай жаста болмасын ойнай береді. Сондықтан да, волейбол дене тәрбиесі пәні жаттығуларының бірі ретінде ең тиімді де ағзаға пайдалысы болып табылады. Ойын барысында нақты қозғалыс нәтижесінде ең бастысы адамның кординациясы қалыптасады. Қандай жаттығу болмасын, қозғалыс барысында нақтылы орындалады. Айталық, щабуылдау кезінде допты қарсыласының алаңға дәл түсіру, болмаса допты әріптесіне дәл бере білу, допты қарсыласының алаңына алдап тастау т. б. Демек адамның барлық қабілет-қасиетін қалыптастыратын ойынның бір түрі.

Волейболдың даму тарихы

Волейбол ((, volley — «қалқып ұру», ball — «доп») ) — ойын спорты.

1995 жылы әлемдік спорт шеберлері волейболдың 100 жылдық мерейтойын тойлады. Бұл ойынның ресми күні 1895 жыл деп есептелінеді. АҚШ-тың Массачусетс штатындағы белгілі Гелиокс колледжінде дене шынықтыру пәнінен сабақ берген американдық азамат Уильям Дж. 1897 жылы волейболдың 10 шартын ұсынған. Оның басты қағидалары төмендегідей:

Алаңның ауқымы белгіленуі тиіс.
Алаң аумағы: 25х50 фут (7,6х15,1 м).
Себеттің көлемі 2х27 фут (0,61х8,2 м).
Биіктігі: 6,5 фут (198 см).
Доп резіңке теріден жасалуы керек. Оның салмағы — 340 г.
Уильям Дж. Морган бұл ойынды «МИНТОНЕТ» деп атаған екен. Негізінен волейболдың тарихы он тоғызыншы ғасырдан бастау алады. Кейбір ақпараттарға сүйенсек, Еуропа, Орталық және Оңтүстік Америка халықтары осы тектес ойынды мыңдаған жыл бұрын ермекке айналдырған көрінеді. Ежелгі Рим жылнамаларында да б. э. д III ғасырда волейбол сынды фаустбол ойын түрі ұйымдастырылып тұрған. Олар әр командада 3-6 ойыншыдан бөлініп, допты аласа қабырғадан лақтыруға тырысқан. Фаустбол ойыны әсіресе, Еуропа халықтарына кеңінен танылған. Ойын 15 минуттан 2 таймға созылған. Десе де, волейболдың ресми күні 1895 жыл деп белгіленді. Оны алғаш ойлап тапқан- У. Дж. Морган.

Арада бір жыл өткен соң, яғни 1896 жылы «минтонет» ойыны Спрингфилде ( АҚШ, Массачусетс штаты) Христиан Жастар Одағының конференциясында назарға ұсынылды. Аталмыш одақ волейболдың бастамашылары бола білді.

Кейіннен тас қамалдан емес, арнайы тордан допты лақтыру мүмкіндігі пайда болған кезде профессор Альфред Хальстед «минтонетті» «волейбол» атауымен алмастыру қажет деп мәлімдеме жасады. 1897 жылы Христиан жастары қауымдастығы волейболдың ресми шарттарын айқындап, арнайы анықтама ретінде шағын кітапша басып шығарды.

1900 жылы волейбол танымалдығы жағынан АҚШ-тың шеңберінен шығып, әлемнің өзге елдеріне таныла бастады. Ойынға алғашында Канада, кейін Үндістан және Азия елдерін қызығушылық танытқан. 1905 жылы Куба, 1906 жылы Қытай, 1908 жылы Жапонияда волейбол құрамалары құрылды. 1909 жылдан бастап Пуэрто-Рикода бұқаралық ақпарат құралдырында волейбол матчынан репортаждар беріледі бастады. Мысалы, 1910 жылы Перу мен Филиппинде, 1912 жылы Уругуайда, 1914 жылы Англияда, 1917 жылы Мексика мен Францияда, 1918 жылы Италияда, 1919 жылы Чехословакияда, 1923 жылы Африка құрлығындағы Мысыр, Тунис, Марокко, ал 1924 жылы Испания мен Огославияда, 1925 жылы Голландияда Жастар Христиан Қауымдастығының бастамасымен арнайы командалар пайда болды.
4,5(54 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Helluing
Helluing
24.01.2023
Білім берудің қай түрі болмасын — тәрбие
Лев Николаевич Толстой

Білуге құмарлық рухтың қашанғы қанағатсыздығы
Джон Тейлор

Білім мен құдіреттілік — екеуі бір нәрсе
Френсис Бэкон

Адам білмегендіктен адаспайды, білгішсінем деп адасады
Жан Жак Руссо

Көп білем десең, аздан бастап үйрен
Джон Локк

Білімдіңнің сөзі — ем, мейірімі көп, өзі кең!
Мағжан Жұмабаев

Адамның біліміне ақыл серік, ақыл кен таусылмайтын жанға көрік
Ақансері Қорамсаұлы

Бақыт жолы біліммен табылады
Ахмед Югнаки

Білім — а ң ортақ қазынасы
Жүсіп Баласағұн
Білім туралы:
Білімің болсадағы ұшан-теңіз, пайдасы жоқ халқыңа қызмет етпей
Шал ақын

Білімдіңнің сөзін тыңда, айтқанын үйрен, іске асыр
Махмұд Қашқари

Еңбек туралы:
 Еңбек - қуаныш, жалқаулық арылмас азап. Абай
Еңбексіз мал дәметкен - қайыршылық.Абай
4,7(24 оценок)
Ответ:
Катрин1907
Катрин1907
24.01.2023
Ұлан байтақ даланы мекен еткен ата бабамыз тек қана малдың тісіне ерумен өмір сүріп қоймаған. Көңіл құмарын қандыру үшін неше түрлі қызықты істер таба білген. Сондай қызықтың бірі аңшылық болып табылады. Жүйрік ат, қыран бүркіт, алғыр қаршыға, құмай тазы, айлалы сұңқар, болат қақпан, түзу мылтық сияқтылардың әрқайсысы ерекше сырға толы. Сол сырлары арқылы көптеген жанды аңшылық қызметке еліктіре білген. Тек еліктіріп қана қоймай, ер жігіттердің сенімді серігіне айналып, қиналған сәтте көмекшісі де бола алған. Сондықтан да халқымыздың тіршілік салтындағы қысқа күнде қырық алып қоржын толтырып, "үйірімен үш тоғыз" олжа байландырар, ең сүйікті кәсібі осы - аңшылық.
Сонымен қатар аңшылықтың, саятшылықтың ерекше жақсылықтары да бар. Ол кімді болса да салқын сабырға, жан семіртер көңілділікке баулып, ерік күші мен дене күшінің бір-бірімен үйлесім табуына әсер етеді. Сол себептен ата-бабаларымыздың аңшылықты кәсіп ретінде ғана емес, өнер ретінде санауының үлкен мәні бар.
Қазақ арасында аңшылықтың кең тараған танымал түрі - аңды бүркітпен аулау, бүркіт ұстап саятшы болу, аңшылыққа ден қойып, салбурынға шығу.
Халқымыздың арасында жыртқыш құстардың әр түрін қолға үйрету дәстүрі болған. Солардың ішінде ең бір қасиет тұтатын қыраны - бүркіт.
Қазақ аңшылары "Бүркіт" деп  жыртқыш құстардың ішіндегі аса тектісін, адам қолына тез үйренуге бейім естісін атаған. 
4,5(93 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ