Қоршаған орта – адамзат қоғамы өмір сүретін табиғи және антропогендік орта. Адамдар мен олардың шаруашылығына бірлесе және тікелей әсер ететін биоталық, абиоталық және антропогендікорталардың жиынтығы. Адамдар, жануарлар немесе объектілер тіршілік ететін немесе әрекет ететін орта немесе контекст.
Қоршаған орта мәселелерімен шұғылданатын бірнеше халықаралық ұйымдар құрылған.
Олар:
Қоршаған орта жөніндегі ғылыми к-ті (СКОПЕ, 1969 жылы құрылған),
Қоршаған орта жөніндегі мониторингінің жаһандық жүйесі (1970),
Қоршаған орта мен даму жөніндегі халықараралық институт(1971),
Қоршаған орта мен даму жөніндегі бүкіл дүниежүзілік комиссия (1983),
Қоршаған орта жөніндегі халықараралық ақпараттық жүйе (ИНФОТЕРРА, 1997), т.б.
Бұлардан басқа әр құрлықта қоршаған орта жөніндегі алуан түрлі ғылыми-зерттеулер мекемелері, к-ттер, жүйелер, комиссиялар мен ин-ттар құрылған.
Денсаулықты сақтауда уақытымен және дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Жүріп бара жатып, кітап оқып отырып, теледидар алдында тамақтануға болмайды. Майлы, тұзды, тәтті тағамдарды қабылдауды шектеген жөн, тамақты аса көп жеуге, ұйықтар алдында тамақтануға болмайды. Тағам әр түрлі сапалы, экологиялық таза болуы тиіс. Төрт мезгіл тамақтануды сақтай отырып, белгілі бір сағатта ас қабылдаған дұрыс.