М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
KarinkaMalinka303
KarinkaMalinka303
21.08.2020 12:23 •  Қазақ тiлi

Саятшылық өмірдің бір қызығы. шығарма нужно

👇
Ответ:
21Demon21
21Demon21
21.08.2020

Саят (саятшылық), жыртқыш құстарды аңға салу, қазақ халқындағы өте ерте замандардан келе жатқан спорттық өнер.

Археологиялық қазба жұмыстары Ежелгі Тұранды мекендеген тайпалар құс салуды тіпті қола дәуірі кезінде-ақ меңгергендігін көрсетеді. Тарих пен мәдениет тұрғысынан қарағанда саятшылықтың дамуы өте қызғылықты. Қазақ саятшылары бүркіт, бидайық, сұңқар, қаршыға, бөктергі, ителгі, сапсаң тағы с.с. көптеген алушы құстарды баптап өздері алатын құстарға түсуді үйреткен. Мұндай өнер қырғыз, араб ішінара түркімендердің арасында да дамыған. өнер. Крестшілер жорығынан кейін араб мәдениетімен танысқан еуропалықтар сұңқар салуды үйренген.

Саятшылықтың бұл түрі әсіресе XII-XIII ғасырда Еуропа елдерінде кең тараған. Қазақ халқы саятшылықты тұрмыстық пайдасы бар өнер ретінде де, көңіл көтеретін табиғатпен етене араласатын спорт ретінде де қараған.[1]


Қазақ халқындағы дәстүр[өңдеу]

Қыран құстармен аңға шығады. Саятшылықта өнердің бір түрі. Құс салып аңға шығатын адам «құсбегі» -, деп аталады. Құсбегі де табиғаттан берілген сый. Ол қыран құсты тәрбиелеп, олардың табиғатын түсінеді, қай уақытта аңға шығу керек екендігін біледі. Мұндай адамдар қазір де бар, бірақ аз. Қолға үйрету үшін мына қыран құстар ыңғайлы: бүркіт, сұңқар, қаршыға]=. Негізінде аңшы адамдар – құсбегілер бүркітті қолға үйретіп, аңға салған. Түріне, аңға түсу қабылетіне қарап мына түрлерге бөліп, атаған: тастүлек, мұзбұлақ, көк түбіт, май түбіт, барқын, баршын, т.б. Аңшы құстарды өте жоғары бағалаған. Мұндай құстардың өз жабдықтары болады: құндақ, томағақалпақ, тұғыр, балақ бау, желі бау –байлауыш. Қыран құстарды қолға ұстап, тәрбиелеу үшін өзі бір үлкен ғылыми әдістерді меңгеру керек. Әбден дайын болған бүркітті қыс түскен соң қасқырға, түлкіге, қарсаққа, сайғаққа салған. Жазда, күзде –қазға, үйрекке, қырғауылға, т.б. құстарға салған. Аңшылардың көптен күткен аңға салу күні «сонар» - деп аталған. Сонар – желсіз, ашық күндері. Бұл күндері аңның ізі қарда анық көрінеді. Сонар үшке бөлінеді: 1 – ұзақ сонар, 2- келте сонар, 3 – қан сонар. Қан сонарда аңшының жолы болып олжалы қайтқан. Аңшының аңнан табыспен қайтуы ауылы үшін мереке болған. Олар өздерінің аңшыларын мақтанышпен қарсы алып, оларды мақтан тұтқан. Саятшылық тек қызық үшін уақыт өткізу үшін емес. Ол үлкен өнер.

4,5(86 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
1246881
1246881
21.08.2020
Жеті,үш және жиырма бір. Жеті ата. Бұл – қазақ халқының дәстүрлі салт-санасында адамның ата жағынан тегін таратудың нақты жүйесі. Әрбір қазақ баласы өзінен бастап жеті атасының аты-жөнін білуге міндетті. Мұны әке-шешесі, ата-әжесі үйретіп, жаттатуға тиіс. "Жеті атасын білмеген жетесіз" деген аталы сөзді өзіңіз де білетін боларсыз. 
Өйткені қазақта жеті атаға дейін қыз алыспайды, оған дейінгі ұрпақ бір атаның баласы – туыс саналады. Қазақтар негізінен жеті атаны былайша таратады: 1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Үлкен ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата.Жеті жұт. 1. Құрғақшылық. 2. Жұт (мал қырылу). 3. Өрт. 4. Оба (ауру). 5. Соғыс. 6. Топан су. 7. Зілзала (жер сілкіну). 
Жеті жоқ. 1. Жерде өлшеу жоқ. 2. Аспанда тіреуіш жоқ. 3. Таста тамыр жоқ. 4. Тасбақада талақ жоқ. 5. Аллаһта бауыр жоқ. 6. Аққуда сүт жоқ. 7. Жылқыда өт жоқ. Жеті қазына. Ол жөнінде пікір талас көп. Алайда қазақтар ертеде жеті қазынаға мыналарды жатқызған: 1. Ер жігіт. 2. Сұлу әйел. 3. Ілім-білім. 4. Жүйрік ат. 5. Құмай тазы. 6. Қыран бүркіт. 7. Берен мылтық. 
4,5(70 оценок)
Ответ:
aminochka1516
aminochka1516
21.08.2020
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды. Үсті-басы ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап, келіп қалды. Дем алысы - үскірік, аяз бен қар, Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды. Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып, Аязбенен қызарып ажарланды. Бұлттай қасы жауып екі көзін, Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды. Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда, Алты қанат ақ орда үй шайқалды. Әуес көріп жүгірген жас балалар, Беті-қолы домбығып, үсік шалды. Шидем мен тон қабаттап киген малшы Бет қарауға шыдамай теріс айналды. Қар тепкенге қажымыс қайран жылқы Титығы құруына аз-ақ қалды. Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр, Малшыларым, қор қылма итке малды. Соныға малды жайып, күзетіңдер, Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды! Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін, Құр жібер мына антұрған кәрі шалды.
4,4(51 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ