М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
pavlova62
pavlova62
08.11.2020 01:46 •  Қазақ тiлi

Есім сөздерге жұрнақ жалғау арқылы туыды зат есім етістікке жұрнақ жалғау арқылы туынды зат есім еліктеу сөздерге жұрнақ жалғау арқылы туынды зат есім

👇
Ответ:
filin781
filin781
08.11.2020

1) Есімдерден зат есім тудыратын жұрнақтар:

-шы, -ші: етік+ші, балық+шы, аң+шы, ән+ші, күй+ші т.б.

-лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік: жақсы+лық, дос+тық, шын+дық, шебер+лік т.б.

-ша, -ше: бөлім+ше, кітап+ша, маңдай+ша т.б.

-шық, -шік: ойын+шық, үй+шік т.б.

-хана, -стан, -кеш: дәріс+хана, кітап+хана, Қазақ+стан, арба+кеш т.б.

2) Етістіктен зат есім тудыратын жұрнақтар:

-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе: бөл+ме, тоқы+ма, кес+пе, тарт+па т.б.

-ым, -ім, -м: бөл+ім, біл+ім, тоқта+м т.б.

-қы, -кі, -ғы, -гі: шап+қы, бұр+ғы, сүз+гі, ашыт+қы т.б.

-ыс, -іс, -с: жең+іс, айт+ыс, тала+с т.б.

-ық, -ік, -қ, -к: қаз+ық, көр+ік, сұра+қ, тіле+к т.б.

-ыш, -іш, -ш: қуан+ыш, өкін+іш, қызған+ыш т.б.

-уыш, -уіш: тырна+уыш, еле+уіш, түйре+уіш т.б.

3) Еліктеу сөздерден зат есім тудыратын жұрнақтар:

-ыл, -іл, -л: тарс+ыл, гүрс+іл, дір+іл, т. б.

4,6(58 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Әр адам тамаша үйде өз идеясын бар. Заманнан бастап, адамдар әрқашан үйіне келеді, сіз әрқашан қайтаруға келсе, Сіз қолайлы және жайлы сезінетін орын болды. Мен өз арманыммен өмір сүремін - бұл үй, және екі қабатты үй емес. Ал нағыз иесі ретінде, мен сіздің дәмі үшін бәрін келеді. Енді менің үйде туралы айтып берейік. Сіз маған келгенде, онда сіз кілемде оның аяғын сүртіп және залында жиналады, үлкен ағаш есікті ашыңыз. қабатта, кілемге, шағын қайраткері жеңіл тұсқағазды жатып. қабырғалардың қасында, жоғары кафедрасы және шағын үстел болып, оған жоғарыда - үлкен айна. Содан кейін сіз мейманжайдың енеді. Жарқын ұзақ перделер артқы аударғым, күн бөлме толтырады. серванта, кітап шкафы, диван және әсем журналдық үстел және үш дуалмен бойымен орналасқан үш кафедралардың тұрады жиһаз жиынтығы. терезе жанында бейне жүйесі болып табылады. Бірінші қабатта тағамдар мен жуынатын бөлме бар. ас өте үлкен және күзгі орман пікір бар жақсы үлкен терезелер жайлы болып табылады.
4,4(91 оценок)
Ответ:
rom252
rom252
08.11.2020

Менің сүйікті спортым.

Әр адамның өзінің талғамы мен икеміне сай спорт түрі бар. Мысалға, біреулер қарсылартармен жекпе – жекке шығып, күш сынасқанды ұнатса, енді кейбір адамдар керісінше, қарсыластарын логикасымен жеңгенді ұнатады, тағы біреулері жылдамдықпен байланысты спорт түрлерін жақсы көреді.

Осы орайда, менің сүйікті спорт түрім – мәнерлеп сырғанау. Бұл спорт түрінде спортшы конькимен сырғанап, музыка сазына сәйкес әсем қимыл жасайды. Мәнерлеп сырғанау алғаш рет Ұлыбританияда пайда болған. 1763 ж. Лондонда Б.Вест мәнерлеп сырғанаудан алғаш рет өнер көрсеткен. Мәнерлеп сырғанаудың жекелей, жұптасып, топтасып сырғанау және мұздағы би түрлері бар. Жекелеп сырғанауда міндетті және еркін жаттығудан спортшы өзінің қабілеті мен шеберлігін көрсетеді, ал жұптасып сырғанауға жігіт пен қыз қатысады. Мәнерлеп сырғанауда қозғалыс түрлі болуы мүмкін: баяу, немесе жылдам. Музыканың ырғағына байланысты спортшы түрлі қимылдар жасайды: айналады, секіреді, мұз үстінде жүгіреді. Мәнерлеп сырғанау адам бойында кербездік пен сұлулықты дамытып, адамды шыңдай түседі. Бірақ өте әдемі спорт түрі болғанымен қиындығы да қатар жүреді. Мысалға, айтатын болсақ, бұл спорт түрінде ауыр жарақаттар жиі кездеседі, екіншіден, жаттығу жұмыстары күнделікті бірнеше сағаттан болып отырады, көп қаражат пен уақытты талап етеді. Дегенмен, осы қиыншылықтардың бәрінен бас тартпай, осыншама әсем спорт түрімен айналысатын спортшылардың алдында бас игім келеді.

Мен болашақта үлкен спортшы болмасам да, бұл спорт түрімен өзім үшін айналысамын, сонымен қатар осы спорт түрінен өткізілетін барлық жарыстарды үзбей көріп отырамын.

4,5(61 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ