М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации

Мен өз халқымның салт-дәстүрін құрметтеймін шығарма 5 сынып буквально 80 слов (традиции и обычаи своего народа казахстан)

👇
Ответ:
ТвойВраг
ТвойВраг
30.10.2022
ҚАЗАҚТЫҢ САЛТ - ДӘСТҮРЛЕРІН ҚҰРМЕТТЕЙМІН

Қазақ халқы – салт - дәстүрге өте бай халық. Ал салт - дәстүрге бай болу елдің мәдениетті әрі тәрбиелі екенін айғақтайды. Жалпы салт - дәстүр деген не, соған тоқталып өтейік. Салт - дәстүр – ел өмірімен біте қайнасып кеткен рухани және мәдени азық. Біздің халқымыз өз ұрпақтарын қасиетті салт - дәстүрмен, өнегелі әдет - ғұрыппен, ырым - тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл мен инабатты қызды теріс жолға түсірмей тәрбиелей білген. Б. Момышұлы «мен өзімнің ұрыстағы тәжірибемнен жауынгерлік қасиетті тәрбилеуде ұлттық дәстүрдің маңызы зор екеніне көзім жетті» деп жазады. Бұдан отаншылдық, ерлік, мәрттік, жомарттық, адамгершілік қасиеттердің бәрі салт - дәстүр арқылы даритынын түсінуге болады. Яғни, салт - дәстүр адамды адастырмас тура жолмен жүруге, жөн - жосықты біліп, үйренуге және өмірде қолдануға үгіттейтін мызғымас заң іспетті десек те болады.

Қазіргі таңда салт - дәстүрлеріміздің ұмытылып бара жатқаны және оны тек наурыз мерекесінде есімізге түсіретініміз маған ұнамайды. Бұлай жалғаса берсе түбі бір құртылмайтынына кім кепіл, кім куә? Жетпіс жыл бойы жетесіз әрі қанқұйлы тәртіптің қырсығынан ұлт дәстүрлерінің ережесі бұзылады. Біреулері ұмытылды, біреулеріне тыйым салынды. Салт - дәстүр мен әдет - ғұрыпсыз ел әдепсіздік пен берекетсіздікке салынуы мүмкін. Осындай зиянды жақтарды біле отырып мен жұдырықтай жүрегіммен қолыма қалам алып, салт - дәстүр арқылы қалай өзім секілді жеткіншектердің отанға деген патриоттық сезімдерін арттыра аламын деген ой қозғамақпын. Ел боламын десең бесігіңді түзе демекші ең алдымен отанға деген сүйіспеншілікті салт - дәстүрді түзеуден бастау керек. Бұл арқылы бала салт - дәстүрін білсе тарихын таниды, ал тарихын білу отанды тану. Бала түгіл үлкен адамдарда біле бермейтін салт - дәстүр түрлері өте көп. Солардың бір түрі белкөтерер салты. «Тоқсан көтеремін деген жасым бар еді, быламық ішемін деген асым бар еді» деп бұрынғы қариялар айтпақшы, жасы келген адамдардың тісі болған соң тамақ іше алмайды. Мұндай жағдайда оларға арнап «белкөтерер» тағамы дайындалады. Бұл әрі жұмсақ, әрі дәмді, нәрі мол тамақтардан дайындалады. Мұны балалары, көрші - көлемдер, сыйлас кісілер әдейі дайындап әкеледі. Бұған риза болған қарт батасын береді. Біз бұдан халқымыздың жасы үлкен адамдары сыйлаудың, бағып - қағудың үлгісін көреміз. «Белкөтерер» аурудан жаңа тұрған адамдарға, сол сияқты «Наурыз», «Айт» күндері де үлкендерге әдейі тартылады. Наурыз мерекесі жақындап келе жатыр. Осындайда жасы үлкен қарияларға белкөтерер дайындап берсек алғысын аламыз. Тек наурызда ғана емес әркез дайындап беріп тұрсақ салт - дәстүрімізге деген құрмет болар еді.

Біз балаларды қалай патриоттыққа тәрбиелей аламыз дейміз. Қай бала патриот болсын әз наурызды өз жаңа жылын асыға күтпесе. Орыстардың жаңа жылында аспанға түрлі - түрлі от шашулар шашып ат шапанын сүйретіп алыстан аяз ата келеді. Ал әз наурызда да Қыдыр атамыз келеді. Қыдыр ата жақсылық жасаушы ырыс, құт, несібе жасау, бақыт сыйлаушы қарт. Әр балаға Қыдыр ата келіп арман - тілектеріңді орындайды десек бала арманын айтып Қыдыр атаны сағынып күтеді және наурызды да асыға күтіп отырады. Отбасында ата - ана, мектепте ұстаз, көпшілік ортада ақсақалдар жастарға салт - дәстүрлерін үйретіп, айтып отырса, ұтарымыз көп болар еді. Құрдастарымның, сыныптастарымның бойына қазақтың салт - дәстүріне деген қызығушылықты қалыптастырып, қазақ халқының салт - дәстүрі мен әдет - ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындырып, олардың бойына адамгершілік, имандылық қасиеттерін қалыптастыра алдым деп ойлаймын. Балалар, үлкенге – сәлем, қуантқанға – сүйінші, соғымнан – сыбаға, егіннен – кеусен, малдан – көгендік, балаға – базарлық, кішіге – байғазы, сәбиге – көрімдік, көрші қонғанға – ерулік, жетім - жесірге – қолқайыр, мүсәпірге – садақа, алғашқы қымыздан – қымызмұрындық, соңғы қымыздан – сіргежияр, сағынғанға – сәлемдеме, қуанышқа – шашу шашып ешқашан салт - дәстүрімізді ұмытпай, қазақ деген халықтың патриот ұрпағы болып атын шығара беріңіздер демекпін. Бұл жазылған шығармам біреуге жай сөз болып қалар, біреулерге қамшы болып тиетініне көзім жетеді.
4,6(35 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
zhan05041976
zhan05041976
30.10.2022
Ана” үш әріптен құралған киелі де қастерлі сөз. Әркімнің анасы бар. Сол аналарды құрмет тұтып, қастерлеу біздің борышымыз. Ана түн ұйқысын төрт бөліп біздерді әлпештеп өсіреді. Біздерді басқа балалардан кем болмасын деп алдымызға барын тосады.
Біздер аналарымыздың қадірін білуіміз керек. Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды. Ана бір қолымен бесікті тербетсе, енді бір қолымен әлемді тербетеді. “Алып анадан туады , ат биеден туады” демекші біздің елбасымыз да, елге белгілі әншілеріміз де, жұдырығы балғадай палуандарымыз да, қайтпас қайсар спортшыларымыз да анадан жаралған. Бұл айтылған тұлғалардың барлығы дерлік қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсірген аналарының арқасында осындай дәрежеге жетіп отыр. Аналарының қолдау болмағанда олар бұндай болар ма еді? Ана алдындағы борыш анаңды меккеге үш рет арқалап апарсаңда өтелмес деген осы.
Оқырмандарға белгілі жазушыларымыздың бірі Ғабит Мүсірепов ана туралы көп қалам тербеген. Оның бізге “Өлімді жеңген Ана”, “Ғазиз ана”, “Ананың анасы”, “Ер ана”, “Ақлима”тәрізді әңгімелері белгілі. Шығармашылығының басым бөлігі анаға арналғандықтан жазушының әйел адамға , анасына деген көзқарасы ерекше болғаны айқын байқалады.
Менің де анам бар. Ол мектепте мұғалім болып жұмыс істейді. Мен анамды қатты жақсы көремін. Себебі, ол мені өмірге әкеліп, барын алдыма тосып, әлпештеп өсірді. Мен анама ризамын.Мен мына өлең шумақтарын аяулы анама арнаймын:
Нұрын шашқан күніміз,
Айжұлдызды түніміз.
Мәпелеген қамқоршым,
Ана біздің гүліміз.
Мен бұл сөзімді “Адам “адам” болғысы келсе, алдымен анасын құрметтей білуі керек” деп аяқтаймын. Себебі, анасын сыйламаған адам болып жарытпас.
4,7(27 оценок)
Ответ:
butovobrazz
butovobrazz
30.10.2022
Ата-аналарға Жаңа жылға сыйлық сатып алу – оңай әрі бір мезгілде қиын болып табылады.  Ұсыныстардың көптігі соншалық, сыйлық таңдау қиын емес. Бірақ әркім ата-атаға арналған сыйлық ерекше, өз жүрек жылуының бөлшегі болғанын қалайды. Жаңа жылды сыйлықсыз елестетуге болмайды. Тосын сый мен тартулардың көбі балаларға келеді. Себебі, Аяз Атаның қапшығының өзі солардың тапсырыстарына толы болады Ал сол балалардың ата-әжесіне, өзіміздің ата-анамызға сыйлық таңдау өте қиын. Үлкен кісілердің көңіл-күйін көтеріп, жағдайын жақсарту үшін не сыйлау қажет? Қалыпты тiршiлiк ету үшiн адамның барлық дене мүшелеріне (соның ішінде миға) оттегі керек. Бiз белсенді қозғалып, спортпен шұғылданғанда, қан оттегіні ағза бойына жақсы таратады. Жүйелi жаттығулардың арқасында жасушаларды оттегімен және басқа қоректендiргiш заттармен қанықтыратын жаңа қан тамырлары пайда болады. Бірқалыпты дене жаттығулары егде адамдар үшiн өте пайдалы. Ата-ананаңызға хауызға абонемент сыйға тартыңыз немесе үй ауданы үлкен болса, үстел пинг-понгын алып беріңіз.Ғалымдар пинг-понгтың есте сақтау қабілетін жақсартуға көмектесетiнін дәлелдеген. Үстел теннисін ойнау кезінде жүрек-тамыр және тыныс жүйелерi үшiн пайдалы белсендi қозғалыстардан басқа, ми да үнемi жұмыс iстейдi, - ойыншы доптың ұшу бағытын ойша елестетеді, өзінің соғу стратегиясын ойында сақтайды және осы барлық ой бір секундтың мыңыншы бөлігінің ішінде қимылмен үйлестiріледi! Сонымен бiрге, пинг-понг добы өз алдына тамаша тренажер: оның қозғалыстарын қадағалай отырып, адам көз бұлшық еттерi мен тепе-теңдiк аппаратын жаттықтырады.
4,5(83 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ