Орхон-Енисей ескерткіштері алғаш Орхон өзеніні бойынан (Екінші түркі қағандығы кезі) табылды, кейін Енисей өзенінің жоғарғы ағысында (Қырғыз қағандығы). Кейде руник жазбасы дейді, алман руналарынынан жанасым тауып (кейбір нышандар кескіні дәл келіп тұр, дауысты мағынасы да жақын). Азиялық түркі руналары соғды жазуының негізінде ВЫЫЫ ғ. бұрын жасалған деп есептеледі. Оның әліпбиінде 40-қа жуық графема бар. Көне түркі руника жазуы ерекшелігі - онда негізгі велярлық және палаталдық дауыссыздарға арналған бірнеше жұп дербес әріптер бар. Көне түркі руника жазуы жұмбағын 1893 жылы В. Томсен шешкен. Орхон ескерткіштерінің тұңғыш тәржімаларын 1894 жылы В.В. Радлов жасаған.
Объяснение:
осы дұрыс
Тастанбекқызы Сара (1878-1916) - айтыскер ақын. Туған жері қазіргі Алматы облысының Қапал ауданы. Руы-Найман.
Сара Тастанбекқызы Абайдың көзін көріп, онымен замандас болған тұлға. Оның өмір жолын оқып, ауыр тағдырына үңіліп көрсеңіз сол кезеңдегі әйел теңсіздігінің қандай болғанын шамалайсыз. Расында да, Сараның басына түскен тауқыметті екінің бірі көтере алмас еді. Ол үш жасында әкесінен айрылып, анасы екеуі жетімдік пен жоқшылықтың зардабын көрді. Бұларды алғашында қамқорына алған немере ағасы Жайсаңбекке де жала жабылып, ол ертеректе қамалып кеткен болатын.
Онсыз да әбден қиыншылықта бой жеткен қыз бен оның жесір анасын Тұрысбек қажы деген кісі алғашында өз ауылына көшіріп әкелген. Кейін ол Сараны кеміс туған бай баласы Жиенқұлмен атастырып, одан қыздың қалыңмалын алады. Мұны естіген Есімбек қажы дау шығарып, Сараны өз ауылына көшіреді. Алайда, бұл жағдай ақын қыздың өмірін жеңілдеткен жоқ.
Тек Біржан салдың Сара ауылына келген сапарынан кейін ғана жетімнің өмірі өзгере бастады. Барлығы да осы екі ақынның айтысынан кейін, әрине. Таңды таңға ұрып айтысқан Біржан мен Сара сол маңдағы бүкіл жұртты тамаша өнерімен тамсандырған. Нәтижесінде ақын қыздың абыройы ел алдында бірден көтеріліп, халықтың оған қошеметі артты. Сараның тағдыр тізгінінің өз қолдарынан сусып шығып бара жатқанын сезген қажылар да көпке көренеу қарсы шыға алмай, оның басына бостандық береді. Сөйтіп ақын Сара өзінің асқан дарынының арқасыңда теңдікке қол жеткізіп, он тоғыз жасында өз теңі Алтынбекұлы Бекбай дегенге тұрмысқа шығады.
Сара мен Абайдың кездесуі жайында «Абай жолы» романында айтылады. Ұлы ақынның перзенті Әбіш қайтыс болғанда Найман елінің игі жақсыларымен бірге Сара да Абай ауылына келеді. Алайда ақын қыздың өзі де мұнан кейін көп ұзаған жоқ, жастайынан әбден қиындық көріп өскен ол ауруға шалдығып, ерте көз жұмған. Оның артынан "Жүрек", "Ашындым", "Арсалаң аға алдыңда", "Жүрек сыры", "Жайлауда", "Әбіштің аруағына", "Хош бол, елім" секілді көптеген өлендері мен "Тұзақ" атты дастаны қалды.
Адамның мен де сондай ұқыбы жоқ,
Құр тілді санап жүрген көңіліне тоқ.
Қағазға жалғыз сөзім түспеген соң,
Ұмтылып қалар Сара құр аңыз боп.
Сара апа, сіз ұмытылмадыңыз. Сізді есте сақтап құрмет тұтатын адамдар бар әлі күнге дейін.
Сара Тастанбекқызының өлеңдер жинағы мен кітабы бар.
Объяснение:
Құстар қос мекенділерге жатады. Яғни жер де, көк те құстың мекені болып саналады. Көк - құстың еркін мекені. Ал жерде көктегі сияқты емін - еркін сайраңдай алмайды. Себебі жерде оларға төнетін қауіп көп. Құстарды көбіне жердің бетінде жүргенде бірден ұстап алу қиын. Себебі құстар көп жағдайда адамдардан үркіп тұрады. Солай үйреткен де. Кейбір адамдар құсты ебін тауып ұстап алса, оларды ойыншыққа айналдырып, алғымына жіп байлап, қанатын кесіп қорлағысы келеді де тұрады. Құстарды үркек қылып қойған өзіміз. Олар неге адамдарды көрсе үрке қарайды? Олар өте сезімтал. Қай жер өзіне құт - мекен бола алатынын ерте бұрын - ақ сезген. Сөйтіп, олар көкте қанаттарын оңды - солды сермеп ұша алады. Өйткені оларға көктен төнетін ешқандай қауіп жоқ.
Орнитология - құстардың дамуы, физиологиясын, жер бетіне таралуын зерттейтін ғылым саласы. Олар зерттеген құстарын мынадай топтарға бөлген. Мысалы, жүгіретін құстар, ұшатын құстар, ашық далалы алқаптардағы құстар, жыл құстары, қыстап шығатын құстар, сұңқартәріздес, тырнатәріздес, жапалақтәріздестер, торғайтәріздестер деп бөлген.
Биолог мамандар құстарға төнген мынандай қауіптер дерегін келтіреді. Яғни, қоршаған ортаның ластануынан, құстардың көптеген түрі жоғалу үстінде. Себебі олардың мекен ететін ағаш жапырақтарына дейін қысқа болып тұр. Ал адамдардың серуені кезінде, құстардың ұяларын бұзып, құстарды үркітіп, мекен - жайларын ауыстыруға әкеліп тірейді.