М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
negricho
negricho
01.03.2022 16:35 •  Қазақ тiлi

Нужно в правильном порядке расставить слова 1)құнды, деректер, көп, она, болды. 2)жаркент арқылы, жібек жолы, өткен. 3)қазақстан мен қытай, сауда қатынасы жолы, арасындағы, жаркент арқылы, өтті. 4)өсті, ең, ағаш, көрі, жаркентте, қазақстандағы. 5), егіншілікпен, айналысқан, жаркент халқы. если можно то быстрей

👇
Ответ:
alina1749
alina1749
01.03.2022
1)Онда қүнды деректер көп болды.
2)Жібек жолы Жаркент арқылы өткен.
3)Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда қатынасы жолы Жаркент арқылы өтті
4)Жаркентте Қазақстандағы ең кəрі ағаш өсті.
5)Жаркент халқы саудамен,егіншілікпен айналысқан.
4,5(36 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
кира674
кира674
01.03.2022

Су — сутегі мен оттегінің қалыпты жағдайларда тұрақтылығын сақтайтын қарапайым химиялық қосылысы. Ауыз су, тіршілік көзі, ол Жер шарының 3 / 4 бөлігін алады, тірі ағзалардың 60-70%-ы, ал өсімдіктердің 90 % -ы судан тұрады.[1]

Жер бетінде тіршілік ең алғаш сулы ортада пайда болды. Су — бүкіл тіршілік иелерінің негізгі құрамдас бөлігі. Бұдан басқа судың тіршілік үшін физикалық-химиялық қасиеттердің: жоғары жылу өткізгіштік және жылу сыйымдылық, жоғары тығыздық, ауа тығыздығының шамамен 800 есе артуы, мөлдірлік, тұтқырлық, қатқан кезде мұздың көлемін ұлғайтуы және тағы басқа қолайлы қасиеттері болады. Біржасушалы және к ағзалар жасушаларының биохимиялық үдерістерінің барлығы сулы ортада өтеді. Су әр түрлі климаттық жағдайлардағы физиологиялық үдерістердің қалыпты өтуіне себепкер болады. Ол сондай-ақ көптеген минералдық және ағзалық заттардың жақсы еруіне себепкер бола алады. Табиғи су құрамында сан алуан тұздың болатыны да сондықтан. Ағзалар жұғымды заттарды тек еріген түрінде сіңіреді.

    Сонымен бірге сулы ортаның бірқатар жетімсіздіктері де бар, олар тірі ағзаларға қолайсыз әсер етеді. Мәселен, судың қысымының көбірек артуы және оттегімен нашар канығуы мұхит тұңғиығындағы суда тіршілік ететін ағзалар тіршілігіне кедергі келтіреді. Су құрамындағы оттегінің мөлшері атмосферадағы құрамынан шамамен 20 есе төмен болады. Жарық 200 м тереңдікке өтеді, сондықтан теңіздер мен мұхиттарда тіршітк ететін ағзалар жарьмсыз ортада өмір сүруге бейімделеді. Теңіз және тұщы су құрамьндағы тұздар мөлшері біркелкі болмайды. Мәселен, теңіз суы натрий хлориды мен магний сульфатының тұздарына бай, ал тұщы су құрамында кальций және карбонат иондары көп мөлшерде болады. Сулы ортаны мекендейтіп ағзалар сан алуан, олар бір биологиялық топқа — гидробионттарға бірігеді. Олардың барлығы сулы орта факторларының әр түрлі құбылуына бейімделді.

я хз сколько слов но вродь 150

4,6(56 оценок)
Ответ:
Лаура81и
Лаура81и
01.03.2022

Объяснение:

Мұрат Мөңкеұлы қазақ халқының суырып салма ақыны, төкпе жырауы болып табылады. Ол отаршылдық заманында қазақ жұртының қаналып, әбден қажыған сәтінде елдің жарасын жамап, қарапайым халықты өлең жырларымен рухтандырып отырған. Ел тәуелсіздігін аңсап, халықтың бүгіні мен кешесін сынай отырып, салыстырған. Ал ақынның «Үш қиян» өлеңінде халықтың қара шаңырағы шайқалып, босағасы тари түскендігін қара өлеңінде айқара көрсетіп, баяндай білген. Адам пиғылының арамданып, заманының азғандығын ашына сөз етеді.

«Заманнан заман оралған,

Дүние шіркін соны алған.

Адыра қалғыр бұл қоныс

Қайырсыз екен озалдан – деген бір шумақ өлеңнің өзінде терең мағына жатыр. Сол кезеңдегі адамдардың өзгеруі, бірін бірі сыйламағандығы, тіпті көреалмаушылығы анық байқалады.

Ал осы өлең арқылы замана келбеті қалай ашылған? Біз оны байқай аламыз ба? Мұрат Мөңкеұлы өзінің ақындық дарыны мен заманға қарап түйген ойы арқылы осы өлеңде бізге қоғам өмірін, қазақ тағдырын ашып көрсеткен. Ең алдымен ата баба қанын төгіп қорғап, қол салғызбай мәпелеп келе жатқан жерді тартып алуын:

Еділді тартып алғаны–

Етекке қолды салғаны.

Жайықты тартып алғаны–

Жағаға қолды салғаны...

– деп ашына айтқан сөзінен замана шындығын байқаймыз. Сол кездің өзінде орыстардың қазақ халқы амалсыздан орыстарға бодан болып, бас бостандығынан айрылғаны жүрекке ауыр тиеді. Ал осы өлең арқылы Мұрат замана шындығын қалай жеткізген? Бұл өлең арқылы біз қазақтардың басынан өткен қиыншылықтарды қалай көре аламыз?

Қазақ халқы ерте заманнан бостандық пен еркіндікті, кең дала төсінде жүрген шағын аңсайды. Осының өзі ақынның өлеңіндегі көріністі аңғартады. Бұндай ащы шындықты жырлайтын толғау арқылы қазақ өмірін, тіпті ішерге ас, киерге киім таппай қиналған адам өмірін көре аламыз. Бастан өткерген қиындығы, көп ауыртпалық көргені, өз үйінде шалқып жүре алмағандығы да байқалады.

Менің пайымдауым бойынша, ақын болашақ ұрпақтың өмірі үшін алаңдаған. Солар үшін уайым кешіп, оларға ешкім қиянат істемесе екен деп күңірене толғанады. « Ащы суға тойдырып, шашын, мұртын қойдырып, ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан ата баба мұрасы бұзылар ма?!» деп қорыққан. Бұның өзі ата бабамыз қиын жағдайда өмір сүрседе, келешектің қамын ойлауы олардың данагөйлігін, көрегенділігін танытады. Құдайға шүкір, қазір біз бейбітөмір кешудеміз. Тәуелсіздік жолында қан төгіп, жанын берген азаматтарымыздың аңсаған азаттығына біз жетіп отырмыз. Әрине, бұл осы кісілердің арқасы деп білемін.

Қорыта келе, Мұрат Мөңкеұлы өз толғауы арқылы замана шындығы мен қулығын танытып, сол кезеңдегі қазақ халқының құрып кетпей, қаншама қиындықтарға төзе білгені үлкен ерлік деп есептеймін. Ақын сол арқылы бізді табандылыққа ьәрбиелей отырып, еркіндіктің қадірін бағаласын деп дәріптегендей.

4,5(57 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ