Объяснение:
Жазушының «Мексика ұлы» әңгімесі қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті он сегіз жасар мексикалық Ривера мен жиырма төрт жасар ақ нәсілді ақша үшін рингке шығатын боксер Дэнни Уорд арасындағы жекпе-жек арқылы көрсеткен. Әңгімеде бойындағы намысшылдық, жігерлілік, сабырлылық, төзімділік, өз ұлтына деген сүйіспеншілік күш-қуат берген Ривера өзінен әлдеқайда айлакер, тәжірибелі Дэнниден басым түседі. Шығарма идеясы әділеттілік әр уақытта әділетсіздікті жеңеді деген ойға саяды. Дыбыстау тілі: қазақша
Менің кіндік қаным тамып, алғаш тәй-тәй басқан, алғаш «ана» деп күлім қаққан, киелі жерім, атамекенім бар, ол – тәуелсіз Қазақстан. Халық даналығы «Әркімге өз туған жері Мысыр шаһары» деп бекерге айтпаған.
Төбесі көкке тірелген таулары бар, көк-жасыл орман-тоғайлары бар, асу-асу белдері бар, қойнауы алтын астық пен малға толған кең жазира даласы бар Қазақстан әлемге әйгілі өте бай ел. Табиғаты әр алуан жан -жануарларға толы, аққулы көлдері бар, тулаған толқынды теңіздері бар, әсем қалалары бар достығы жарасқан көпұлтты мемлекет. Әнұранымен әйгілі, Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі егемен елімізге қызыға қарамайтын ел жоқ шығар.
Мен өз елімді мақтан тұтамын. Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында жыл өткен сайын еліміз қарқынды дамып келеді. Қазақстанның әлемдік картада өзіндік ерекше орны бар. Қазақстандай дархан елде қаншама ұлт өкілдері тату - тәтті, бейбіт өмір сүріп жатыр.
Туған жерін жырға қоспаған, туған жері жайлы толғанбаған ақын-жазушылар жер бетінде жоқ шығар.
Менің туып өскен жерім егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, неше түрлі жануарлар өмір сүреді.
Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау әрбір азаматтың бірінші міндеті. Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген.
Объяснение:
вот надеюсь что помагла
это эссе на "Менің елім бай ел"
Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары биыл қыста төрт мұз қалашығын қызықтай алады, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің мәдениет басқармасы.
Қаладағы мұз қалашықтарының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Мұз қалашық еліміздің бас шыршасы жағылған 18 желтоқсаннан бастап ашылады.
Биыл Астанада Жаңа жыл мерекесіне арналған бас шырша Тәуелсіздік күнінен кейін, 18 желтоқсанда «Хан шатыр» ойын-сауық орталығының жанында жағылады. Жыл сайын шырша 1 желтоқсан күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен жанатын. Биыл Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай, қала алдымен Тәуелсіздік мерекесіне дайындалып жатыр.
Елордада Жаңа жыл мерекесіне орай барлығы 17 шырша орнатылады. Бір ғана Есіл ауданы мен Үркер, Қаламаңы тұрғын алқаптарында 10 шырша орнату жоспарланған. Биылғы жаңажылдық безендірудің басты нышаны — Тауық қана емес, еліміздің басты оқиғасы — ЭКСПО көрмесі де болады.
Айта кетейік, Астанада ашық аспан астындағы ең үлкен мұз айдыны «Арай» саябағында салынып жатыр. 250 адамға арналған мұз айдынының жалпы аумағы — 5 мың шаршы метр.
Қалалық мәдениет басқармасының хабарлауынша, биыл мұз қалашықтар «Хан шатыр» ойын-сауық орталығының жанында, қалалық әкімдік жанындағы алаңда, Есіл өзенінің жағалауында, «Студенттер» паркінің жанында орналаспақ.
«Былтырғы тәжірибеге сүйенек, қала халқы мұз қалашықтарға өте көп барған. Сондықтан, биыл да мереке күндері мен демалыс кезінде халыққа арнап әр түрлі көңіл көтеру бағдарламаларын, флешмобтар мен жарыстар ұйымдастырмақпыз. Бұл шаралардың мақсаты – елорда халқының демалысын көңілді ету әрі салауатты өмір салтын қалыптастыру», – дейді мәдениет басқармасының ба з қызметі.