1. Таудың етек жағынан көліктің
гүрілдеген дыбысы естілді. Көлікпен
келген альпинист Ербол мен Қанат
еді. Олардың басты мақсаты –
алдарында тұрған таудың ең биік
нүктесіне жету.
2. Альпинистер тауға шықпай тұрып,
алдымен қолдарына алған
карталарына таудың әр жолын
белгілеп алды. Себебі олар осыған
дейін картасыз жүріп, кейде адасқан
уақыттары да болды. Сондықтан осы
Жолы картаға Жолды алдын ала
белгілеп алуды жөн көрді.
3. Біраз уақыт өтіп, таудың шыңына да
тақап қалды. Таудың ең биік
І нүктесіне келген соң, сөмкелерінен
туды алып шығып, таудың шыңына
тікті. Ол – олардың жеңісінің белгісі.
Объяснение:
проверено в онлайн мектепе
Объяснение:
Барлық өнердің ішіндегі біз үшін ең маңыздысы – кино!” Осыдан ғасырға жуық уақыт бұрын көтерілген қызыл көсем ұраны әлі күнге өз өзектілігін жойған жоқ. Жоймақ тұрмақ, бұл өнер маңызы күн өткен сайын үдей түсуде. Өйткені, әлемдік ықпал үшін күрес жаңа ғасырда жаңа сипатқа ие болды. Жер-жаһанды қаруға жалындырмақ пиғылдың күні өтіп, ендігі жерде ол әрекет әлемді ауызға қаратудың жаңа тәсіліне аяқ басты. Оны мәдени-идеологиялық майдан дер едік. Мұнда жеңіске жеткендер Кеңес Одағы сынды тұлабойы толған қару империяның өзін бір оқ шығармай, мұрттай ұшыра білді. Неге? КСРО-да әр фильм өндірісіне долларға шаққанда 1 миллиондай қаржы жұмсалатын. Ал АҚШ-та сол кездің өзінде әр кинолентаға орта есеппен 20 миллиондай қаржы беріліп жатты. Бір фильмнен алатын сценарист қаламақысы Кеңес Одағында 10 мың долларға әрең жетсе, АҚШ-та сол кездің өзінде ол 500 мың долларға дейін баратын. Нәтижесінде, Америка киносы өткен ғасыр аяғында әлемдік экранды жаулады. Кеңес киносы болса өз көрермендеріне өзі ие бола алмай жатты. Олай дейтініміз, сол кездегі аға-апаларымыз шетел киносы дегенде кинотеатрларға қойдай қаптайтын. Бұл мәдени-идеологиялық майдандағы көрінеу жеңіліс еді. Күні кеше көз алдымызда өткен осынау тарих сабағын бүгін біз әдейі еске алып отырмыз. Ондағы ой мәдени-идеологиялық күрестің ойыншық емес екенін қаперге салу. Бұл бүгінде де солай. Себебі, мәдениет пен өнердің көш басында аудиториясы төрткүл дүниені төріне отырғызған кино-телеэкран тұр. Бұл фактормен санаспаған ел, сөз жоқ, күндердің күнінде осы сала дамыған елдердің ықпалында кетпек. Экран, әсіресе, телеэкран біз жоғарыда айтқан майдандағы бір жойқын қару. Өтпелі кезең мен дағдарыстан енді-енді ес жия бастаған қазақ қауымы бүгінде кино төңірегінде қызыл кеңірдек айтыса бастаса, онысы сол шындықты мойындаудан, сол шетелдік жойқын шабуыл салдарларын сезуден, шошудан болуы мүмкін.
Шығарма.
Салауатты өмір салты.
Салауатты өмір салты — бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Үлкен кісілер « Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деп бекер айтпаса керек, себебі дені сау адам – мемлекеттің ең басты капиталы.
Соңғы кездері салауатты өмір салтына аса мән беріліп, бұл мәселе қолға алынып келеді. Өсіп келе жатқан ұрпақтың жадына жастайынан денсаулықтың қадірін білуді, өз денсаулықтарына үлкен жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруымыз керек.
Денсаулық дегеніміз – адам жаны мен тәнінің амандығы, өмірдегі баға жетпес құндылық, ең басты байлық. Адам өмірінде денсаулықтың орны бөлек, әрі ерекше. Байлығымыз асып – тасып жатқанымен, денсаулығымыз жоқ болса, байлықтың не керегі бар?
Қазіргі кезде елімізде халықтың денсаулығын нығайту жолында біршама шаруалар атқарылып, үкімет осы салаға ерекше көңіл бөліп отыр.
Өз басым күнделікті спортпен айналысуды күн тәртібіме кірістіріп қойдым, таңертең бір мезгіл жүгіріп, кешке арнайы жаттығулар жасамақпын.
Спортпен шұғылданудың арқасында денім сау, ал өзім шымыр боламын.
Денсаулық баға жетпес құндылық болғандықтан, біз салауатты өмір салтын ұстанып, денсаулығымызды күтуіміз керек. Сонымен қатар, соңғы уақытта дұрыс тамақтану да өзекті болып отыр. Бұл да оң өзгеріс деп санаймын.
Сонымен мен өз-өзіме денсаулығымды күтіп, спортпен шұғылданып, дұрыс тамақтануға уәде бердім.