Қазіргі заманғы сән – суықтан қорғануға немесе әдемі болып көрінуге арналған зат ғана емес. Киім – бұл ең алдымен адамның ішкі дүниесінің көрінісі, өзін-өзі бағалауды көтерудің амалы және қоғамда алатын орнының белгісі. Сән сөзін естіген кезде, көзімізге стильді және сәтті адамды елестетеміз. Бұл үлкен бизнес. Күн сайын біз жарқыраған дүкен терезелерінің жанынан өтеміз. Автобустарда, теледидарда және газеттердегі жарнамаларды көреміз. Сондықтан, біз атақты брендтердің киімін киіуге тырысамыз. Көптеген жасөспірімдер, достары мен таныстарының сыртқы келбетіне тым көп назар аударады. Өкінішке орай, егер ата-аналары балаларына сәнді киімдерді сатып бере алмаса, олар жолдастарының қасында өздерін төмен сезінеді. Осылайша, киім адамдарды әлеуметтік топтарға бөледі. Менің ойымша, әр адамның өзіндік стилі және ерекше көрінісі болады. Ол киімді өзінің талғамына, жасына, жұмысына, дене бітіміне және мінезіне сәйкес таңдауы керек. Мен сәнге көп мән бермейтінімді қуана хабарлаймын. Басқа адамдар не киіп жүргеніне қарамаймын. Ең бастысы – киімім дәл және сұлу болғаны жеткілікті. Қыздардың ашық киімдерді киюіне қарсымын. Сондай-ақ, жарқын макияж жасауды ұнататын, шашын және тырнақтарын әртүрлі түстерге жиі бояйтын адамдарды қолдамаймын. Бұл ақшаны далаға лақтырғанмен бірдей.
Татулық пен достық – мағынасы тереңде жатқан асыл сөз. Қазақта «жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас» болмаса «жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен жүріп адас», немесе «бөлінгенді бөрі жейді» деген аталы сөзі бар. Жалғыз адам айдалада өскен ағашпен тең. Сондықтан да «Жалғыздық құдайға ғана жарасқан, адамның күні адаммен» дейді. Ал көппен қарым қатынаста болу-береке, бірліктің, татулықтың ізгі бастауы болмақ. А әр атқан таңдағы күнін игілікті істермен бастап, берекелі тірлік етсе, айналасындағы жандарға шапағатын тигізсе нұр үстіне нұр болары сөзсіз. Ізгі ниетті, жаны таза адал жандар осылайша көптің «алтын алма, алғыс ал, алтын деген жер сыйы, алғыс деген ел сыйына» ие болады.
Татулық пен достық – ынтымағы жарасқан көп ұлтты қазақ елінің ежелден қонақжай табиғаты.
Татулық пен достық – айналадағы дос құрбыларыңның өзіңе деген құрметі. Ойыңдағы сырды айтып бөлісер, адал дос адамға әрқашан қажет. Досыңа адал болу қасиетіде арадағы татулық пен сыйластықтан туады. Ал ешкіммен тату болмасаң, досыңа көмек керек жерде болы ң, олармен бірікпесең кімді серік етесің! Ендеше «татулық – бұзылмайтын қорған» екені рас.
Объяснение:
думаю правильно