Атан түйе шөккен жер деп аталған.
Шайқаста Райымбек батыр ауыр жараланады. Бұл оның жасы сексенге тақаған кезі еді. Райымбек батыр еліне: "Мені ана тұрған ақ атанға отырғызып, көштің басын Хантəңіріге түзеңдер. Жете алмасақ, дəмнің таусылғаны. Ақ атан шөккен жерге елді қоныстандырыңдар. Менің де сүйегімді сол жерге табыс етіңдер", - депті.
Бəрі қарт батыр айтқандай болады. Ел көшін тауға қарай бұрады. Ұзақ жол жүреді. Көш қазіргі Алматы қаласы Райымбек даңғылы бойындағы Орталық зират орналасқан жерге жетіп тоқтайды. Сол араға атан түйе де шөгеді. Ел жүгін түсіріп, осы араға қоныстанады. Көп ұзамай Райымбек батыр дүние салады. Батырдың зираты сол жерге орнайды.
Объяснение:
Сайыпқыран" атауы тек Ақсақ Темірге тән
Біз әдетте басылым беттерінен "сайыпқыран ұшқыш, жаужүрек батыр" сөз тіркестерін жиі кездестіреміз. Анығында, "сайыпқыран" сөзі парсы тіліндегі "Сахиб киран" сөзінен алынған, оның мағынасы "қыдырма жұлдыздардың (планеталардың) бір түзудің бойына келгенде туған бала туралы мәнге саятынын байқауға болады (Қазақ әдеби тілінің сөздігі, 12 том. Алматы: "Дәуір" ба , 549-б.).
Діни аңыз бойынша, осындай астрономиялық құбылыс сәтінде туған бала ержүректілік, асқан батырлық, алғырлық секілді қасиеттерге ие болады. Осындай мезетте дүниеге келген атақты қолбасшы Ақсақ Темір осы себептен сайыпқыран аталады. Темір – өмірінде жаудан жеңіліп көрмеген сайыпқыран, жұлдызы оңынан туған батыр болған.
Объяснение:
если правильно сделай лучший ответ ¿¡
Біз бейбітшілікті сүйеміз.
Біздің мемлекетімізде жүзден астам ұлт өкілдері өмір сүреді. Әрқайсысының жағдайын ойлап, басын біріктіріп, елімізде тыныштықты, бейбітшілікті сақтап отырған Елбасымыздың көреген саясатының арқасында деп білемін.
Әлемде ұлтаралық бірлігімен, татулығымен ерекшеленетін ұлт екенімізді ескерсек, тұрақтылық пен бейбітшілік үйлесім тапқан елміз. Сонымен қатар халықтардың өзара түсінушілігі мен берекесін тапқан бірлігінің арқасында да татулық діңгегі ажыраған емес.
Бейбітшілік болса, барлық жерде бақыт орнап, тыныштық болады.
Егер біз бір-бірімізбен тату болсақ, бейбітшілік, ынтымақтастықты ұстай алсақ, Тәуелсіздігіміз де мәңгі болмақ.
Біз болашақ жас ұрпақ Елбасымыздың саясаты мен жоспарын, кең байтақ дархан даламыздың көгінде тек бейбітшілік құсы ұшып, ұлтаралық келісім орнағанын қолдаймыз.
Әрбір азамат туған өлкесін, елін, жерін, салт-дәстүрін, тарихын құрметтейтін, сүйетін, мақтан тұтатын, Ұлтжанды азамат болу керек. Ол үшін өткенін біліп, бағалау керек. өзі туған қасиетті Отанын оттан да ыстық бағалау, сүю керек деп ойлаймын. Барлық әлемде тыныштық орнап, бейбіт заманның ғұмыры баянды болғай! Себебі барлығымыз да бейбіт заманда өмір сүруге лайықпыз деп есептеймін.