Вот
Объяснение:
Менің ойымша Қазақ әні бүкіл әлемді өз ерекшелігімен баурап алды.
Себебі мен оны былай түсіндіремін: Қазақ өнері сөзге бай өнер, ал өнер жұлдыздары ерекше дауысқа ие болғандықтан әр тыңдарманды жаурап ала алады.
Оны мен былай дәлелдей аламын. Мысалы, Әміре Қашаубаев өз ән стилімен Парижді таң қалдырса, ал Димаш Құдайбергенов ерекше дауысымен бүкіл Қытайды өзіне қаратты.
Осыған байланысты мен мынадай қорытындыға келдім: Қазақ өнерінің ерекшеліктерінің бірі оның сөз қорының молдығы. Осының арқасында біздің тіліміз мәңгі өмір сүреді деп айта аламын.
Объяснение:
Демографиялық саясат - [ көне грекше: демос - халық, көне грекше: грапһіо - жазу] - елдегі және аймақтағы халық санын реттеуге бағытталған мемлекеттің ішкі саясатының бір саласы. Халық саны - кез келген елдің дамуының аса маңызды факторы. Сондықтан мемлекет бұл саладағы мәселелерге көз жұмып, елемей қоя алмайды. Ол әлде халық санының өсуіне жағдай тудырады немесе оны қандай да бір жолдармен шектейді, әлде бұл мәселеге нақтылы араласпай, оның табиғи жолмен реттелуін бақылайды. Нақтылы негізделген Демографиялық саясат жүргізу үшін, әдетте, жүйелі түрде халық санағы жүргізіліп отырады. Демографиялық саясат шеңберінде халық құрамы мен құрылымы, өсуі мен өлімі, оның жұмысбастылығы, көші-қон мәселелері шешіледі. Белсенді Демографиялық саясат жүргізу дамыған және дамушы елдерге бірдей өзекті әрі маңызды болып табылады. Көптеген дамушы, әсіресе, халық саны көп елдерде қазіргі адамдардың өмір сүру деңгейі одан әрі құлдырап кетпеуі үшін адамның табиғи өсімін шектеуі, ал, дамыған елдерде керісінше, бала тууға ынталандыру шаралары жүзеге асырылады.[