М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
vika3475
vika3475
14.01.2020 11:05 •  Қазақ тiлi

Нужен реферат на тему гимн казахстана на казахском языке

👇
Ответ:
амаикем
амаикем
14.01.2020
Гимн – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Гректің «gimneo» сөзінен шыққан «гимн» термині «салтанатты ән» деген мағынаны білдіреді. Гимн ел азаматтарын тиімді әлеуметтік-саяси тұрғыдан топтастырып, этномәдени тұрғыдан теңдестіру үшін негізгі мәнге ие, маңызды дыбыстық рәміз саналады.

Тәуелсіз Қазақстанның тарихында еліміздің мемлекеттік гимні екі рет – 1992 және 2006 жылдары бекітілді.

Республика мемлекеттік егемендігін иеленгеннен кейін, 1992 жылы Қазақстан әнұранының музыкасы мен мәтініне байқау жарияланды. Байқау қорытындысы бойынша Қазақ КСР гимнінің музыкалық редакциясын сақтау туралы шешім қабылданды. Осылайша тәуелсіз Қазақстанның алғашқы гимінің музыкасының авторлары Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский және Латиф Хамиди болды. Сонымен қатар, үздік мәтінге жарияланған байқауда авторлар ұжымы, белгілі ақындар Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев және Жадыра Дәрібаева жеңіп шықты.

Елдің дыбыстық рәмізінің танымалдығын арттыру мақсатында 2006 жылы жаңа мемлекеттік гимн қабылданды. Оның негізі ретінде халықтың арасында кеңінен танымал «Менің Қазақстаным» патриоттық әні таңдап алынды. Ол әнді Шәмші Қалдаяқов 1956 жылы Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазған болатын. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әнге мемлекеттік гимн жоғары мәртебесін беру және анағұрлым салтанатты шырқалуы үшін музыкалық туындының бастапқы мәтінін өңдеді. Қазақстан Парламенті 2006 жылы 6 қаңтарда палаталардың бірлескен отырысында «Мемлекеттік рәміздер туралы» Жарлыққа тиісті түзету енгізіп, еліміздің жаңа мемлекеттік гимнін бекітті.

Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов

1.Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!

2.Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай,
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!
4,4(29 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
valeriy345
valeriy345
14.01.2020
Әлемнің жеті кереметі - бұл адамның ең ұлы туындылары болып саналатын сәулет ескерткіштері. 7 саны таңдалған. 7 саны осы санның толықтығы мен жетілдірілуі туралы идеялармен байланысты. Бұл сан Аполлонның қасиетті саны болды. Ғажайыптарды таңдау біртіндеп болғанын атап өткен жөн. Уақыт өте келе кейбір атаулар басқалармен бірге өзгерді және бүгінгі таңда ең керемет өнер мен сәулет туындыларының тізіміне мыналар кіреді: Хеопс пирамидалары, Вавилон бағдары, Зевстің Олимпиада мүсіні, Эфестегі Артемида ғибадатханасы, Галикарнас кесенесі, Родос Колосы және Александрия маяктары. Бізге дейін күндері таңғажайыптардың бірі - мысыр пирамидалары болған, олар әлемдегі жеті кереметтің ішіндегі ең ежелгісі.
4,4(34 оценок)
Ответ:
viktorijavorob
viktorijavorob
14.01.2020

Атау септік аққулар, қарғалар, көгершіндер, бауырлар, аналар, әжелер.

Ілік септік аққулардың, қарғалардың, көгершіндердің, бауырлардың, аналардың, әжелердің.

Барыс септік аққуларға, қарғаларға, көгершіндерге, бауырларға, аналарға, әжелерге.

Табыс септік аққуларды, қарғаларды, көгершіндерді, бауырларды, аналарды, әжелерді.

Жатыс септік аққуларда, қарғаларда, көгершіндерде, бауырларда, аналарда, әжелерде.

Шығыс септік аққулардан, қарғалардан, көгершіндерден, бауырлардан, аналардан, әжелерден.

Көмектес септік аққулармен, қарғалармен, көгершіндермен, бауырлармен, аналармен, әжелермен.

4,7(93 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ