М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
rahim55
rahim55
06.07.2021 04:04 •  Қазақ тiлi

Биография батырхан шукенова на казахском

👇
Ответ:

Батырхан Шүкенов 1962 жылдың 18 мамырында Қызылорда қаласында дүниеге келді. Отбасында Батырханнан басқа 2 ер бала мен қарындасы болды. Батырхан ата-анасының ортаншы ұлы еді. Әкесі — Қамал Шүкенұлы Шүкенов (1935—2011), 1970 жылдан 1998 жылға дейін Қызылорда облысының қаржы бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

1979 жылы Батырхан Қызылордадағы Островский атындағы № 233 орта мектепті аяқтады. Мектеп жылдарында музыка үйірмесіне қатысып, ал мектептен кейін бірден Ленинградтағы Н. К. Крупская атындағы мемлекеттік мәдениет институтына оқуға түседі. Осы оқу орнында екі жыл саксофонның оркестрлік бөлімінде білім алады. Саксофонда ойнау сабақтарын Батырхан аты бүкіл әлемге белгілі музыканттар Геннадий Гольштейн мен Владимир Рабиктан алған.

1981 жылы Шүкенов Алматыдағы Құрманғазы Сағырбайұлы атындағы мемлекеттік консерваторияға ауысты.

1982 жылы консерваторияның студенті бола тұра Батырхан Алматыда Байғали Серкебаев, Владимир Миклошич пен Болат Сыздыков секілді музыканттармен танысты. Кейін музыканттар Батырханды өз музыкалық топтарында саксофонист болуға өтініш білдірді.

Арай тобы Роза Рымбаеваға аккомпонемент жасауымен Қазақстанға танымал ансамбль еді. Ұжымның құрамында Батырхан инструменталдық джаз композицияларын орындай жүріп, өзін альт- және тенор-саксофон виртуозы ретінде көрсетті. Нәтижесінде, Батырхан 1983 жылы Бүкілодақтық эстрада әртістері байқауының лауреаты атанды.

1985 жылы Батырхан Шүкенов Алматы мемлекеттік консерваториясындағы білімін аяқтады.

1985-1986 жылдары аралығында ол Совет Армиясы қатарында әскери қызметін атқарады. Мұнда да оркестр құрамында музыкамен шұғылдануды жалғастырады.

1987 жылы музыканттар «Арай» ансамблі құрамында өз шығармашылығының шектеулі екенін сезініп, Роза Рымбаеваға сүйемелдеуден бас тартады. Кейін музыканттар «Алма-Ата» тобын құрады. Топтың құрамында Батырхан саксофонда ойнаумен қатар, вокалмен айналыса бастайды. Бір жылдан соң топ «Мелодия» фирмасында өзінің алғашқы альбомын «Путь без остановок» (8 әннің барлығын Шүкенов орындайды) жарыққа шығарып, топтың атауын «Алма-Ата Студиоға» ауыстырады.

4,5(20 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
3482785525
3482785525
06.07.2021

Объяснение:

Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі - көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып,көңілге бекіту керек;төртінші-ой кеселді нəрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз ,салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу . Бұл төрт нәрсе - күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер

4,7(4 оценок)
Ответ:
may12312
may12312
06.07.2021

Бабадан қалған асыл сөз: Қазақ халқының тарихындағы ұлы  тұлғалардың Отан, патриотизм туралы нақыл-өсиеттері, даналық ойлар мен қанатты сөздері.  Қазақ хандығының 550 жылдық мерейлі тойына орайластырылған осынау жинақта Ұлы даланың шешендік өнерінде терең із қалдырған ұлы ғұламалар мен дана ойшылдардың, ақын жазушылар мен мемлекет қайраткерлерінің, ел билеген қағандар мен әскери қолбасшылардың, данашпан тұлғалардың ел ішін ауызбірлікке, татулыққа шақырған салиқалы ой толғаныстары, келер ұрпаққа арнаған өнеге өсиеттері, қанатты сөздері, сондай ақ отан туралы, тіл туралы жыр толғаулары мен өлең, дастандарынан алыңған үзінділер уақыт елегіне сай, хронологиялық тұрғыдан топтастырылған

 

4,8(77 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ