М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
ksenia20062
ksenia20062
04.04.2021 22:18 •  Қазақ тiлi

Написать о запаведнихах на казахском

👇
Ответ:
messaivi
messaivi
04.04.2021
Қорықтар

Мемлекеттік табиғи қорық қоры - қоршаған ортаның табиғи эталондар, реликтілері, ғылыми зерттеулерге, ағарту білім беру ісіне, туризмге және рекреацияға арналған нысандары ретінде экологиялык, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған аумақтарының жиынтығы. Қорықтардың басты мақсаты - табиғи ландшафтылар эталонын мұндағы тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен коса сақтау, табиғат кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау. Соңғысы адамның шаруашылық әрекетінен табиғатта болатын өзгерістерді болжау үшін аса қажет. Қазақстан қорықтар саны жөнінен ТМД-ға кіретін республикалар арасында 16-шы орын алады. Дегенмен, республика жерінің көлеміне шаққанда корықтар үлесі жөнінен 13-ші орында. Бұл Қазақстан секілді ұлан-байтақ республика үшін қорықтар көлемінің әлі де болса аз екендігін көрсетеді. Қазіргі кезде нақты 10 қорық жұмыс істейді. Қазақстандағы қорықтардың барлық ауданы 1 610 973 га. Бұлар, әрине, Қазақстан табиғатының алуан түрлі табиғат жағдайларын толық көрсету үшін жеткіліксіз. Сондықтан болашақта ғалымдардың, табиғатты қорғау коғамы өкілдерінің ұсынуымен тағы 15 қорық ұйымдастырылмақшы.

Қорықтардың табиғи ұлттық парктерден айырмашылығы;табиғи парктерде кіріп серуендеуге мүмкіндік бар.Ал қорықтарда оған тыйым салынған.
4,5(50 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
krecet6r
krecet6r
04.04.2021

Рухани өміріміздің тарихында бір дәуірдің болмыс-бітімін, таным- түсінігін айшықтай түсетін айрықша тұлғалар болды. Исламға дейінгі Тәңірлік дүниетанымның шашырап жатқан дерек көздерінің негізінде пайымдап, бас- аяғын жинақтауға әрекеттенер болсақ, оның бел ортасында тұрған дара тұлғаларды айналып өту мүмкін емес. Солардың бірі, бірегейі-түркі халықтарының арасында есімі ежелден танымал-Қорқыт ата. Шығыс Түркістаннан бастап Кіші Азияға дейінгі түркі халықтарының ауызша да, жазбаша да жәдігерлерінен ойып орын алған Қорқыт бейнесі бір ғана көркемдік дүниенің жеміс еместігі, мұның астарында берісі нақтылы тарихи тұлға, арысы тұтас қоғамдық-әлеуметтік, саяси, діни дүниетаным тамыр тартып жатқан дәуірлік құбылыс жатқандығы даусыз. Байыптап қарасақ, исламнан бұрынғы идеология мен таным-түсінікке қатысы бар тұлғалардың қуаттысы да, жұртшылыққа кеңінен мәшһүр болғаны да Қорқыт есімі. 

4,8(16 оценок)
Ответ:
Катя565111
Катя565111
04.04.2021

Бағдаршам туралы өлең тақпақтар.

1. Қалада көлік көп,

Қалада апат көп.

Сақтайтын апаттан,

Тек қана бағдаршам.

Бағдаршам, бағдаршам.


Бағдаршам біледі,

Бәрін де көреді.

Адам да, көлік те,

Сол шаммен жүреді.

Бағдаршам, бағдаршам.


Үлкен біздің қаламыз,

Есте сақтап аламыз.

Қызыл, жасыл, сары шам,

Көшеде тұр бағдаршам.

Бағдаршам, бағдаршам. (Автор: С. Дүкенбай)


2. Бағдаршам

Жолды кесіп өтуге мен қамдансам,

Қиылыста қарсы алады бағдаршам.

Менікіндей екеу емес, үш көзді,

Әр көзінің түсі бөлек, аңғарсаң.


Көзі алысты қалт жібермей қырағы,

Бір көз жанса, қалғаны өшіп тұрады.

Қызыл, сары, жасыл түсті көздердің

Бас әрпінен үш түрлі ұғым шығады:


Қ — Қызыл түс — қимылдама, баспа алға,

Қиылыста қарап тұрма аспанға.

С — Сары түс — сәл сабыр ет, дайындал,

Ж — Жасыл түс, жүре бергін, жасқанба.


3. Ашса кезек үш көзін,

Айтты деп ұқ үш сөзін:

«Тоқта!

Сақтан!

Жол ашық!»

Жүрме жолға таласып.


Қызыл көзін ашқанда,

Сынық сүйем баспа алға!

Сары көзін ашқанда,

Қарап қалма аспанға!


Жасыл көзін ашқанда,

Өте бергін, жасқанба!


4. Күндіз түні жанамын

Дабыл беріп бәріне.

Үш түрлі түсім бар

Белгілі жаспен кәріге

Мен бағдаршам боламын.


5. Бағдаршам (Авторы Ә.Табылдиев)

Менің атым̶ бағдаршам

Кеудем толы жанған шам

Қызыл көзім жанғанда

Сақ болыңдар тоқтаңдар!

Сары көзім жанғанда

Сабырлылық сақтаңдар!

Жасыл шамды көрсеңіз

Бола береді өтсеңіз!

4,5(61 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ