М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
mashaaa98
mashaaa98
27.05.2022 20:15 •  Қазақ тiлi

Напишите сочинение на тему алматы на казахском 15

👇
Ответ:
miku1368
miku1368
27.05.2022
Алматының ресми тарихы 1854 жылдан басталады. Алматы өзенінің жағасында салынған бекініс көп ұзамай Верный деген атқа ие болған. Алайда ХVІ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген мемлекет қайраткері, ақын Захириддин Мұхаммед Бабырдың шығармасында болашақ Алматының орнында Алмату атты ортағасырлық қала болғаны айтылады. «Үлкен Алматы» аймағын адамдар ерте кезден-ақ игерген. Х-ІХ ғасырларда мұнда отырықшы мекендер болған, олардың тұрғындары егіншілікпен, мал шаруашылығымен айналысқан. Қаланың сол жақ шетіндегі шағын мекенжайдан табылған қыш ыдыстардың Ферғанадан табылған ыдыстарға ұқсас болуы осы екі аймақ арасында қола дәуірінің өзінде мәдени байланыс болғанын дәлелдейді. Бұл байланыс кейініректе сақтар дәуірінде де жалғаса түсті. Ол кездерден «сақ патшалары» әулетінің аумақты оба-қорғандары бар. Қазіргі Алматының шығыс жағында үш қорғаннан тұратын бір топ ескерткіш сақталған. Есік қорғанынан табылған материалдар сақтартың белгілі адамдарын алтын киімдерімен, қару-жарақтарымен, асыл тастарымен қоса жерлегенін дәлелдейді. Ғұрыптық ескерткіштердің қатарына құрбандық сәкісі жатады. Соның ішінде Верный қаласының маңынан табылған, В.С.Стрельцов жариялаған «жетісулық алтарь» деп аталатын ескерткіш әйгілі болған. Ол – төрт сирақты аласа үстел. Үстелдің бет тақтайының ернеуіне қанатты барыстың 25 мүсіні салыныпты. Тағы да осындай құрбандық сәкісі Алматыда, ашылып қалған қорғаннан табылды. Ол төрт бұрышты, конус түріндегі тұғыры бар үстел. Төрт бұрышында қанатты барыс, табанының жиектеріне жеті жолбарыстың мүсіні салынған, ал ортасында екі түйенің бейнесі бар. Сақтардың өзгеше бір храмдары мен қасиетті орындарының бөлшектері, көпке белгілі «Қарғалы диадемасы» Алматы маңындағы көшпелілердің идеологиясы жөнінде білуге көп мүмкіндік туғызады. Алматы-І қаласының орны қаланың оңтүстігіндегі «Горный гигант» колхозының жерінде орналасқан. Қала екі қатпардан тұрады, терең орлардың ішіне салынған, бұл оның қорғаныс қабілетін арттыра түскен. Жалпы топографиялық белгілеріне қарағанда, оның ІХ-ХІІІ ғасырларға жататыны анықталған. Алматы-ІІ қаласының орны Кіші Алматы өзенінің бойында, қазіргі шекара училищесі тұрған жерде болатын. Құрылыс жұмыстары кезінде бұл арадан орта ғасырлық ұстахана, дайын бұйымдар, кетпен, соқаның тісі, темір қазанның бүйірі табылған. Осы жерден балқыған металл құятын шөміш пен су құятын екі құмыра да шықты. Есентай (Весновка) қаласы Алматыдағы Ботаника бағының шеңберінде, Ремизовка мекені Әл-Фараби көшесінің жоғары жағында, Тереңқора қаласының орны Алматының солтүстігіндегі «Заря Востока» поселкасының жерінде жатыр. Сонымен, археологиялық олжалар Алматының тарихын едәуір ұзартып, оны Шығыстың көне қалаларының қатарына қояды.
4,8(82 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
baron2032012
baron2032012
27.05.2022
1.Театр грек тілінен аударғанда қандай мағына береді?
Жауап:көретін орын

2.Қай жерде театр жеке дара өнер, өнер ордасы болып қалыптасты?
Жауап:Ежелгі Грекияда

3.Қай жылы М.Əуезовтің Еңлік-Кебек трагедиясы алғаш қойылды?
Жауап:1917 жылы маусымда

4.Қай жылы тұңғыш кəсіби театр ашылды?
Жауап:1925 жылы

5.1928 жылы өнер ордасы атанған қала?
Жауап:Алматы қаласы

6.1928 жылғы Алматыдағы театр атауы?
Жауап: Қазақ мемлекеттік драма театры.

7.Қазақ театрының тарихы қай жылдардан бастау алды?
Жауап:ХХ ғасырдың 14-15 жылдарынан басталады.
4,6(75 оценок)
Ответ:
duplenkokrist9
duplenkokrist9
27.05.2022

әр адамда өзінің сүйетін іс болады. мысалы, менің сүйетін ісім сурет салу. тіпті менің хоббиім десе де болады. адам сурет салғанда қиялға берілу арқылы және қиялды көз алдыңа елестету арқылы салады. менде дәл солаймын , сурет салғалы отырғанда ойыма ойыншықтар түссе, көз алдыма ойыншықтармен ойнап отырған кішкентай бала елестейді. немесе ойыма достарым түссе, көз алдыма достары көп оқушы достарымен қыдырып жүргені елестейді. дәл сол секілді қиялға беріліп сурет салу керек. міне менің ең сүйетін ісім осындай


4,4(55 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ