М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
whale66666
whale66666
18.11.2021 23:26 •  Қазақ тiлi

Перевести қышыма қотыр (чесотка) терінің жұқпалы ауруы. оны тарататын қоздырғыш қышыма қотыр кенесі. ол ң терісіне жұққан бойда, өзіне орын "қаза" бастайды. ұрғашысы сол өзі "мекендеген" тұсқа жұмыртқа салады. үш-төрт күннен кейін онысы құртқа (личинка) айналады. қалай жұғады? қышыма қотыры бар қарым-қатынас жасағанда, онымен төсек орынды, киім кешекті, орамалды сүлгіні, ысқыны (мочалка) т.б. заттарды бірге пайдаланғанда жұғады. тиісті санитарлық тәртіп сақталмаса моншада, душта, жатақхана мен мейманханада да кышыма қотырға ұшырап қалуыңыз мүмкін. қайтіп байқалады? дененің кей тұсы бой бермей дуылдап кышиды, үстін түрлі түйіншектер, көпіршіктер, қанды қабыршақтар, тырнақ ізі басады. мұндай жағдай аяқ-қолдың буын бүгілістерінен де, саусақ аралықтарынан да, тұла-бойдан да байқалады. не істеу керек? осындай белгі сезілді дегенше, уақыт оздырмай дәрігерге көріну керек. қышыма қотырмен күресте дәрігерге уақытында көріну де, дер кезінде тыңғылықты емделу де, науқастың тұтынған заттарындағы паразиттің көзін жою да маңызды. сақтану шаралары қышыма қотырдан аман болудың басты жолы тазалық. апта сайын суға түсіп, іш киімді жетісіне бір ауыстырып түру шарт. әсіресе біреудің іш киімін, қолғабын киюден аулақ болыңыз. қышыма қотырға шалдыққан ауруханаға жатпай, үйде емделсе, оның төсек-орыны, тұтынатын заттары басқалардікіне араластырылмайды. кірлеген іш киімдері бөлек калтаға салынады. оларды 1-2% сода ертіндісі немесе кез-келген ұнтак сабын қосылған, сақылдап қайнап тұрған суда 10 минуттай қайнатып жуу керек. дезинфекциялық заттар болған жағдайда олар дәрігер айтқан ертіндіге ғана салынады. сырт киім тек үтіктеліп қана киіледі. науқас жатқан бөлме 2 пайыздық сабын-сода ертіндісімен күн сайын сүртіледі. ауру кісіге күтім жасап әйтпесе жатқан жерін жинап болғаннан кейін қол мұкият түрде сабындалып жуылады. моншаға, душқа түскенде легенді, орындық пен сөрелерді ыстық сумен ыждағаттап шаюды ұмытпаңыз. басқаның ысқысын, сыпыртқысын (веник) пайдаланбаңыз.

👇
Ответ:
elvira127
elvira127
18.11.2021
Чесотка
Это кожное передающееся заболевания. Возбудитель чесоточная клещ. При внедрении в организм человека он сразу готовит себе места. Туда самка откладывает яйца. Через 3-4 дня из них появиться  черви"личинка".
Путь передачи: При контакте с больным человеком, при общем использовании постели, полотенце, одежды, мочалку и т.д. При не соблюдении нужных санитарных правил в душе, бане, в общежитиях, гостиницах можете заразиться чесоткой.
Как можно обнаружить?
На теле зуд, появляется узелки, пена, кровяные покрытие, следы ногтей. Такие признаки может быть в суставах рук и ног, между пальцами и на всем теле.
Что делать?
При таких симптомах не теряя время сразу нужно обратиться к врачу. В борьбе с чесоткой важно сразу показаться к врачу, получить лечение, уничтожить паразиты на вещах больного. 
Пути защиты.
Соблюдать чистоту, еженедельно купаться, менять белье. Особенно избегайте от использование чужого белья, рукавицы, перчатки. 
В случае оставление больного чесоткой на дому нужно его постель, личное вещи нужно хранить отдельно. Грязное белье нужно собирать в отдельный мешок. Их нужно кипятить не менее 10 минут 1-2 процентном любом содовом растворе или моющего средства и стирать. При наличии дезинфицирующих средств они замачиваются по указанию врача. Наружные одежды нужно обязательно гладить. Комната, где находится больно ежедневно протирается двух процентным мыльно-содовым раствором. После ухода за больным, и после уборки  руки обязательно мыть с мылом.
В бане, в душе не забудьте обязательно тщательно горячей водой обливать тазик, стулья, полки.
Нельзя использовать чужие мочалки, веники.
4,6(20 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Егор111ив
Егор111ив
18.11.2021

Атамұра – асыл қазына.

Әрбір халықтың өзіне тән салт – дәстүрлері, әдет – ғұрыптары, халық ауыз әдебиеті, мәдениеті, тәрбиелік ұстанымдары бар. Міне, осы асыл қазынамыз бізге ұрпақтан ұрпаққа сан ғасырлар бойы аманат ретінде ұласып, ұлттық болмысты жоғалтпай, өзгелерден ерекшелеп тұратын айна секілді. Бізде өз кезегімізде бұл құндылықтарды қастерлеп, келер ұрпаққа осы күйінде жеткізуіміз керек.

Ата дәстүрін ардақтау – қазақтың халық педагогикасының ұлттық ұжданы.

«Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы» деп, халық атадан балаға мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келесі ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелейді.

Қазақ халқының екі жүзге жуық салт – дәстүрі, сенім – ырымдары, ұлттық ойындары бар, олардың әрқайсысының тәрбиелік те, танымдық та маңызы зор. Осы ретте екі – үшеуіне тоқтала кеткенді жөн санап отырмыз.

Айтыс – қазақ халқының ертеден қалыптасқан жыр жарысының бір түрі. Айтысқа суырып салма ақындар мен көркем сөз шеберлері қатысады. Айтыста ел басқарып отырған басшылардың кемшіліктері, сондай – ақ өмірдегі келеңсіздіктер ашық айтылады.

Ауыз тию – қазақтың ежелден келе жатқан ғұрытарының бірі. Үйге келген кісі асығыс болса да «ең болмаса нан ауыз тиіп кет, тізеңді бүк» деп айтқан. Бұл дегеніміз - қонақжайлылық пен жайсаңдық, өнегелі тәрбие бастауы. Бұрынғы заманнан-ақ қазағымның дастарханы үйге келімді - кетімді кісінің бәріне жайылып, бар тәтті осы кісілерге ұсынылған.

Байғазы – балалар мен жасөспірімдер бір жаңа нәрсеге ие болғанда жақын туыстарынан байғазы сұрайтын дәстүр қалыптасқан. Байғазы сұраушының көңілін қайтармай ақшалай, не заттай сыйлық беріледі. Бұл дәстүр бүгінгі күнге дейін жалғасын тауып келеді.

Ата дәстүрі бойынша әрбір ұрпақ қазақтың тарихын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрыптарын, өсиет-өнегелерін өзіне үлгі-өнеге тұтуға тиіс. Бұл болашақ ұрпағынан зор үміт күтіп отырған халқымыз үшін маңызды. Біз өз ұрпағымызды білімді де тәрбиелі, өнегелі де ізетті, мейірімді әрі қайырымды, қонақжай етіп тәрбиелегіміз келсе, халықтық салт-дәстүрге ерекше мән беруіміз керек.

4,4(78 оценок)
Ответ:
OtlicnikKZ1337
OtlicnikKZ1337
18.11.2021

Тіл мен әдебиеттің «алтын ғасырының» соңын ала келген М.Мақатаев сынды тұлғалардың ұлттық санасында Абайдан Әуезовке дейінгі ұлағаттылық пен сөз өнерінің озық үлгілері тұрды. Ол әдебиет майданында Абай салған дәстүрмен өз қоғамындағы тарихи, мәдени өзгерістерді, жеке адам бойындағы эмоциялық қалып-күйлерді өз таным-түсінігі тұрғысынан қарап, дәуіріне үн қоса білді. М.Мақатаев шығармашылығы қазақ өлеңінің тақырыптық-идеялық жағынан жаңа сатыға көтерілгенінің көрсеткіші. Сол себепті де ақын «Күпі киген қазақтың қара өлеңін, шекпен жауып өзіне қайтарамын» дейді.

Ақынның суреткерлік шеберлігін айқындау жолында оның шығармаларындағы көріктеу амалдары мен көркемдік әдістеріне зер салып, көз жүгіртелік. М. Мақатаевтың әдеби шығармаларында оның тілдік ерекшелігін көрсететін көріктеу құралдары көптеп кездеседі. Соның бірі – теңеу. Академик Р.Сыздық: «Теңеу – таным нәтижесі, сондықтан теңеулердің дені этнографиялық, ұлттық сипатта болады» дейді. Мұқағали поэзиясында тіл үшін дәстүрлі саналатын –дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары арқылы жасалған теңеулер мол. Мысалы: 
Жүрген жан ем байымай, тапшысынбай, 
Сарсаң болдым ертегі бақсысындай. 
Басым қалды жасырын полигон боп, 
Өзім тұрмын мақтаулы сақшысындай.

Теңеуде ерекше салыстырылатын нәрсе – а ң ерекше қасиеттері. Бұл дәстүр барлық тілде кездеседі. Қазақ тілінде а ң ерекше қасиеттері мен табиғат құбылыстарына қатысты теңеуүлгілері алдыңғы кезекте салыстырылатын категория болғандықтан ерекше түрге ие болып қолданылады. Бұл теңеулер алдымен эпостарда молынан кездесетіндіктен шартты түрде эпостық теңеулер деп аталған. Сол сияқты Мұқағалида -тай, -тей, -дай, -дей тұлғалы теңеулерде табиғат суреттері, құбылыстары, аң-құс атаулары лингвомәдени позициядан теңестіріледі. Мысалы, ақынның мына бір өлең жолдарында:

….Жолбарыстай атылып тізгінді алдың, 
Жігіт жүрек қыз едің, жігіт жүрек, – делінеді.

Бұл жерде ақын «жолбарыстай» теңеуімен жылдамдықты суреттесе, «жігіт жүрек» сөзі де әдемі теңеу тұлғасына келеді. Осы теңеудегі негізгі ерекшелік онын әрекетпен байланыстылығында болса керек. Бұған дейін жолбарысқа теңеу Мағжан ақын жырларынан ғана кездескен еді. Оның өлеңдерінде қазақ танымындағы дәстүрлі ұқсатулар (ассоциациялар) жетіп артылады.

Мысалы: 
Жапырақ – жүрек, жас қайың! 
Жанымды айырбастайын… 
*** 
Шешем менің - иілген сүрау белгі 
Дауылдар майыстырған мына белді. 
деген ақын суретті образ жасайды. Образға барар алғашқы баспалдақ - суретті сөз болып табылады. Метафора табиғатында бейнелік ұқсастық құндылықтары жатса керек, өйткені, сол ұлттың өкілі ғана метафораны жылы қабылдаса, ал басқа ұлт өкілі селт етпеуі мүмкін. Мәдени, рухани ұлттық құндылықтар сөздердің бір-біріне сәуле түсіріп, ауысуына қашанда өз әсерін тигізіп отырады десек артық айтқандық болмас. Құбылыстар ұлттық санада тоғысқан метафоралық қолданыстың өмір сүруіне алып келеді. Тілдегі құбылыстарды ауыстыру шексіз процесс. Сол себепті метафоралық қолданыс қоғамдық өмір, құрылыс өзгеріп, дамыған сайын жаңаша рең ала береді. 
Мұқағалидың танымдық метафораларында өзін айқындықта көрсету орнына, көбіне «қарапайымдылықты» қалайды. Бұл да ақынның өзіндік қолтаңбасы болса керек. 
Мәселен, 
…Көңілімнің сыбырлап көк құрағы, 
Аққуы ұшқан ақ айдын көп тұнады. 
Ақын өлеңдерінде өзіндік қолданыстағы метафоралар мен алмастырулар да, жан-жануар, ағаш, тұрмыстық-салт лексика да кездесіп отырады. Мұқағали өлеңдерінде дәстүрлі ұғымдар да метафоралық тіркес құрайды, 
Көзді ашып-жүмғанша көсеуін ап қолына 
Жетіп келді бір күні жел үрлеген сырдаң күз 
Қаза қылмай бірде-бір таң самалын, 
Қыз қырман сапырды ол қашан мың. 
Күз деген - әрі диқан, әрі малшы 
Тонын жаман демеңіз малшы ағаның – деген жыр жолдарынан көруге болады. 
Мұқағали шығармаларында әр метафоралар бұрынғы дәстүрлі деңгейдегі сөз ауыстыруларға, символдық мәні бар метафораларға, яғни сөз – символдарға ұласады. Символ – метафора сияқты тілдік тұлғаның тіліндегі ұлттық мәдениеттің көрсеткіші. Символдық мәнді халқымыздың дәстүрлі ұғымдарын білдіретін сөздерден іздеуіміз керек. Мысалы, құстың, жан-жануарлардың атаулары – халқымыздың бұрыннан келе жатқан тіліміздегі символдары. Осы орайда ұлтжанды тұлға Мұқағали тіліндегі сөз – символдар мәні таң қаларлық. Суреткер тілінде құстар символикасының орны ерекше. Әсіресе, аққу – әдеміліктің, тектіліктің, махаббатқа адалдықтың, қазақы мәдениеттің символы ретінде бейнеленеді. Оған дәлел – ақынның «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы аққу образы.

…Аққулар… 
Аққу мойын, сүмбе қанат, 
Алаңсыз тарануда күнге қарап. 
Айдынның еркелері, білмей тұрмын, 
Етермін тағдырыңды кімге аманат?! 
Жаны сұлу ақ еркем, ары сұлу! 
Сондай-ақ, аққу, сандуғаш, тоты құс, аққу, жапалақ, бүркіт, торғай сөздеріне қазақ халқының ұғым түсінігін, табиғат бейнесін, санасында жағымды, жағымсыз бағалауыштық коннатацияларды сыйғыза білген. Сондай-ақ, ақын бүркіттің адал достығы мен тектілік, батылдық қасиетін, құсбегілік салтының бір бөлшегін «еркіндік» символына сыйғызған. Бүгінде еліміздің туында еркін шарықтап ұшқан қыран бейнеленгені ақын арманының орындалғанының көрінісі.

4,5(66 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ