Әр адамның өзінің бойына ерекше біткен таланты болады. Соның бірі - өнер. Әсем әуенмен ән айту, тал шыбықтай мың бұралып би билеу немесе нақышына келтіріп күй тарту кез-келген жанға бұйыра бермейді. Біздің сынып тағы Айжан мектептегі барлық шараларда «Біз бақытты балалар» әнімен танымал болса, Анель бишілік өнерімен Республика көлеміндегі сайыстарға қатысып, өзінің сүйікті билерімен көпшіліктің көңілінен шығып жүр. Айгерім де екі жылдан бері мектептегі «Эстрада жұлдыздары» үйірмесіне қатысып, мектепішілік концерттерде ән айтса, Мадина «Жас толқын» би үйірмесінің белсенді мүшесі. Қолөнерге қызығатын оқушыларымыз да аз емес. Бұлар біздің сыныптың мақтаныштары. Мен өз сыныптастарыммен мақтанамын. Олардың келешекте елімізге қызмет ететін азамат болатынына сенімім мол. «Өнер – ағып жатқан бұлақ, ғылым жанып тұрған шырақ» деп халқымыз тегін айтпаған болар
Бүгін менің көңіл -күйім неге көтерінкі екен ?Бұгің менің көніл-күйімнің көтерінкі болған себебі ,бұгін менің туған күнім.Бұгің қандай күн болады екен? Менің ойымша көңілді күн болады.Мен туған күнге ерекше дайындалдым.,түрлі ойындар ойластырдым.Менің достарым көп.Анам қандай тағамдар пісіреді екен менің туған күніме?Қонақ бөлмеге кірсем анам болса дастарқанды неше түрлі дәмдеп толтырып қойыпты. Маған арнап үлкен торт пісірді. Ал енді қашан менің достарым келеді екен ?А.. ,міне менің достарым да келді. Олар бәрі мені құттықтап ,жақсы тілектер айтып ,сыйлықтарын ұсынды. .Менің туған күнім қалай өтті екен ,достарым риза болды ма екен деп ойлап отырмын?Туған күнім ойдағыдай өтті ,достарым ән айтты, би биледі,достарым риза болып кетті. деп ойлаймын.