Достық – әрбір адам өміріндегі маңызды қарым-қатынас. “Жаңа екі достан, ескі бір дос артық” деген жақсы сөз бар. Достық барлық адамға қажет. Тіпті, жалғыздықты ұнататын жандарға да. Кішкене бүлдіршіннен бастап, еңкейген қарияға да, бай-бағландар мен тақыр кедейлерге де дос керек. Бұл тізімді ұзақ-сонар жалғастыра беруге болады.
Достық ортақ қызығушылық, түсінісу, сенім сынды қасиеттер негізінде құралады. Әңгімесі таусылған адамдар дұрыс қарым-қатынас құра алмайтындары анық. Уақыт өте келе адамдар жан-дүниесіндегінің барлығын шығарып, сырлас іздейді. Мұндай сәттерде достардың болмағаны өте жаман. Оның үстіне тек жақын достарыңа ғана айта алатын сырларың болады. Ең бастысы, осы сырды досың өзгелерге айтпайды. Жадында құнды қазынадай сақтап қояды.
Нағыз дос өзін бірінші орынға қойып, айналасындағыларды өзінің әңгімесін тыңдауға мәжбүрлейді деп ойласаңыз қатты қателесесіз. Ол өзінің жан сырын ақтарып қана қоймай, сізді де ден қойып тыңдайды. Уақытты көңілді өткізіп, қатар отырып түрлі фильмдер қарай аласыздар. Досты тек қайғыда емес, қуанышта да танисыз. Өкінішке орай, көп адам достық атты ұлы сезімді бағалай бермейді. Бірақ… Олар күндердің бір күнінде жанына жақын адам іздеп шарқ ұрады.
Объяснение:
1.
Тұру
7.45-8.00
2.
Таңғы жаттығу
8.00-8.15
3.
Суға түсу,
Күн тәртібімен танысу
8.15-8.30
4.
Таңғы ас
8.30-9.30
5.
Секциялар мен үйірмелерде айналысу, сауықтандыратын гигиеналық шаралар (ауа, күн ванналары, душ, шомылу) суда жүзуге түйрену
10.00-12.20
6.
Екінші таңғы ас
11.00-11.30
7.
Түскі ас
13.00-14.00
8.
Түскі астан кейінгі күндізгі демалыс
14.00-16.00
9.
Бесін тамағы
16.00-16.30
10.
Үйірмелерде, спорт секцияларында айналысу
16.30-18.30
11.
Бос уақыт, тыныш ойындар, жеке оқылым
18.30-19.00
12.
Кешкі ас
19.00-20.00
13.
Кештер, алаулар, топтық шаралар, линейка, диско-фиеста
20.00-21.00
14.
Екінші кешкі ас
21.30-21.45
15.
Кешкі алаулар, күн қорытындысын шығару, ұйқы алдындағы ертегі, кешкі дәрет (кіші топтар үшін)
21.45-22.15
16.
Ұйқы (кіші топтар үшін)
22.30
17.
Кешкі алаулар, гитарамен ән айту, күн қорытындысын шығару, кешкі дәрет (үлкен топтар үшін)
22.00-22.45
18.
Ұйқы (үлкен топтар үшін)
23.00
"Көксерек".
Қазақ әдебиетінің ХІХ ғасырдағы асқар белі – Абай, ХХ ғасырдағы асқар биігі – Мұхтар Әуезов. Дүниежүзілік әдеби классикаға асыл қазына болып қосылған қайталанбас көркем туындыларында М. Шолохов орыс өмірінің осы ғасырдағы елу жылдық болмысын бар бұралаңымен түгел шебер жинақтама, Мұхтар Әуезов қазақ қоғамының өткен ғасырдағы елу жылдық бітімін бүтін тамыр-тереңімен қопара зерттеп, аса білгірлікпен, асқан зергерлікпен жарқырата ашты.
М.Әуезов қаламынан небір асқақ туындылар шықты. Оның шығармалары әдебиетіміздің сүт бетіндегі қаймағы десе де болады. Ал "Көксеректі" оқымаған, фильмін қарамаған қазақ жоқ шығар.
М. Әуезов «Көксеректе» үстем күштің әсерінен елден де, жерден де, ғасырлар бойы бастан кешкен тұрмыс-тіршіліктен айрылу алдында тұрған қазақ халқының жалпы болмысын суреттеуді мұрат тұтқан. Повесть жайын профессор Б.Майтанов: "Көксеректі" әлем әдебиетінің антологиясына кіргізетін, қамырдан қыл тартқандай қалам құдіреті, шеберлік осындай-ақ болар!"-дейді. Автор шағын көлемге мол мағына сыйдырған. Әңгімеде қасқыр, табиғат, адам мәселесі сөз болады, жаратылыстағы адам мен табиғат теңдігінің қатынас дәрежесі көрсетіледі. Адамдар табиғаттың өз заңдылығына қарсы шығып, қасқырлар мекенін ойрандап, оның күшігін енесінен айырып, ауыл тұтқыны етті. Бірақ қасқыр есейген сайын бостандықты сағынады.
Шығармада тек табиғат пен адам қатынасын ғана емес, сонымен бірге отбасылық текетірестің де, қас пен дұшпан арасындағы жауыздық та көрсетілген. Бұл – үлкен адамзаттық мәселелер. Қасқырлардың өзі бір-бірін жеп жатқанда, қасқырдың адамға шабуы шүбәсіз. Құрмаш өзінің хас жауы қасқырды аяп, бауыр басқаны үшін ғана құрбан болып кетті.
Шығармадағы типтік образ, қазақтың қарапайым қойшы баласы – Құрмашты жасауы үлкен құбылыс десек болады. Ал көксерек десе кез келген қазақтың жүрегінің дір ететіні белгілі. Мұндай ірі образ жасаудың өзі – шеберлік. Автордың шеберлігі мен парасатына тағы бір мәрте көз жетеді. Мұндай шеберлікке бас имеске болмас...