Ақ шашты ана: "жастығым — балам" дейді.
Ақылды бала: "ай-күнім — анам" дейді.
Алты ұл тапқан ананы "ханым" десе болады.
Сыйласа білген адамды "жаным" десе болады.
Алып анадан туады,
Ат биеден туады.
Ана алақанының аясы,
Ақ шынардың саясы.
Ана алдында құрмет,
Ата алдында қызмет.
Анаға баланың алалығы жоқ.
Анадан өнеге көрмеген қыз жаман,
Атадан тағылым алмаған ұл жаман
(Қорқыт).
Ана жақсылығын ауырсаң білерсің,
Қайын жақсылығын қыдырсаң білерсің.
Ана көркі алдындағы баласы,
Қала көркі үйі, орман-ағашы.
Аналы баланың өзі тоқ,
Анасыз баланың көзі тоқ.
"Анамды жақсы көргендіктен келісін түйдім.
Аулымды жақсы көргендіктен желісін сүйдім".
Ананың алақаны балаға айдынды қоныс.
Ананың басқан жерінде пейіш бар.
Ананың ойы ұяда,
Баланың ойы қияда.
Ананың сүйген жері
отқа күймейді, оқ та тимейді.
Ананың сүті — бал,
Баланың тілі — бал.
Ананың ізін қыз басар,
Атаның ізін ұл басар.
Анаңа ауыр сөз айтпа,
Атыңа ауыр жүк артпа.
Анаңды Меккеге үш арқалап апарсаң да
қарызынан құтыла алмайсың.
Ана сүті бой өсіреді,
Ата тілі ой өсіреді.
Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды.
Анасыз өмір — сөнген көмір.
Анасын көріп қызын ал,
Аяғын көріп асын іш.
Анасын сүйгеннің баласын сүй.
Анасы ұятсыз болса,
баласы миятсыз болады
Объяснение:
Көктем және наурыз туралы жұмбақтар:
1) Гүл - гүл жайнап жер, аспан,
Гүрілдейді сайда өзен.
Гүлжазира жарасқан
Гүлдерімен қай кезен?
(Шешуі:көктем)
2) Қар мұз еріп, су көбейіп,
Сай салаға толады.
Бүршік жарып, жарық ашып,
Гүл бәйшешек басады.
(Шешуі:көктем).
3) Атасы мен анасы,
Үш жүз алпыс бес баласы,
Он екі ауыл шамасы,
Отыз ор дуадақ,
Бес сан балақ,
Елу екі қарақшы.
(Шешуі:күндіз бен түн, жыл тәуліктері, жылдың айлары, айдың күндері, жыл соңында артық қалып "бес қонақ" деп аталатын бес тәулік, жыл ішіндегі апталар).
4) Жапанда бір айдаһар білесің бе?Жаны жоқ қимылдарға денесінде.
Ішінде сүйектері бақша-бақша,
Жарқырар жалғыз көзі төбесінде.
(Шешуі: киіз үй)
5) Мың қойым суға жүзеді,
Қойшысы бірге жүзеді.
(Шешуі:көже мен шөміш).