М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Fhaj1
Fhaj1
05.04.2023 05:15 •  Қазақ тiлi

Эссе на казахском на тему "қош келдің, наурыз! "

👇
Ответ:
SuPeRGaMeRDGRST
SuPeRGaMeRDGRST
05.04.2023
Жер жүзіндегі жұрттардың бәрінің де түрлі-түрлі мейрамдары болады. Мәселен, дін мейрамы, ұлт мейрамы, мемлекет мейрамы секілді. Өзгелерді былай қоя тұрып, өзіміздің сыбайласымыз орыс жұртын алсақ, бұл туралы қазақтың мақалы да бар: "Орыста мейрам көп, қазақта айран көп". Біздің қазақ айранға бай болғанымен: мейрамға жарлы екендігі осыдан да көрінеді. Жалпы мұсылман жұрттарына ортақ жылына екі рет келетін ораза, құрбан айттарын есепке алмағанда, бізде жалғыз-ақ мейрам бар, ол - Наурыз. Наурыз қазақтың шын мағынасындағы ұлт мейрамы. Наурызды қазақтан басқа Күншығыс жұрттарының көбі, мәселен, Үндістан, Иран, Ауған, Бұхар, Кавказ, Түркістандықтар да мейрам етеді. Бірақ бұлардың бәрін салыстырғанда Наурызды біздің қазақтың мейрам етуі айрықша сыйымды, артықша дәлелді. Неге десеңіз, марттың ескіше 9-ында, жаңаша 22-сінде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп жаз жетіп, шаруа кенеледі. Қыс бойы ақ кебінін жамылып өлім төсегінде жатқан табиғаттың, жанды-жансыздың тірілуі кімнің болса да көңіліне шаттық беретіні анық болса, тіршілік жағынан қыстың өтуіне, жаздың жетуіне қазақтан артық тілектес, қазақтан артық қуанатын ел жоқ деуге саяды.Тіршіліктің арқауы алдыменен тамақ. Дүние жаратқаннан бері жанды-жансыздың бәрінің талас-тартысы, шынын айтқанда, тамақ үшін, күн көруі алдындағы айдап өсіріп жүрген малының амандық, жамандығымен байлаулы. Өнері, кәсібі, зауыты, фабрикасы бар, табиғатты қолданған мәдениетті елдер қыстың қысымын қазақтай көрмейді. Болмашы боранға, жауын-шашынға, топтанған бұлтқа, ауысқан желге, керек десе, жаңа айдың қалай туғанына шейін қазақтың зор мағына беруі әшейін еріккеннен тапқан ермегі емес, қыстың ауыр, я жеңіл өтуінен тіршілігі өзгеретін, жеңіл болса - құт, ауыр болса - жұт болатындығын байқаған тәжірибеден шыққан нәрсе. Дұрысында, қазақтың тамағы да, киімі де, үйі де, күйі де, көлігі де отарбасы да, телеграфы да, телефоны да мал емес пе? Малсыз қазақтың күні бар ма? Сол малын аман сақтау үшін қысқы аязда, ызғырық боранда бейнет шегіп, еңбек сіңіріп, малымен бірге жатып, бірге тұрып, бірге жүріп, бірге ығып, қыс қандай қысылса, жаз сондай жазылатын, жадырайтын шаруашыл, еңбекшіл қазақ қыстың өткеніне, жаздың жеткеніне қалайша өзгелерден артық қуанбасын, жаздың басы жаңа күн - Наурызды, қалайша мейрам етпесін. Соңғы жылдар қазақтың шаруасын күйзелтіп, байтақ елі ашаршылыққа ұшырап, ойын ойнап, тойын тойламақ түгіл, барар жер, басар тау таба алмай дағдырған еді. Енді, шүкір, аздап заман түзеліп, шаруасы оңалуға айналғаннан кейін, жұрт алдырмай-шалдырмай аман-есен жазға жетіп отыр. Сондықтан бұл Наурыз ел-елде қуанышпен қарсы алынып, шаруаның бір малы екеу болып, көңілі өсіп, жасы үлкендер құшақтасып көрісіп, жаңа өспірім жас буын қуанысып күлісіп, жанның бәрі дүнияға жаңа келгендей мәз-мейрам болса керек.
4,6(43 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
YULIAPETROVA84
YULIAPETROVA84
05.04.2023
Астана - Қазақстанның астанасының - алға шық-айқындамаларды дүниежүзілік астананың рейтингіндеқарызға алу асық ашық түсті және дамыт- қала.

Қала 1832 жылы заложен ара сапа бекіністің болды,қарамастан және ол сол Акмола аталды. Уже арқылы 4жыл ол тоғындының қаласының мәртебесін алды. Ескіжүз жылдықтың 1960 жылынан қала тыңның аймағыныңорталығымен болды және 1961-го сәйкесінше -Целиноград аталды. 1992 жылы қала кейін өзініңалғашқы атын алды, ал арқылы 6 жас Астанамен стал.

Қала Қазақстан республикасының астанасымен жәнеЕуропаны және Азияны собой  маңызды орталықпен болыптабылатын. Астанамен қала емес ылғи болды. Биікмәртебені ол ал- ғана 1997 жылы. Қазір Астана кеденнендеген еркін арнаулы экономикалық зонаны ішіне алады.Осы дерек экономикалық әлуеттің дамуына жәнешетелдік компанияның инвестициясының тартуы

Астана үш әкімшілік аудандардан деген құралады."Сарыарка" ауданы, "Есиль" ауданының, "Алматының"ауданының. қаланың барлық ауданының 70 орогасфальтобетонное жабынды имеют. 
4,8(88 оценок)
Ответ:
сафийка3
сафийка3
05.04.2023
Сараңнан сарқыт жегенше,
Иттен тартып же.

Чем от скупого угощения ждать,
 лучше у собаки кость отобрать.

Бермегенді беріп ұялт.

Чтобы пристыдить скупого, сам его одари.

Тілеушінің бір беті қара,
Бермеушінің екі беті қара.
    
У просителя одна щека горит, 
у отказывающего обе щеки горят.

Берген жомарт емес, алған жомарт.

Не тот щедр, кто дает, а тот кто не берет.

Алтын көрсе періште жолдан таяды.

Увидев золото, и ангел свернул с дороги.

Жыланға түк біткен сайын қалтырауық болады.

Чем больше жиреет змея,
тем больше от жадности трясется она.

Екі тышқан бір байдың жұртына таласыпты.

Две мыши из-за байского мусора подрались.

Ақылды арын қорғайды,
Сараң малын қорғайды.

Умный честь свою оберегает, скупой скот свой оберегает.
4,6(82 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ