Ия, көптен күткен көктем мезгіліде келіп жетті. Жан - жағыма жалт - жұлт қарап, анау тұстан ағаштын үстінде салбырап тұрған достым Берікті көрдім, карағаным сол еді күмп етіп жерге домалай түсті, жаңарымда күлкі пайда болды, Берік маған айқайлап кеттік тауға барайық, қызғалдақтар гүлдеді деп естідім деп мені көндірді. Екеуіміз, көшедегі ыржың - ыржың еткен Серікті, жан досым Аселді ертіп, 4-еуміз тауға қарай жол тарттық. Барғанымыз сол еді күн күркүреп, найзағайдың гүрс еткен даусын естідік, Берік қайттық ауылға, қызғалтақта теріп үлгере алмадық, ауырып қалармыз деп бәрімізді көндірді. Жол бойында келе жаттық, жаңбыр құя кетті, найзағай басымыздан ұрғандай тарс тарс етті, қорқып ауылға қарай жүгіріп едік, жер балшықтанып, аяғымыз былш былш етіп әрен жеттік, бәріміз үй - үйлерімізге тарадық, үйге жүгіріп кіріп, терезеге үніле кеттім.. Жаңбырдын дауысы шелекке жиналып тырс тырс етіп естілуде.. сол күн ерекше болды
Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық - әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын.Ел бағу? жер бағу емес Жоқ, елге бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын деген кісі бақпаса, не албыртқан, көңілі басылмаған жастар бағамын демесе, бізді құдай сақтасын! Мал бағу? Жоқ, баға алмаймын. Балалар өздеріне керегінше өздері бағар. Енді қартайғанда қызығын өзің түгел көре алмайтұғын, ұры, залым, тілемсектердің азығын бағып беремін деп, қалған аз ғана өмірімді қор қылар жайым жоқ.Ғылым бағу? Жоқ, Қажымұрат Шыңғысқа ақша беруің қажет ғылым бағарға да ғылым сөзін сөйлесер адам жоқ. Білгеніңді кімге үйретерсің, білмегеніңді кімнен сұрарсың? Елсіз - күнсізде кездемені жайып салып, қолына кезін алып отырғанның не пайдасы бар? Мұңдасып шер тарқатысар кісі болмаған соң, ғылым өзі - бір тез қартайтатұғын күйік. Софылық қылып, дін бағу? Жоқ, ол да болмайды, оған да тыныштық керек.
Күз Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан, Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан. Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма, Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан. Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай, Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай. Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп, Жапырағынан айрылған ағаш, қурай. Біреу малма сапсиды, салып иін, Салбыраңқы тартыпты жыртық киім. Енесіне иіртіп шуда жібін, Жас қатындар жыртылған жамайды үйін. Қаз, тырна қатарланып қайтса бермен, Астында ақ шомшы жүр, ол бір керуен. Қай ауылды көрсең де, жабырқаңқы, Күлкі-ойын көрінбейді, сейіл-серуен. Кемпір-шал құржаң қағып, бала бүрсең, Көңілсіз қара суық қырда жүрсең. Кемік сүйек, сорпа-су тимеген соң, Үйде ит жоқ, тышқан аулап, қайда көрсең. Күзеу тозған, оты жоқ елдің маңы, Тұман болар, жел соқса, шаң-тозаңы. От жақпаған үйінің сұры қашып, Ыстан қорыққан қазақтың құрысын заңы.