Арқар (лат. Ovis ammon) – жұптұяқтылар қатарының қуысмүйізділер тұқымдасына жататын ірі аң; тау арқары туысының сүтқоректі жануары.
Дене ұзындығы 110-120 см, шоқтығының биіктігі 65-125 см. Аталықтарының мүйізі 67-190 см, түбірінің жуандығы 22-50 см салмағы 30 кг. Ұрғашыларының кейде қысқа мүйізі болады. Таралуы: Жерорта теңізі аралдары алдыңғы орта орталық солтүстік шығыс Азияда. ТМД кеңістігінде арқардың 10-нан астам түршесі таралған. Олар бір-бірінен көлемі салмағы мүйізінің пішіні мен құрылысы т.б. ерекшеліктерімен ажыратылады. Кейде арқарды бірнеше түрге бөледі: Еуропалық муфлон(О. musimon) үстірт арқары (О. orientalis); Олардың хромосом құрамы әртүрлі (2n=54-56-58) бірақ олардың будандары тұқым береді. Кейде арқарға тек 2n=56 жатқызады. Саны азаюда. 7 түршесі ХТҚО -(1) және КСРО (7) Қызыл кітаптарына енгізілген. Арқар үй қойларымен будандастыруға пайдаланған. Соның нәтижесінде биязы жүнді тау мериносы мен арқармеринос қой тұқымдары шығарылған.
Тырналар (лат. Грұс) — Тырналар тұқымдасының төрт туысының бірі, он түрді қамтитын негізгі туысы.
Кәдімгідей құрлық құстары, ағаш басына ешқашан қонақтамайды. Тырна туыстыларға тән ерекшелік – басында бүртікті өскіндері және қатқыл түк тәрізді қылтан қаптаған тақыр тері үлескілерінің болуы. Тырналар негізінде өсімдіктекті азықтармен - тұқым, тамырсабақ, өркендермен қоректенеді. Дегенмен мүмкіндігі болған кезде азық құрамын жәндіктер қосып, ірі бунақденелілермен, құрттармен, ұлулармен т.б. дәмдейді. Тырналар көктемгі “би” салт жорасымен әйгілі. Қазақстанда тырна туыстылардан төрт түрі кездеседі. Олар: ақ тырна, қара тырна, сұр тырна, қызылсирақ тырна. Ақ тырна – ірі денелі шамасында, салмағы – 10 килоға жуық. Қара тырна – едәуір кішкене қошқыл реңді тырна. Қызылсирақ тырна – ашық сұр реңді едәуір ірі денелі тырна. Сұр тырна – кәдімгідей тырналардың бірі.
Мамандығыңыз қандай? – Какая у вас профессия?
Сiз қазақ тiлiн үйренесiз бе? – Вы казахский язык изучаете?
Сен театрға бардың ба? – Ты ходил в театр?
Осы суды iшпеңiзш не пейте эту воду.
Ол кiлем тазаласын. – Пусть он ковёр почистит.
Көп рақмет! – Большое
Қандай жақсы кiтап! – Какая хорошая книга!