Менің ана тілім – шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты тіл. Өйткені өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіме басты себепкер - сол ана тілім! Мынау жарық дүниеге келгеннен бастап, ананың әлдиімен бойыма сіңіріп келе жатқан тілім мен үшін ең қастерлі, ең қымбат тіл. Ақын С.Торайғыров ана тілімді:
Ана тілім-ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан баға жетпес мұра. Демек әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның тазалығын сақтауға тиіс. Амал не, туған тілімізді шұбарлап, басқа тілдің сөздерімен араластырып сөйлейтіндерді жиі көремін. Тіпті, туған тілінен безетін сорақыларды да, менсінбеушілікпен қарап, қазақша сөйлеуге ұялатындарды көргенде, белгілі орыс жазушысы К.Г.Паустовскийдің «Туған тіліне жаны ашымаған адам – жәндік» деген сөзі ойыма еріксіз оралады.
2. Сөйлем дегеніміз - белгілі бір ойды білдіретін сөздер немесе сөздердің тобы. Оның 3 түрі бар. Хабарлы-ақпаратты баяндайды, сөйлем соңына нүкте қойылады. Сұраулы - бір нәрсені сұрағанда қолданылады, сөлем соңына сұрау(?) белгісі қойылады. Лепті - ерекше көңіл күйді білдіргенде айтылады, сөлем соңына леп (!) белгісі қойылады. Бұйрықты - бір нәрсені бұйыра сөйлегенде қолданылады, көп жағдайда сөйлем соңына леп(!) белгісі немесе нүкте (.) қойылады
3. Зор-кішкентай
Биік-аласа
Кең-тар