25билет
1.Бағыныңқы сөйлемі басыңқы сөйлемдегі іс-әрекеттің мезгілін,уақытын білдіретін сабақтас құрмаластың түрін мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас дейміз.Сұрақтары қашан? қай кезде?Қашанға дейін?
Мысалы, Күн тас төбеге көтерілгенде, біз ауылдан ұзап кеткен едік.
2.Ұстаз-ұлағатты есім. Дүниеде ұстазсыз адам болмайтын шығар. Алғаш мектеп табалдырығын аттағаннан бастап, ұстаз өмір бойы сенің жақын досыңа айналады.Білім берумен қатар ұстазың сені қоғамда өз орныңды табуға тәрбиелейді.Сен үлкен азамат болып, еңбекке араласқанда ұстазды ұмытуың мүмкін.Бірақ ұстаз сені ұмытпайды, әр шәкіртінің қай салада еңбек жасап жүргенін біліп отырады, жетістігіне қуанып, сәтсіздігіне қынжылады. Қазіргі кезде мұғплімдікті таңдайтын адам аз, өйткені кез келген а жанының бағбаны бола алмайды. Ол үшін алдымен үлкен жүрек керек, төзімділік, балаға махаббат болуы керек. Өз мамандығын сүйе білген адам ғана нағыз ұстаз бола алады.
3.менің қаламым,сенің қаламың,оның қаламы, біздің қаламымыз, сендердің қаламың, олардың қаламы
Байқоңыр - Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағында орналасқан ғарыш алаңы. Іргесі 1955 ж. қаланған.[1]
Ғарыш алаңын салу үшін Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтып оралатын ғарыштық объектілер үшін қолайлы қону аймақтарының болуы, т.б. факторлар ескерілді. Байқоңырдың басты және көмекші объектілері мен қызмет ету орындары кең аймаққа орналасқан, олар бір-бірімен автомобиль жолдары және теміржол аркылы байланысқан. Байқоңырдың негізгі объектілеріне: техникалық тұғырлар, старттық кешендер мен ұшу трассасының бойындағы өлшеу бекеттері (олардың әрқайсысы жалпы техника және арнаулы технология кұрал-жабдықтары бар ірі құрылыстар), ғарыш алаңына әр түрлі жүктерді жеткізетін кірме жолдар, т.б.; көмекші және қызмет көрсету объектілеріне: отын (жанармай) сақтайтын алаң, сұйық оттегі мен азот өндіретін заттар, энергия және сумен қамтамасыз ететін жүйелер, байланыс жүйесі, телевизия, т.б. жатады. Байқоңырда ракета тасығыштың (РТ) әрбір түріне сәйкес бір не бірнеше техникалық тұғырлар және олардың әрқайсысына арналып бір не бірнеше старттық кешендер салынған.
Объяснение:
надеюсь правильно