Ахмет Байтұрсынов – ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Ол 1873 жылы 18 қаңтарда қазіргі Қостанай облысының Торғай өңіріндегі Сартүбек деген жерде дүниеге келеді. 1884 ж. Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітірген. 1895 - 1909 ж. Ақтобе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі мектептер мен орыс- қазақ училищерінде мұғалімдік қызмет атқарады. Байтұрсыновтың қазақ әдебиеттану ғылымы мен әдебиет тарихы жөніндегі тұңғыш еңбегі « Әдебиет танытқыш» (1926). Байтұрсынов тілші ғалым ретінде қазақ тілінің табиғаты, араб әліпбиінің жайы, терминдер, қазақ тілінің мәселелері туралы мақалалар жазды.
Табиғатынан зерек Ахмет 1882—1884 жылдары ауыл адамдарынан сауатын ашып, кейін ауыл мектебінде оқиды. 1886—1891 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныпты орысша-қазақша училищеде, 1891—1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын мектепте білім алады. 1895—1897 жылдары Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездерінде мектептерде, училищелерде сабақ береді. Қазақ тілі мен әдебиетінің мәселелерін зерттейді. Көп кітаптар оқиды, өз бетімен ізденеді. Әдебиетпен айналысады, өлең-жырларын жазады, ауыз әдебиетінің үлгілерін жинайды, оқулықтар мен оқу құралдарын әзірлейді.
1913—1918 жылдары өзі ұйымдастырған "Қазақ" газетінің редакторы болып еңбек етеді. Газет бетінде халык өмірінің мәселелерін көтереді. Елді оқу-білімге шақырады.
1917 жылы Қазан төңкерісінен кейін Алаш қозғалысын ұйымдастырып, бағдарламасын жазған. Қазакстанның тұңғыш халық ағарту министрі, Қазақстан академиялық орталығының жетекшісі, Алматыдағы, Ташкенттегі жоғары оқу орындарының профессоры қызметтерін атқарады.
1929 жылы жазықсыз түрмеге жабылып, 1936 жылы елге оралады, 1937 жылы қайта тұтқындалып, "халық жауы" деп аталған Ахмет 1938 жылы атылады.
1988 жылы ақын ақталды.Ірі қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың мол әдеби, ғылыми еңбектері қалды. Ол өз заманында әрі ақын, әрі аудармашы, әрі ғалым ретінде танылды. Ахметтің 1909 жылы Петербург қаласында "Қырық мысал" деген алғашқы кітабы жарық көрді, ол кітапта орыс мысалшысы И.Крыловтан аударған мысалдар жинақталды. 1911 жылы Орынбор қаласында "Маса" атты өлеңдер жинағы шықты.
Ахмет Байтұрсынов қазақ тілінің реформаторы, теоретигі әрі қазақ тіл білімінің атасы. Ол араб әріптерінің негізінде қазақтың төл әліпбиін жасады. Өзінің "Оқу құралы" (1912), "Тіл құралы" (1914), "Әліпби" (1924), "Жаңа әліпби" (1926) атты кітаптарында қазақ тілінің мәселелерін қарастырды. Қазақ тіл білімінде терминдер қалыптастырды. Қазақ тілі грамматикасындағы ұғымдарға анықтамалар берді.
Табиғат аясында.
Көптен күткен жазғы демалыс та келіп жетті. Айдана достарымен келісіп күн батқанға дейін табиғат аясында демалып қайтқалы жатыр. Қыздар жағы үйден керек ыдыс-аяқтар, небір дәмді әрі жеңіл тағамдарды дайындап алып келеміз деді. Ал ұлдар жағы болса шатыр құруды, от жағуды өз мойындарына алды. Ертесіне достар бірігіп Айдананың үйінің алдына жиналып, сол жерден ауылға жақын жердегі тоғайға жол тартты. Ол жер көлеңке және жақын маңда өзен де бар. Ыңғайлы орын таңдап алып, қыздар алаша жайып тамақ дайындауға кірісті, ұлдар көлеңке болатын шатыр құрды. Тамақтанып алған соң барлығы өзенге келді. Бір тобы суға түспейміз деп жағада қалып әңгіме-дүкен құрып, енді бірі суға сүңгіп мәре-сәре боп жүр. Күн батуға таянғанда достар жинала бастады. Жаққан оттарын сөндіріп, одан соң орнын көмді. Қоқыстарын да тастамай, жинап алып кетті. Айдана және оның достары осылайша бастары қосылса таза ауада, табиғат аясында жүргенді ұнатады. Үйде қамалмай, туған жердің табиғатына тамсанып, рақаттанғанға не жетсін!