М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Макс11171
Макс11171
09.04.2022 06:51 •  Қазақ тiлi

Казак халкы шыгарма на казахском языке сочинение

👇
Ответ:
starlizz
starlizz
09.04.2022

Қазақ халқы.

Менің ұлтым – қазақ, қазақ елінің тумасымын. «Қазақ» болып туылғанымды мақтан тұтамын! Қазақ халқы қандай халық? деген сұраққа бір – екі ауыз сөзбен ғана жауап беру мүмкін емес, себебі қазақ халқының өзіне тән ерекшеліктері бар. Солардың кейбіріне тоқталып кетсем деймін.

Ең алдымен, «қазақ» деген сөзді естігенде әркімнің де ойына «қонақжайлық» сөзі келеді, бұл екеуі егіз ұғымдай болып кеткен. Қонақжайлық тек қазақ халқына ғана тән дүние десем, артық айтпаспын, себебі үйге қандай кісі келмесін «ең болмаса нан ауыз тиіп кету керек» деген ұғым санамызда бала кезімізден қалыптасқан. Қазағым қашан да бар асылын, бар тәттісін «қонақ жесін» деп сақтаған. Қазақ халқы үшін дастарқаннан үлкен, дәмнен үлкен нәрсе жоқ.

Сонымен қатар, қазақ халқы үшін бата ұғымы қасиетті, ақ батаның ізгі сөздеріне сүттей ұйып, оның құдіретті күшіне шексіз сенеді.

Қазақ халқы қай заманда болмасын бас киімге ерекше мән беріп, аса құрметпен қараған. Оған дәлел ретінде «бас киімді лақтырмау, аяқпен теппеу», «бас киімді басқа кісіге бермеу» секілді ырымдар мен тыйымдар күні бүгінге дейін сақталған. Қазақ халқында бас киім баршылықты білдіретін болғандықтан, оны оны жерге лақтырса, бақ таяды, бақ кемиді деп сенген. Қуанғанда бөркін аспанға лақтырып, күйрегенде жерге ұрып сүйініш пен күйініштің де белгісін баскиім арқылы аңғартқан. Бас киімді әрқашанда жоғары көтеріп, төріне ілген.

Қазақ халқы баланы ерекше жақсы көріп, бала десе барын беретін бауырмал халық саналған. «Бала адамның бауыр еті, көз нұры» деген мақал осының айғағы іспеттес.

Өз ойымды Қуандық Рахым ағамның «Мен қазақпын» әнінің сөздерімен тәмамдағым келеді:

Қазақ болып тумағанда нетер ем?

Қонақ жайлық жайын білмей өтер ем

Қымыз шұбат қазы-қарта құрт майсыз

Қадір қашып қарным ашып өтер ем.

4,4(7 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
otchygash2
otchygash2
09.04.2022
Түркістан қаласы қазақ хандығының ең бірінші астанасы. Қаланың көне атауы –Яссы. Яссы Ұлы Жібек Жолының сауда орталығы және округі болған. XII ғасырда әсіресе Қ.А Яссауи көшіп келген соң ерекше атаққа ие болған. Түркістанға 1500 жыл. Яссауи – ортағасырлардың ерекше сәулеті болып табылады.Керемет орналасуы және әдемі мозаика суреттермен апталған қоршау. 1500 жыл ішінде Түркістан атақты шейх-көріпкел ақын Хазрет-сұлтан аталған Қожа Ахмет Яссауидің арқасында әлемге әйгілі болған. Ол кезде қала атауы –Яссы болатын. XIV ғасыр аяғында Түркістан Ұлы Әмір Темір арқасында Қожа Ахмет Яссауи кесенесі салынған соң атақты болды.
4,8(47 оценок)
Ответ:
belokurserezhe
belokurserezhe
09.04.2022
Менің Қазақстаным - ең қымбат, маңызды, бағалы, сүйікті елім. Бұл менің Отаным...
Қазақстанда бір отбасымен он бес миллион адам өмір сүреді, жүзден астам ұлт өкілдері және халықтары. Біздің елімізде басқа тілде сөйлейтін, басқа дін ұстанатын, басқа ұлт адамдары бір елде қалай тұратынына әлі де таң қаламын. Қазақ тілінде, орыс, ұйғыр, неміс, корей, татар тілдерінде кітаптар және газеттер шығарылады, ұлттық театрлар жұмыс істейді, эстрадалық ансамбльдер, ұлттық программалар радио және телекөріністерде жүргізіледі. Бүкілімізді, яғни әр түрлі ұлт өкілдерін біріктіретін бір нәрсе: біз - Қазақстан халқымыз. Қазақстан - мүмкіндігі көп, тәуелсіз ел. Оның дамуы тез жүріп бара жатыр. Қазір біз жай ғана балалармыз, бірақ келешегімізге жоспар құрамыз, мемлекетке пайда әкелетіндей біреу болуға, елдің әл-ауқатын арттыруды армандаймыз.
Менің Қазақстаным: бейбіт, еркін, бай, көп ұлтты. Біз еліміздің өткенімен мақтанамыз, келешек үшін қазіргіге өмір арнаймыз.
4,4(92 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ