1. Кімдер курстық жұмыстарын тапсырыпты? Студенттер не тапсырды? Студенттер не істеді? 2. Студенттер қайда кірді? Студенттер қашан дəрісханаға кірді? Қоңырау соғылғанда, дəрісханаға кімдер кірді? 3.Əкем газеттен не оқитын? Əкем соңғы жаңалықтарды қайдан оқитын? Газеттен соңғы жаңалықтарды кім оқитын? 4.Кім баласына жақсы тəрбие берсем дейді? Əке шеше баласына қандай тəрбие берсем дейді? Əке шеше баласына не берсем дейді? 5.Кім əрқашан ізденіс үстінде жүреді? 6.Не үшін емтиханға көп дайындалдым? 7.Балалар аулада ойнамақшы болып, қайда шықты? Балалар не үшін далаға шықты? 8. Мен не үшін қосымша тапсырма тапсырамын?
Орфоэпия (гр. 'orthos' – дұрыс, epos – сөз, сөйлеу) – сөздер мен сөз тіркестерінің дұрыс айтылу ережелерінің жиынтығы. Тілдегі сөздердің айтылуы мен жазылуы бірдей бола бермейді. Қазақ тілінің дыбыс үндестігіне сәйкес көптеген сөздер орфография нормадан ауытқып айтылады. Мысалы, құлұн, өнөр, түңгү, Амаңгелді, көг гүл, айталады, ағиық, т.б. Сөздерді дұрыс айту нормалары дыбыс үндестігіне, яғни ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпал заңдылықтарына негізделеді. Сөздердің дұрыс айтылуы орфоэпия сөздіктерде көрсетіліп отырады.