Ерте кезеңнен ақ ата-бабаларымыз бала, ұрпақ тәрбиесіне көп көңіл бөліп, оларды үлкенге тағзым, кішіге ілтипат етіп, бауырмалдыққа, мейірімділікке, ізеттілікке баулыған. «Тәрбие - тал бесіктен басталады», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны iлесiн» деген ұлағатты сөзді жадына әбден тоқыған. Сондықтан да баланың бауырмал, қайырымды азамат боп ержетуі, алдымен, ата-ананың тәрбиесіне, қоршаған ортаның үлгі-өнегесіне байланысты. Баланың алған тәрбиесіне қарай «тәрбиелі, өнегелi>> екен деп тамсанса, оғаш қылық көрсеткен баланы «тәрбиесіз, өнегесіз» деп сөгетін болған. Қазақта ең ауыр сөз- <тәрбиесіз>>, <тәрбие көрмеген» деген сөз. Әрине, қай қазақ балам жаман болсын десін, демейдi де, сондықтан да бетімді жерге қаратпа деп өсиет тәрбиесін айтып отыратыны белгілі.
1. Ажал жетіп, сол асыл тірек 731 жылы ақпан айының 27-і күні 47 жасында дүние салғанда Ұлы Дала күңіреніп, төрткүл дүниеден түгел елшілер келіп, Күлтегін рухына тағзым еткен. Оны жерлеуге татабы елінен Удар Сеңүн, табғаштан Ісуйі Лікен, Тибеттен Бөлен, алыстағы Соғдыдан, Бұқарадан Тархан ұлы Нең Сеңұн, оғыздан Білге таңбашы, қырғыз қағанынан Тардуш Ынаншы Чур, тағы басқа көптеген белгілі адамдар келген (Айбын, 427-б.). Қайғыдан тек дос елдер ғана емес, қастарының да қабырғасы қайысты. Білге қаған інісінің басына жоқтау-жыр жолдарын жаздырып, құлпытас орнаттырған.
2. А.Аманжолов, Мұсабеков, Айдаров зерттеп, қазақ тіліне аударған.
Айтқызған - жамандықтың белгісі,
Қамшылатқан - шабандықтың белгісі.
Адам мен адам арасы, аспан мен жердей.
Ақ сауыттың жағасы бар, жеңі жоқ,
Шын жақсының ашуы бар, кегі жоқ.
Ай - ортақ, күн - ортақ, жақсы - ортақ.
Адам туа жаман болмайды,
Жүре жаман болады.
Адамға қылсаң жақсылық,
Жақсылық білмес кей заңғар.
Жақсылыққа жамандық жасайтын,
Дүниеде бейиман көп жандар.
Айыратын жаман бар, қосатын жаран бар.
Екі жаман ауыл болмас,
Ауыл болса қауым болмас.
Арғымаққа оқ тисе, мәстектей туламас.
Сыпайыға оқ тисе, жамандардай жыламас.
Арғымақ аттың құйрығы - әрі жібек, әрі қыл,
Қас жақсының белгісі - әрі мырза, әрі құл.
Арық малды асырасаң аузы-мұрның май болар,
Жаман адамды асырасаң аузы-мұрның қан болар.
Екі жақсы қосылса, айрылысуға қиыспайды,
Екі жаман қосылса, кең дүниеге сиыспайды.
Жақсы арына құл, жаман малына құл.
Арықпенен семіздің бауыры бірдей,
Жақсыменен жаманның жаны бірдей.
Арық атқа жал бітсе, жанына торсық байлатпас,
Жаман адамға мал бітсе, қасына қоңсы қондырмас, қондырса да ондырмас.
Атасы жақсы, көргенін айтады,
Атасы жаман, бергенін айтады.
Әркім жолдас болады амандықта,
жаман тастап кетеді жамандықта.
Басыңа іс түскенде жақсы көмектесер, жаман күліп кетер.
Биік тауды алыстан көріп, түбіне барма,
Жақсының атын естіп үйіне барма.
Биікке шықсаң көзің ашылады,
Жақсымен сөйлессең көңілің ашылады.
Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді,
Бір жақсы мың қолды ерітеді.
Бітісі жаман қамысты, су ішінен өрт шалар,
Туысы аман жігітті, түйе үстінен ит қабар.
Бір сынаған жаманды, екі қайтып сынама,
Өлшеп-пішпей шамаңды, құр жаныңды қинама.
Бітер істің басына, жақсы келсін қасына.
Бұқаның өзі қартайса да, өзі қартаймайды,
Жақсының өзі қартайса да, көңілі қартаймайды.
Жақсы болсаң жаның көп.
Жақсы адам жолдасынан белгілі.
Бұлттан шыққан күн ащы,
Жаман қатынның тілі ащы.
Ескіге жаңа өлшеуіш,
Жаманға жақсы өлшеуіш
Жақсы адам елдің ырысы,
Жақсы сөз жанның тынысы.
Жақсы туса елдің ырысы,
Жақсы жатырқамайды, аңқау алдамайды, әңгі тыңдамайды.Жаңбыр жауса жердің ырысы.
Жақсыда жаттық жоқ,
Жаманда жақындық жоқ.
Жақсы жерге жатсаң, жақсы түс көрерсің.
Жақсы көргенін мақтап жүрер,
Жаман көргенін даттап жүрер.
Жақсы іске келді, жаман асқа келді.
Жақсыға қылған жақсылық, өмірінше тозбайды,
Жаманға қылған жақсылық, бір күнгідей болмайды.
Жақсы көпке құлық қылмайды, азға зорлық қылмайды.
Жақсы көрісіп келіседі,
Жаман келісіп керіседі.
Жақсы келді дегенше, жарық келді десеңші,
Жақсылықтың ұрығын алып келді десеңші.
Жақсы қыдырып жүрер,
Қыдыры артынан шұбырып жүрер.
Жақсы қырқында толады,
Жаман қырқында солады.
Жақсы қартайсад да, ақылынан танбас,
Жаман ат қартайса да, жүрісінен танбас.
Жақсы кісі текшіл,
Жаман кісі кекшіл.
Жақсы кісінің ашуы - шай орамал кепкенше.
Жақсы - суы тәтті көлмен тең,
Жаман - желі қатты шөлмен тең.
Жақсыға ерсең, жетерсің мұратқа,
Жаманға ерсең, қаларсың ұятқа.
Жақсының қадірін жақсы білер.
Жақсы болсаң - озарсың,
Жаман болсаң - азарсың.
Жақсы сынаумен жариды,
Жаман сынаумен қариды.
Жақсы мақтанса, есебін табар,
Жаман мақтанса, қатынын сабар.
Жақсыға берсең асыңды,
жақсы сыйлар басыңды.
Жаманға берсең асыңды,
итке тастар басыңды.
Жақсыменен жарыққа кім қарамайды.
Жақсы өзін қосып сөйлейді,
Жаман босқа бөсіп сөйлейді.
Жақсыны жаман десең, аққудай мойнын созады,
Жаманды жаман десең, аяғынан тозады.
Жақсыны сыйласаң есінен кетпейді,
Жаманды сыйласаң есігіңнен кетпейді.