М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Klininoolp
Klininoolp
15.08.2020 01:41 •  Қазақ тiлi

Перевести стихотворение на ! шаханов-четыре матери. можно не дословно, но чтобы каждой строчки понять смысл. тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала, мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға. әр өз анасынан басқа да, ғұмырына етер мәңгі астана, демеп жүрер, жебеп жүрер арқада, болу керек құдіретті төрт ана: туған жері - түп қазығы, айбыны, туған тілі - мәңгі өнеге айдыны, жан байлығы, салт-дәстүрі - тірегі, қ шуақ шашар үнемі, және туған тарихы, еске алуға қаншама ауыр әрі қасіретті болса да. құдірет жоқ төрт анаға тең келер, онсыз санаң қаңбаққа ұқсап сенделер. өзге ананың ұлылығын танымас, төрт анасын менсінбеген пенделер. төрт анадан сенім таба алмаған тамырсыздың басы қайда қалмаған? ! төрт анасын сыйламаған халықтың ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған. қасиетті бұл төрт ана - тағдырыңның тынысы, төрт ана үшін болған күрес - күрестердің ұлысы!

👇
Ответ:
EstrWite
EstrWite
15.08.2020
А что за язык?
татарский или какой?
4,6(44 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:

Адам бар жерде құндылық та қатар жүреді . Ол адамға ғана емес , оны қоршаған ортаға да тікелей байланысты . Құндылық- әлдебір дүниенің маңыздылығын аңғартатын сипаты іспетті . Ол әр затқа табиғатынан тиесілі емес . Әр адамның таным - түсінігіне , көзқарасына байланысты әр түрлі сипатта болмақ . Қоғамда " рухани құндылықтар " , " материалдық құндылықтар " , " мәңгілік құндылықтар " сынды ұғымдар қалыптасқан . Иә , бұл жеке - дара құндылықтардың жалпы атауы болғанымен , жалпы құндылық түгелдей жалқы адамға тән бола бермейді . Мысалы , рухани құндылықты құрайтын махаббат , иман , адамгершілік , т.б. сынды жеке - жеке құндылықтардың барлығы да бір адамға тиесілі болмауы мүмкін.

4,4(7 оценок)
Ответ:
systemka470
systemka470
15.08.2020
Наурыз. Наурыз, март (парсыша «нау» (жаңа) және «руз» (күн) – Жаңа жылдың бірінші күні деген мағынаға ие. Ол – күнтізбелік жылдың үшінші айы (31 тәулік), көктемнің басы. Қазақтар бұл мейрамды Әз-Наурыз мейрамы деп те атайды. Халықтың ежелгі наным-сенімінде наурыздың ал- ғашқы үш күнінде жер-көкті жарып ерекше дыбыс (гуіл) естіледі. Мұны тек қана жұмақтан шыққан қой, сол арқылы оны бағып жүрген қойшы ғана естиді. Бұл күні бүкіл табиғатқа, тіршілік иесіне, өсімдік, жан – жануарға ерекше сезім, қуат, қасиет нұры құйылады. Сол себепті, халқымыз «Әз болмай, мәз болмайды» деген. Әз – халық аңызында күн мен түннің дәлме‑дәл теңелер сәтінде көкті жарып ерекше бір гуіл өтуге тиіс. «Оны қой ғана біледі. Егер күндіз өтсе, қой арқылы қойшы ғана аңғаруы мүмкін» деген сөз бар. Осы гуілді наурыздың 22‑сіне дейінге үш күннің ішінде өтеді деп есептеген халқымыз: «Әз болмай, мәз болмайды», деген тәсіл қалдырған. Сол үш күннің ішінде тырнақ пен шаш алуға болмайды. Әз өткенде өсімдікәлемінен бастап, күллі тіршіліктің тұла бойына, бір тал түгіне дейін жан жүгіреді. Сол жан байқаусызда тырнақ, шашпен бірге қиылып кетсе, адамның қолы мен басы селкілдейтін болады‑мыс. Наурыз бата – наурызға арналып сойылған малдың басы мен жамбасына, ескі жылдың дәмі – сүрленген қазы‑қарта, жал‑жая...берілетін арнаулы бата.
Наурыз жыры – қазақ халқының жаңа жыл, Наурызға арнап айтатын тұрмыс‑салт жырының бір түрі.Наурыз көже – келер жылы молшылықтың жоралғысы ретінде әр шаңырақ міндетті түрде жасайтын арнаулы тағам. Оған кем дегенде, жеті түрлі (бидай, тары, қонақ, бұршақ, сүт, су, тұз сияқты) азықтық заттар қосылуы тиіс. Тақ санын сақтап, тағам түрін көбейте беруге болады. Құрт пен қатықтың қай‑қайсысы да сүттің орнын толықтырады. Наурыз көжені халық арасында «тілеу көже» деп те атай береді.Наурыз мейрамы (наурыз тойы) – күн мен түннің тенелетін күні 22 наурызды атап өтетін ұлы мереке. Ұлттық дәстүр‑салтымыз бен ойын‑сауығымыздың бәрі де тегіс қамтылатын жыр‑думан.
4,4(58 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ