Қазақстан халқы Ассамблеясы — ол әрі іргетас, әрі бейбітшілік, рухани келісім мәдениетінің негізгі қағидаты. Ассамблея — мемлекеттік органдардың халықпен жемісті үнқатысуын, барлық этностар өмірлерінің өзекті мәселелерінің шешілуін қамтамасыз етуші ұйым. «Дамудың сыры — бірлікте, Табыстың сыры — тірлікте». Мұратқа жолын тапқан жетеді. Еңбегіміздің жанбағы біздің ортақ үйімізді бейбітшіліктің бесігі етіп, барды бағалай білуімізге байланысты. Қазақты қасиетті қара шаңыраққа баласақ, еліміздегі барша этностар — сол шаңыраққа шаншылған уықтар.
— Ортақ ордамыз — Қазақстанның босағасын берік, шаңырағын биік ұстап, түтінін түзу ұшыру — елдік мақсат. Сонда ғана Қазақстан «2050» Стратегиясында айтылған үздік 30 елдің қатарынан табылады. Біздің Отанымыз — ортақ, тілегіміз — бір, мақсатымыз — жалғыз. Ол — жері гүлденген, елі түрленген, дамуы жедел, ұрпағы кемел Мәңгілік Қазақстан!
— Қазақстан халқы ассамблеясы қазақстан республикасы президентінің 1995 жылғы 1 наурыздағы жарлығымен мемлекет басшысы жанындағы консультативтік-кеңесші орган ретінде құрылды. Елбасы нұрсұлтан назарбаев қазақстан халқы ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы тәуелсіздіктің бір жылдығына арналған қазақстан халқының бірінші форумында жариялады.
Менің отбасымда төрт адам бар.Олар ,әкем, анам, сіңлім және мен.Менің әкем дәрігер.Анам тілші.Сіңлім екінші сыныпта оқиды.Мен сегізінші сыныпта оқимын.Біз отбасымызда тату тұрамыз.Отбасымызбен бірге демалыстарда серуенге шығамыз.Біз әрбір мейрамды отбасымызбен бірге тойлаймыз.Менің ата-анам мейірімді.Олар әрқашанда бізге ақыл-кеңесн айтады, бізді әдептілікке , еңбекке үйретеді.Мен өз отбасымды жақсы көремін.Менің отбасым ең үлгілі отбасы.