Отбасы салт-дәстүрлері отбасы! бұл сөздің мағынасы тереңде жатыр. әсіресе отбасы қылықтары, отбасы дәстүрлері, отбасы ережелері. солардың ішінде ең көп қарастырылатын отбасы дәстүрлері. отбасыда алғаш рет бала туған жағдайда бала үшін ырым жасайды. одан кейін оны қырық күннен шығарады. бала бір жасқа толған кезде ақырындап жүре бастайды. сол кезенде баланың тұсауын кестірткізеді. баланың тұсауын желаяқ, ақылды адам кестіреді. себебі кескен а да ұқсап кетеді деген үміт бар. содан соң баланы бесікке жатқыздырады. бұл салтты бесікке жатқыздыру деп атайды. баланы бесікке жатқыздырғанда арнайы бесік жырын айтады. балаға алты жас тола бастағанда оның тілін ашады. бұл дәстүрді тілашар дейді. одан кейін ьала өсіп азамат болған кезде оны үйінен алыс жақтарға қонақтауға шақырады. осы жағдайда баланың үйінен алысқа ұзақтауын қоштасу дейді. ержігіт он сегіз-жиырма келген кезде өзіне болашақ жарын таңдайды. сол кезде қыз ұзату, келін түсіру, құда түсу, беташар салттары алдынғы жоспарға қойылады. жалпы, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні отбасындағы салт-дәстүрлер мәселесі күрделі кезең
,Абайдың сүйіп, жар етіп алған екінші әйелі Әйгерімнен туған ұлы Тұрағұл, өзінің естелігінде жазғанындай, Абайдың отыз екі жасында өмірге келген екен. Жастайынан Абайдың тәрбиесін көріп, өнер-білімге ерте ден қойған ол өте зейінді, алғыр болған. Әкесінің өнегесімен орыс әдебиетімен жастай танысып, соның арқасында осы тілде жатық сөйлеген, аудармашылықпен айналысқан. Әкесі туралы татымды да тиянақты естелік жазып, қалдырған. Мен – әкемнің кіші жамағатынан туған тұңғыш баласымын. Әкем кіші жамағат алғанда бастапқы бәйбішесі өзінен 2-3 жас үлкен еді, ұлғайған кезімде өзімді күтуге қолайсыз болады деген шығар. Екінші, жалпы қолы жеткен, әлі келген адамға екі қатын алмақ ғұрып сықылдыланғандықтан да шығар.Мен әкемнің 32 жасында, жастықтың алғашқы арыны басылып, жігіт ағасы болып қалған кезінде туғанмын. Мен әкемді танығанда, әкемнің жүзі ашық, ажары сыртында, көзі өткір, ашуы да, қуануы да жылдам, ширақ жанды адам еді. Мәжілісі қызықты, сауықшыл, дастарқаны аса мол еді. Бір іспен қызықтамай, жай, салбырап, шаруасын істеп отырмаушы еді.Бір ғадаты жақсы атқа, қыран құсқа құмар еді, өзі 2-3 жыл салтанатын келістіріп құсбегілерін, мергендерін сайлап құс салыпты. Балаларының әрқайсысына құс салғызды, бірақ ұзақ уақыт құсшы болғанымыз жоқ. Біреудікін алып, біреуге сапырып отырады. 250 шамалы құс қолыма келіп, кеткен шығар. “Тулақтың шолағындай” құс кергенім жоқ деп айтып отырушы еді.