1)Зан қоғамға не үшін қажет?
Заң – қоғамдағы бейбітшілік пен әділеттілікті қамтамасыз ететін және адамдар арасындағы қатынастарды реттейтін құрал. Ол адамның құқықтарын зорлық-зомбылықтан, ұрлықтан және басқа да қол сұғушылықтардан қорғайды
Заңдар қоғамдағы тәртіп пен тепе-теңдікті орнатады. Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай, «тәртіпке бас иген адам құл болмайды». Сондықтан, әр адамның және жалпы қоғамның басты міндеті – ол заңға бағыну. Егер заңдар болмаса қоғамда тәртіпсіздік пен бассыздық орын алатын еді. Мұндай ортада өмір сүру қорқынышты болып, сізді қылмыскерлер мен бұзақылардан қорғайтын күш болмайды