М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
mamatvoeymamy
mamatvoeymamy
27.01.2022 17:40 •  Қазақ тiлi

Сочинение на казахском языке природа удевительный мир

👇
Ответ:
Мираж005
Мираж005
27.01.2022
Табиғат – барлық тіршілік атаулының құтты қоныс-мекені, алтын ұя- бесігі, бар байлықтың ырыс, қазынасы. Ал, адам үшін табиғат ең қасиетті де, қастерлі ұғым!  Өйткені адамның өзін дүниеге алып келген аяулы да ардақты Анасы, сондықтан да адамның табиғатты «Ана» деп құрметтеуінде де өте терең танымдық та, тағылымдық және тәрбиелік мәні зор ұғым жатыр.Табиғатты аялау, оған үнемі жанашырлық сезіммен қамқорлық жасап отыру ата-бабаларымыздың ұрпақтарына ұран етіп қалдырған аманаты екендігін ешқашан да естен шығармауға тиіспізХалық ұғымында «табиғат»- деген ұғым «туған жер» деген сөзбен мағыналас, әрі мазмұндас айтылады..«Жер – Ана, ел - бала», «Тозған жерде тоқшылық болмайды», «Күте білсең – жер жомарт» және т.б.Әрбір табиғат байлықтарына және оның жеке туындыларына да арнайы айтылатын экологиялық тыиым сөздер халық арасында кеңінен таралған. Ондай тыйым сөздердің тағылымдық та, тәрбиелік те мәні зор. Мысалы, күнделікті өз мұқтажымызды өтеп жүрген ауыз судың тазалығын сақтауға арналған көптеген тыиым сөздер «суға түкірме», «суды ластама», «бұлақты былғама», «су ішкен құдығыңа түкірме», «өзің ішетін суға өлген ит тастама» және т.б. бар. Осы айтылған әрбір сөзде ұлағатты ұғым, қаншама терең мағына жатыр десеңізші!
4,5(73 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
SupercellTV
SupercellTV
27.01.2022
Ана шынында да өмір гүлі, күннің нұры екен. Әрбір Ана сәбиінің дені сау болып, жақсы азамат болып өскенін қалайды. Түн ұйқысын төрт бөліп оянатын Ананың сенімін ақтау қажет. Ол үшін біз жақсы оқып, үлгілі тәртібімізбен, спорттағы, өнердегі жетістіктерімізбен көзге түсуіміз керек. Мен Анамды сыйлаймын, жақсы көремін. Ол мектепте мұғалім болып істейді. Оның жұмысы өте қиын да, қызықты. Мектептегі әр баланың мінез-құлқын танып-білуге тырысатын анам маған қатал тәртіп қояды. Біз анам екеуміз әр түрлі тақырыпта әңгімелесеміз. Мен қандай сұрақтар қойсам да анам жауап береді. Әсіресе мен кішкентай кезімдегі қылықтарымды еске түсіргенді ұнатамын. Анам мені еркелетіп, құшағына алып, маңдайымнан иіскеп тұрады. Ұйықтар алдында мен одан Абай, Сәкен, Ыбырай аталарымыздың балалық шақтары жайлы сұрай беремін, ол жауап беруден жалықпайды. Мен Анамның әрқашанда көңілді жүруін тілеймін! Ал мектепке келгенде бізді екінші анамыз – ұстазымыз Сәния Дүйсенбекқызы қарсы алады. Ол кісі жылы қабағымен қарсы ала отырып, бірден қатаң бақылауға алады. Әртүрлі мерекелерде біз қызықты ойындар ойнап, би билеп, ән саламыз, ертегі кейіпкерлері болып ойнаймыз. Сурет, би, хор үйірмелеріне қатысамыз. Сәния, Дәмелі ұстаздарымыз өте мейірімді жандар, біз ол кісілер мектептен қалмаса, ауырмаса екен деп ойлаймыз. Жазғы демалыста мұғалім бізді мұражайларға, қалаға серуенге, кинотеатрға алып барды. Біздің сыныпта Айнұр, Замира, Фатима деген қыздар бар. Олар әр түрлі мінезді, өнерлі. Наурыз айы - мереке айы. Біз Аналарымызды, апаларымызды, қыздарды мерекелерімен құттықтай отырып, зор денсаулық, қуаныш тілейміз!
4,8(19 оценок)
Ответ:
ElliDi11
ElliDi11
27.01.2022

Мектептегі спортзал

Спортзал біздің мектебіміздің бірінші қабатында орналасқан. Ол өте үлкен, кең, жарық, таза, әрі төбесі де биік. Былтыр мектебімізіде жөндеу жұмыстары өткізілген кезде спортзалымыз да күрделі жөндеуден өткен болатын. Спортзалда түрлі спорттық жабдықтар бар: онда баскетбол, волейбол, пионербол, үстел теннисін ойнауға барлық мүмкіндіктер жасалған.

Спортзалымыз жарқын түстерге боялған. Дене шынықтыру сабағында біз мұғаліммен түрлі жаттығулар орындап, сабақ соңында түрлі спортық ойындар ойнаймыз.

4,5(59 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ