Біз-Қазақстанның болашағымыз. Қазіргі Қазақстан-бай тарихы және, сөзсіз, жарқын болашағы бар жас тәуелсіз мемлекет. Біздің мемлекеттілігіміз ежелгі дәуірден бастау алады, бірақ ол дамудың стратегиялық мақсаттары үшін бірігуді талап етеді. ... Қазақ жастары әрқашан тәуелсіздік үшін күрескен. Бұл игі дәстүрді жаңа ұрпақ жалғастырып, "қолға алуы" керек. ... Біз өз болашағымыз үшін қорқыныштың сол бір қиын – қыстау кезеңін еңсердік, енді жаңа дәуір-ертеңгі күнге деген сенім дәуірі, батыл жоспарлар мен әл-ауқат дәуірі жақындап келеді.
Біздер аналарымыздың қадірін білуіміз керек. Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды. Ана бір қолымен бесікті тербетсе, енді бір қолымен әлемді тербетеді. “Алып анадан туады , ат биеден туады” демекші біздің елбасымыз да, елге белгілі әншілеріміз де, жұдырығы балғадай палуандарымыз да, қайтпас қайсар спортшыларымыз да анадан жаралған. Бұл айтылған тұлғалардың барлығы дерлік қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсірген аналарының арқасында осындай дәрежеге жетіп отыр. Аналарының қолдау болмағанда олар бұндай болар ма еді? Ана алдындағы борыш анаңды меккеге үш рет арқалап апарсаңда өтелмес деген осы.
Оқырмандарға белгілі жазушыларымыздың бірі Ғабит Мүсірепов ана туралы көп қалам тербеген. Оның бізге “Өлімді жеңген Ана”, “Ғазиз ана”, “Ананың анасы”, “Ер ана”, “Ақлима”тәрізді әңгімелері белгілі. Шығармашылығының басым бөлігі анаға арналғандықтан жазушының әйел адамға , анасына деген көзқарасы ерекше болғаны айқын байқалады.