Балқаш-Алакөл қазаншұңқырының шығысында, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары шекарасының қиылысында және Балқаш-Алакөл жазығында орналасқан ағынсыз тұзды көл. ХІІ және ХІХ ғасырлар арасында оның бірнеше атауы болған: Түрге - Нұр (моңғол тілінен аударғанда «көпір-көл»), Алақтакөл, Алатеңіз, Алақта. Көлге 15 өзен құяды, олардың ішінде негізгілері - Үржар, Қатынсу, Емелқұйса, Ырғайты, Жаманаткөл, Тасты. Алакөл - өте келбетті, табиғи рельефі сұлу қазаншұқырға жатады. Оған батыс жағалауындағы Тоқта тауы, шығысындағы Барлық жотасы, түстік шығысындағы Жоңғар Алатауы, сол жағындағы мұнартқан Тарбағатай жотасы, сондай-ақ, жергілікті жұрт «Арал төбе» атайтын ортасындағы аралдар айрықша әр береді.
Қысқы киім! Қыс - ең суық жыл мезгілі, сондықтан адамдардың киген киімдері сәннен бұрын жылы болуы тиіс. Қысқы киімдер қатарына: бас киім, күрте, қолғап, етік және тағы басқалары жатады. Бас киім тек қана басты жылытып коймай, сонымен бірге құлақты да суықтан қорғайды. Күрте - дененің 70 пайызын жабатындықтан, ол міндетті түрде табиғи материалдардан жасалғаны абзал. Қолғап - қолдың тоңбауымен қатар, терінің құрғауынан сақтайды. Етік - адам денесінің температурасына толығымен әсер етеді. Жылы әрі сапалы етік киген адамның денесі еш уақытта тоңбайды.