ер азамат – елдің тұтқасын ұстайтын тұлға, отаны мен отбасының қорғаны. осы орайда нағыз жігітте болар қасиеттерді
қиялшылдық
жігіттің бойындағы ең бағаланатын қасиет оның қиялшылдығы. бұл дегеніңіз өз сезімдері мен эмоциясын шығара білу қасиеті боп саналады. бойжеткен жігіттің шын жүректен жасалған күтпеген тосын сыйын ерекше жақсы көреді.
әзілдесе білу
қандай жағдай болмасын қыздың көңілін көтере біліңіз. оның бөтен ойларға берілмеуін қадағалаңыз. мүмкіндігінше жұмсақ әзілдесіп, жүрегіне жол табыңыз.
жақсы әзіл – кез келген келеңсіз жағдайды өз пайдасына шешу жолы. қыздар іш пыстырарлық жігіттерді онша ұната бермейді. егер қызбен бірінші рет жолығатын болсаңыз осыны есте ұстағаныңыз жөн.
сенім
жігіттің өзіне деген сенімділігі қыздың жүрегін жаулап алудың бірінші жолы. жігіттер секілді қыздар да олардың сенімді болғанын қалайды. сенім бар жерде махаббат бар.
берік сенім – ертеңгі махаббаттың, отбасылық өмірдің бастауы. қыздар өзін жігіттің жанында еш қауіпсіз сезінгісі келеді.
адалдық
қалай болғанда да адалдықтан артығы жоқ. қай жігіт, қай қыз өз серігінің адал болғанын қаламасын? ! адалдықтың арғы жағында, ең түбінде шынайы сыйластық, мөлдір сезім жатады. сөзіңізбен емес, оны ісіңізбен дәлелдеңіз.
қызықты әңгіме айта білу
үнемі футбол жайлы, автокөлік жайлы және бітпейтін әзіл әңгімелер қызды жалықтырып жіберуі мүмкін. қызықты тақырыпта әңгіме айта біліңіз.
мысалы: саяхаттар, әйгілі тұлғалар жайлы. әйтсе де, қыздың ыңғайына қарай әңгіме қозғаңыз. ол неге қызығушылық танытады, әңгімеңіз сол жайында болсын.
жомарттық
әңгіме ақша жайында болса оны жұмсау туралы ой қозғаңыз. қаражатты қайырымды істерге, пайдалы нәрсеге жұмсау керектігін айтыңыз. жігіттің жомарттығы - жақсы қасиет.
ер жігіт қашанда өз-өзін асырай білу керек. керек жағдайда орынды іске қаражатты аямай жұмсаса қыздың да сізге деген ойы өзгереді.
әдемі киіне білу
жігіттің сымбатты болуы, оның сәнді киінуі әрқашан бойжеткендердің назарында. сәнді киіну-киінбеу емес, мәселе сіздің қаншалықты ұқыпты киінетініңізде.
жараспайтын киім кию - жігітке жат. жігіттің іші ғана емес, сырты да сымбатты болуы қажет. киген киіміңіздің тазалығына, қонымдылығына және жинақылығына мән беріңіз.
Ұнағанын ал
Ғалымдар арасында климаттың өзгеру барысы туралы ортақ пікірлер жоқтығына қарамастан, сарапшылардың жалпы пікірі климаттық өзгерістің салдары жағымсыз болуы мүмкін дегенге келіп саяды. Мысалы, 1980 жылдан 2011 жылға дейін Еуроодақ елдерінің экономикасына тигізген тасқынның жалпы шығынын саралаған сарапшылар келген зиянды 90 миллиард еуроға тең деп бағамдады.
Осыған байланысты әлемдік ғылымда зерттеудің басым бағытын қоршаған орта климатына бейімдеуге назар аудару болып отыр. Ең бастысы, бұл басқа салаларға қарағанда, табиғи-климаттық жағдайларға және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуші ауыл шаруашылығына тікелей байланысты.
Климаттық өзгеру
Халықаралық зерттеулер көрсеткіші бойынша, әлемнің кейбір аймақтары, сонымен қоса Орталық Азия, басқаларға қарағанда, климаттық өзгерістерге ұшырауы әбден ықтимал. Оның ішінде, Қазақстанның климатына әсер етіп, онсыз да толыққанды қолдауды қажет етіп отырған ауыл шаруашылығын күнкөріске айналдырған аймақтарға үлкен зиян келтіруі әбден мүмкін. Бұл аймақтардағы өнімнің босқа ысырап болуының 70 пайызы тікелей ауа райымен байланысты Ал, кейбір аймақтарда жағымсыз ауа райы салдарынан алынған өнімнің 50-70%-ға дейіні қолдануға жарамсыз болып қалып отыр.