Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі - көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші - ой кеселі нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе - күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.
- Белорус, Украин, Болгар тілдерін
- Сен қалай соншама тіл жаттадың?
- Мен жақсы дайындалып, тырысып, жаттадым
- Қай тіл саған оңай жатталды?
- Орыс тілі!
- Неге?
- Себебі мен орыс тілін жаттағанда, басқа тілдер оңай жатталды
- Жаксы! Рахмет!