Әлеуметтік желінің әлегі
Қазіргі қарыштап дамыған заманда ұялы телефонсыз жұмыс істеу өте қиын. Осы күні қолымыздағы ұялы телефонымыз өміріміздің ажырамас бір бөлігіне айналғандай. Алыстағы жақынымызбен хат-хабар алысу үшін, керекті ақпараттармен сусындау үшін, бос уақытымызды тиімді өткізу үшін телефонның пайдасы орасан зор екені сөзсіз. Алайда, айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызған, пайдалы ақпараттармен таныстырған бұл құрылғының зияны да жоқ емес. Денсаулыққа тигізер зардабын айтпағанның өзінде, алтыннан қымбат уақытымызды ұрлаған әлеуметтік желінің әлегі шаш етектен.
Ең алдымен әлеуметтік желі деген не? Осыны анықтап алсақ. Әлеуметтік желі- миллиардтаған адамдардың күнделікті жаңалықтарымен бөлісіп, хат-хабар алысатын сайттар бірлестігі. Ол адамдарды өзіне тәуелді етеді, күнделікті тұрмыс-тіршіліктен алыстатып, виртуалдылыққа жетелейді. Әлеуметтік желіде өз пікірін айтып үйреніп қалған адамның өзгелермен сұхбаттасуы, ойын толық жеткізе отырып, сөйлесуі қиын болады.
Айта кетерлік тағы бір жәйт, бұл - әлеуметтік желідегі қазақ тілінің жағдайы. «Ұялы телефонымдағы пернетақтада қазақ тілі жоқ» деген сылтаумен қаншама қолданушы төл әріптерімізді орыс тілінің әріптері арқылы жазып жүр. Онымен қоса сөздерді барынша қысқартып жазады. Осылай жалғаса берсе ана тіліміздің қоғамдағы орны төмендейтіні анық.
Күннен күнге өсіп келе жатқан әлемдік энергетикалық сұранысты қанағаттандыру үшін көмірсутегі шикізатын көптеп пайдалану ауаны ластап, атмосферадағы тепе теңдікті бұзды. Ғалымдардың пікірінше, осы жүз жылдың соңына таман ауаның температурасы 6,4 градусқа жылынып, әлемдік мұхиттардың деңгейі 58 см көтеріледі екен. Бұл құрлықты тұншықтыратын топан судың алғашқы белгісі. Сондықтан да қазіргі таңда әлем сарапшыларын дүркін-дүркін дабыл қағып, энергетикалық қуат шикізаттарына балама табу мәселесін күн тәртібіне батыл қойып отыр. Барған сайын адамзат үшін үлкен қауіпке айналып бара жатқан жаһандық жылыну процесін тежеу, электр энергиясын өндірудің негізгі көзі – көмірсутегі шикізатына балама мәселелері былтырғы жылы өткен 19-шы Дүние жүзілік мұнай конгресінде де ерекше күн тәртібіне қойылды. Мамандардың айтуынша, қазір көмірсутегі шикізатына балама ретінде қарастырылып отырған биоотын, жел және күн қуатынан алынатын энергия әлемдегі өндіретін электр қуатының 2 пайызын ғана құрайды. Сондықтан да бұл салада Қазақстан энергетикасы мамандарының алдында тұрған міндет ұшан — теңіз. Адам саны жеті миллиардқа жеткен әлемде энергетика сұранысы да артып отыр. Бірақ әдеттегі энергетиканың басты кейіпкерлері мұнай, көмір, табиғи газ сияқты қазынды энергетика көздері әрі шектеулі, әрі қымбат және қоршаған ортаны ластайды. Осы себепті жаһандық жылыну басым болып отырған ғаламшарымызда таусылмайтын және қоршаған ортаны ластамайтын, жаңартыла алатын энергетика көздері күн сайын алға шығып отыр. Атап айтсақ, Еуропа Одағы алдымыздағы он жылдың ішінде энергетиканың 20% жаңартыла алатын энергия көзінен алуды жоспарлауда.
Жаңартыла алатын энергия көбінесе тікелей немесе жанамалы түрде күннің әсерінен пайда болады. Күннің сәулесі немесе энергиясы жылыну және жарық мақсатында тұрғын үйлер мен әртүрлі ғимараттарда тікелей пайдаланылса, электр өндіру, суды жылыту, суыту және әртүрлі сауда мен өнеркәсіптік мақсаттарға жанамалы түрде қолданылады
Қазақстан су, жел, күн энергиясы сияқты электр қуатын өндірудегі балама қуат көздеріне бай елдердің бірінен саналады. Алайда, осы уақытқа дейін ішінара гидроэнергетика қуатын пайдаланудан басқа елімізде бұл бай балама қуат көздері іске қосылған жоқ. Оның басты бір себебі, еліміздің жер қойнауына энергетикалық шикізат көздерінің мол шоғырланып отырғанында жасыруға болмайды
Объяснение: