Бата, бата беру — адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Дастарқан басында, түрлі жиын-тойларда, т.б. адам өмірінде кездесер ірілі-ұсақты қуаныштар кезінде той, қуаныш иесіне арнап қол жайып, бата береді. Сондай-ақ, қиын сапар, алыс жолға аттанған азаматына ақ жол тілейтін халқымыздың ежелден келе жатқан, кең таралған дәстүрлерінің бірі. Бата беретіндер, көбіне, көпті көрген ақсақалдар мен кемеңгер де дуалы ауызды билер болып келеді. Бата қысылғанда — қуат, қиналғанда—медет беріп, әрбір іс-әрекетіңе даңғыл жол ашып, бәле-жаладан қорғайды деп есептелген. Бата көзі тірілерге ғана емес, аруақтарға да жасалған. Батасыз, тілексіз өмір болмайды. “Батамен ер көгереді, жаңбырмен жер көгереді” деп халқымыз текке айтпаған. Батаның да қисыны, айтылатын, айтылмайтын жері болады, қуаныш пен тойдың ретіне қарай, соған лайық Бата тілегі болады.
Бата қазақ фольклорының дербес, шағын жанры ретінде қарастырылады. Ұйқасты, ырғақты болып келетін, тұрақты образдарға негізделетін бата халқымыздың жақсылық пен жамандык, адалдық пен арамдық, обал-сауап турасындағы моральдық-этикалық түсініктерінің айғағы іспетті.
Мағыналық тұрғыда екі түрге бөлінеді: ақ (оң) бата (алғыс), теріс бата (қарғыс). Қазақ халкының бата сөз үлгілеріне В.Радлов, Ш.Уәлиханов, А. Васильев, Г. Потанин, т.б. зерттеушілер назар аударып, жинап жариялаған.
Кейін батаға Ислам дінінің әсері тиген. Осы күнгі бата отбасына амандық, молшылық, жастарға өмір, бақыт, білім тілеу мазмұнында болып келеді,
- Салем! - Салем! Не істеп отырсың? - Комьютерде сабақ қарап отырмын. - Бірақ ол көзіңе зиян ғой! - Егер дұрыс пайдалана алсаң зиян емес. - Осы комьтердің жалпы не пайдасы бар? - Үйіңізде компьютер болса, ол ғаламторға қосылса, бүгінде кез - келген мемлекеттегі танысымызбен интернет арқылы хабарласа аламыз. Өзімізге керек мәліметті ғаламтор арқылы жылдам тауып алып, керегімізге жарата береміз. «Компьютер – уақыт талабы» біз уақытымызды ұтымды пайдаланамыз. Қазіргі кезде өркениетке өзін жақынмын деп санайтын кез - келген қоғам мүшесі ең әуелі шет тілін немесе компьютер үйренуге талпынады. Неліктен? Өйткені шет тілі мен компьютердің тетігін тапсаңыз, көптеген тірліктеріңіз оңайласты дей беріңіз, ғаламторға шығасыз, материал жинайсыз, бос уақытыңызды өткізесіз, ойын ойнайсыз дегендей…Қазір жаңа заман біз бәріміз компьютерді толықтай білуміз тиіс. - Саған көп рахмет! Сенің арқаңда көптеген мәліметке қарық болдым.
--Саят, сен кеше қайда болдың? --Мен кеше концертке бардым.Концертте әншілер ән айтты, --Әншілер әндерін қалай айтты.? --Әншілер әндерін жақсы айтты. --Саят, сен ,ертең үйде боласың ба? --Марат, мен ертең ауылға барамын, Ауылда менің атам мен әжем тұрады. --Сенің атаңнын ауылы қайда орналасқан? --Менің атамның ауылы қаладан алыста орналасқан. --Ауылда саған ұнайма? --Маған ауылда ұнайды Ауылда менің достарым көп.Олар, Асан, Әйгерім, Ердос. Асан -нағыз адал дос. Әйгерім -өте сыпайы қыз.Ердос-аса дарынды оқушы. --Саят, сенімен бірге ауылға баруға бола ма? --Жарайды, бірге барайық. --Ендеше таңертең ерте аялдамада кездесейік.Сен дәл уақытында кел. --Сен де тез кел.