Бір түлкі жүгіріп жатып,абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті.Шыға алмай тұрғанда,бір ешкі су іздеп жүріп, әлгі апанға кез болып,түлкіні көреді. -Ей, түлкі батыр,не қылып тұрсың? - депті. -Ой,не қыласың,жаным жай тауып тұр.Қырда әрі сусап,әрі ыстықтан өліп едім,апанның іші әрі салқын,әрі түбінде тұп-тұнық суы бар екен,-депті. Мұны естіп ешкі: "Мен де салқындайын,әрі су ішейін", -деп ойлап,секіріп апанға түсіпті.Сонда түлкі секіріп,ешкінің үстіне мініп,онан мүйізіне шығып,ырғып далаға шығып,жөніне кетіпті. "Өтірікке алданба,басың бәлеге душар болар" деген осыдан қалыпты.
- Сәлем, Таня!
- Сәлем, Саша!
- Сенің ана тілің қай тіл?
- Менің ана тілім – қазақ тілі. Ал сенің ше?
- Менің ана тілім – орыс тілі. Тағы қандай тілдерді білесің?
- Мен ағылшын және орыс тілдерін білемін.
Перевод:
-Привет, Таня!
-Привет, Саша!
-Какой язык является твоим родным языком?
-Мой родной язык – казахский. А твой?
-Мой родной язык - русский язык. Какими языками ты еще владеешь?
-Я владею английским и русским языком.