М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
stas7365w98
stas7365w98
24.05.2021 00:09 •  Қазақ тiлi

Әңгімелеу,пайымдау,сипаттау мәтін түрлеріне мысал

👇
Ответ:
Regardless777
Regardless777
24.05.2021

1) Әңгімелеу мәтіні.

Көмекшілер.

Берік,Самғат,Ажар – кішкентайынан бірге өскен бауырлар.Олар өте тату әрі зерек еді.Ауылдағы атасы күтіп баптаған алма ағаштарының бүгін алма теріп алуды жөн көрді.Берік пен Самғат баспалдақпен биік ағаштардан қып-қызыл алмаларды алды.Ал Ажар оларда шелекке жинап,тасып жүр.Бұл үшеуіне үйдің күшігі Ақтөс те көмек берді.

2) Пайымдау мәтіні.

Еңбекқор құмырсқа.

Әлем көптеген тіршілік иелеріне толы.Солардың ішінде құмырсқа – әлемдегі ең көп тараған жәндіктің бірі. Қазақ «құмырсқадай қажырлы», «құмырсқадай құжынаған», «құмырсқадай еңбекқор» деген тіркестерді бекер айтпаған.Сіріңке қорабында бір дәнді бірнеше күнге жеткізе алған құмырсқа туралы әңгімені бәрі біледі.Олардың тағы да біз білмейтін қызық қыры көп.

Бір құмырсқа өз жемтігін тапқан соң,басқа құмырсқаға азығын табуға көмектесе алады.Аралар мұндайда билеп жүріп үйретсе,құмырсқалар бір жол бойымен жүріп отырып,азық табуды үйретеді.Олар бір-біріне жалғанып,басқалар өтуі үшін көпір жасай алады.Бір құмырсқа өз салмағынан 10 есе ауыр салмақты көтере алады.Құмырсқалар орта есеппен екі немесе үш айға дейін өмір сүреді. Осы уақыттың ішінде өздеріне тән еңбекқор, белсенділігі және үнемшілдігімен өзге жәндіктерден ерекшеленеді.

3) Сипаттау мәтіні.

Күзгі бақ.

Жаздан кейін күз "патшалығы" да келіп,бар аумақты өзіне баурады.Тіпті,жайқалып тұрған әсем баққа да келіп жеткен еді.Күзді күні тек күн салқындап,ел астық жинап қысқа қамданбайды.Соған қоса күз өзінің таңғажайып сұлулығымен де қалыс қалмайды.Оны күзгі бақтың бейнесінен байқай аламыз.Күзгі баққа кіріп қалсаң,бейне бір алтын жалатылған баққа кіргендей боласың.Ағаштар да,аяғыңның асты да сары түске боялған.Арасында қызыл,қоңыр,қызыл-сары түстер де араласып,керемет пейзаж береді.Күзгі бақта әдеттігіден көп серуендей бергің келеді.Себебі,ол тек әдемілігімен ғана емес,тыныштығымен де өзіне тартады.Күннің бұлтты не суық болуы күзгі баққа түк те әсер етпейді.Бәрбір де көркем мезгіл ғой.

4,5(22 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
ФрискТок
ФрискТок
24.05.2021
Кітап-адамның досы. Біз тек кітаптан ғана көп жаңалық пен қызықты біл аламыз. Кітап бізге әр сұрақтың шешімін және қызықты оқиға мен тарихты білуге көмектеседі. Мен кітаптарды оқығанды жақсы көремін. Олар менің қиялым мен оқуымды жақсартады және әр кітап бірнәрсеге үйретеді. Декарт айтқан: 
Жақсы кітапты оқу-бұл ең күшті өткен өмірдегі адамдармен сөйлесу,және бұл сөйлесу бізге ең жақсы ойларды айтады деп. Кітап- бұл елестету өмірі. Кітапты оқып, сен дами бастайсын. Оқыған адам әрқашан біреумен сөз табысады. Өз сөздік құрамын дамытады. Және де барлық ақпаратты біле алады.
4,4(79 оценок)
Ответ:
ksuhamalinovskaj
ksuhamalinovskaj
24.05.2021

Алакөл туралы шығарма.

Алакөл — Қазақстандағы Алматы және Шығыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан тұйық көл, Қазақстандағы ең ғажайып көлдердің бірі. «Алакөл» атауы ежелгі түрік және моңғол сөздерінен аударғанда «ұлы көл» немесе «таулы көл» деген мағына береді.

Халық арасында Алакөлді «табиғат сыйлаған шипа» деп те атап жатады, себебі Алакөл суы емдік қасиетке бай көрінеді. Адам денесіндегі қотырлар мен жаралар бірер түскен соң, сыпырылып түсіп қалады. Оны заманауи медициналық зерттеулер жүргізу барысында дәлелдеген. Демалушылардың көбі Алакөлге шипа іздеп келеді. Көл суы радикулит, артрит, тері ауруларына шипа болып, адам денсаулығына жағымды әсерін тигізеді. Алакөлдің шипалы суын шетелдіктер де жақсы білетін болғандықтан, тек Қазақстанның түкпір-түкпірінен ғана емес, сонау Ресейден, Украинадан, Орталық Азия елдерінен келіп демалып, денсаулығын нығайтып қайтып жатады.

Сонымен қатар бұл ғажайып өлкеге денсаулығын түзеткісі келетіндерден басқа, теңдесі жоқ көлде шомылу мен балық аулағанды ұнататындар келеді.

Арқаның қуаң даласындағы құрғақ ауа теңіз бетіндегі дымқыл ауамен араласып жағасындағы адамға жағымды әсер береді. Көл суы да минералды ресурстарға, йодқа, тұзға, химиялық элементтерге бай болғандықтан, судың денсаулыққа пайдасы меицинада дәлелденген. Бір замандарда Жібек жолының керуендері де көл жағасын басып өткендіктен, оның суы мен ауасы ұзақ жолдан науқас меңдеген адамдардың денсаулығын құр аттай қылып, емдеп жіберетіндігі ерте кезден байқалған.

4,4(95 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ