Рухани өміріміздің тарихында бір дәуірдің болмыс-бітімін, таным- түсінігін айшықтай түсетін айрықша тұлғалар болды. Исламға дейінгі Тәңірлік дүниетанымның шашырап жатқан дерек көздерінің негізінде пайымдап, бас- аяғын жинақтауға әрекеттенер болсақ, оның бел ортасында тұрған дара тұлғаларды айналып өту мүмкін емес. Солардың бірі, бірегейі-түркі халықтарының арасында есімі ежелден танымал-Қорқыт ата. Шығыс Түркістаннан бастап Кіші Азияға дейінгі түркі халықтарының ауызша да, жазбаша да жәдігерлерінен ойып орын алған Қорқыт бейнесі бір ғана көркемдік дүниенің жеміс еместігі, мұның астарында берісі нақтылы тарихи тұлға, арысы тұтас қоғамдық-әлеуметтік, саяси, діни дүниетаным тамыр тартып жатқан дәуірлік құбылыс жатқандығы даусыз. Байыптап қарасақ, исламнан бұрынғы идеология мен таным-түсінікке қатысы бар тұлғалардың қуаттысы да, жұртшылыққа кеңінен мәшһүр болғаны да Қорқыт есімі.
Адам организмі бір тәулікте шамамен 1,5-2 литр су жоғалтады. Сондықтан адам күніне сонша су ішіп отыруы қажет.
Таңертең аш қарынға су ішуді әдетке айналдырған дұрыс.
Мидан бастап асқазанға дейін денедегі бүкіл мүшелердің су қажеттілігі бар. Сондықтан мол су ішіп денедегі су жетіспеушілігінің алдын алу керек. Кафеинсіз кофе, шай немесе шекерсіз табиғи сусындар, сумен араласқан жеміс шырындары және басым бөлігі судан тұратын қарбыз сияқты өнімдер де құрамында карбонгидрат немесе тұз мөлшері көп болмаса су орнына өтеді. Кафеинді шай, кофе, кола секілді сусындар денедегі су жетіспеушілігін одан да арттыратындығы үшін қосымша тағы су ішу керек.Денеде болатын күніне 2-4 литр су шығынының орнын қайта толтырып тұру қажет. Ересек адамның денесінде 40-50 литр су болады. Қанның 83%, бұлшық еттердің 75%, мидың 74%, сүйектердің 22% судан тұрады. Денеде 20% су жетіспеушілігі болуы өте қауіпті және өлімге дейін жетелейді