Скиньте мне в л, с ответы 1-билет 1.Абай Құнанбаев туралы әңгімеле. 2.Фонетика. Дыбыстар классификациясы. Дауысты дыбыстар. 3.Берілген сөздерді жікте.
2-билет 1. «Тәуелсіз Қазақстанға - 25жыл» тақырыбы туралы әңгімеле. 2.Фонетика. Дыбыстар классификациясы. Дауыссыз дыбыстар. 3.Берілген синонимдік қатардан артық сөзді тап.
3-билет 1.Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері. 2.Буын түрлері. 3.Берілген сөздерді тәуелде.
4-билет 1.Қазақ тіл білімнің негізін салушылар. А. Байтұрсынов/әңгімеле/ 2.Синонимдер. 3.Берілген сөздер қатарынан сөйлемдер құрастыр.
5-билет 1.Тіл туралы Заң. 2.Омонимдер. 3.Берілген түбірлес сөздерді теріп жаз, құрамына қарай талда.
6-билет 1.Ы. Алтынсарин туралы әңгімеле. 2.Антонимдер. 3.Берілген тұрақты тіркестерді табыңыз, қандай мәнде айтылған?
7-билет 1.Қазақ билері туралы әңгімеле. 2.Түбір және қосымша. 3.Сөйлемдердегі асты сызылған сөздерге морфологиялық талдау жаса.
Білезік. Қазақ зергерлері жасап жүрген білезіктердің: қос білезік, бес білезік, жұмыр білезік, орама білезік, бұрама білезік, кавказ білезік, көзді білезік, өрме білезік, үзбелі білезік, топсалы білезік, қолқа (қуыс) білезік деген түрлері бар. Бұлардың үлкен-кішілігі, ауыр-жеңілдігі әркімнің қалауынша әр түрлі бола береді. Білезіктердің аталу түрлеріне қарай, олардың бетіне жүргізетін өрнектер де түрлі-түрлі. Қос білезік. Мұндай білезік жалпақ бауырлы тұтас келеді де үстіңгі беті қатарласқан қос жұмыр болады. Бұған көбінесе «сыңар өкше», «ырғақ», «бұрма», «көз» өрнектері салынады. Орама білезік. Қолға орай салатын белдік бейнелі жалпаң білезік. Мұндай білезіктің екі шеті кейде алтынмен көмкеріліп сызықталады. Ортасына жануарлар, өсімдіктер, геометриялық фигуралар тәрізді күрделі өрнектер жасалады. Кейде алтын, күміс араласады. Көзді білезік. Жұмыр немесе жалпақ күмістің, не алтынның бетіне бедерлі ернеулер жасап, ақ, көк, қызыл, жасыл түсті асыл тас көздер орнатады. Көздерді ұстап тұратын ернеулі ұялар батыру, сызу, бедерлеу, бұрыштау әдістерімен өрнектеледі.