М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации

Сочинение 70 слов на тему 'тіл туралы'

👇
Ответ:
mokovanins
mokovanins
07.09.2022
Қазақ тілі – Қазақстан Республикасынын мемлекеттік тілі. Қазақстан Республикасы – қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде қабылдаған бірден-бір мемлекет. алемде 95 тіл мемлекеттік тіл болып табылады. Ал 56 мемлекет ағылшын тілін мемлекеттік тіл ретінде таныған, ал француз тілі – 30. Бугінгі танда қазақ тілі – 16 197 000 сөйлеушісі бар тіл. Қазақ тілі бул жағынан алемдегі ірі 40 тілдін қатарына енеді. Қазақ тілі сөйлеушісі көп ен ірі бес тілдін қатарына кіріп отыр. Қазақ тілінде 16 миллион адам сөйлейді, онын 1,8 миллионы өзге улт өкілдері: турік, өзбек, қарақалпақ, азірбайжан, қырғыз, татар, орыс, уйғыр. Қазақ тілі - туркі тілдері ішіндегі сөздік қоры ен улкен тіл ғана емес, сонымен қатар алемдегі ен таза тілдердын быры
4,5(55 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
sweetcarpet258
sweetcarpet258
07.09.2022
Алматының ресми тарихы 1854 жылдан басталады. Алматы өзенінің жағасында салынған бекініс көп ұзамай Верный деген атқа ие болған. Алайда ХVІ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген мемлекет қайраткері, ақын Захириддин Мұхаммед Бабырдың шығармасында болашақ Алматының орнында Алмату атты ортағасырлық қала болғаны айтылады. «Үлкен Алматы» аймағын адамдар ерте кезден-ақ игерген. Х-ІХ ғасырларда мұнда отырықшы мекендер болған, олардың тұрғындары егіншілікпен, мал шаруашылығымен айналысқан. Қаланың сол жақ шетіндегі шағын мекенжайдан табылған қыш ыдыстардың Ферғанадан табылған ыдыстарға ұқсас болуы осы екі аймақ арасында қола дәуірінің өзінде мәдени байланыс болғанын дәлелдейді. Бұл байланыс кейініректе сақтар дәуірінде де жалғаса түсті. Ол кездерден «сақ патшалары» әулетінің аумақты оба-қорғандары бар. Қазіргі Алматының шығыс жағында үш қорғаннан тұратын бір топ ескерткіш сақталған. Есік қорғанынан табылған материалдар сақтартың белгілі адамдарын алтын киімдерімен, қару-жарақтарымен, асыл тастарымен қоса жерлегенін дәлелдейді. Ғұрыптық ескерткіштердің қатарына құрбандық сәкісі жатады. Соның ішінде Верный қаласының маңынан табылған, В.С.Стрельцов жариялаған «жетісулық алтарь» деп аталатын ескерткіш әйгілі болған. Ол – төрт сирақты аласа үстел. Үстелдің бет тақтайының ернеуіне қанатты барыстың 25 мүсіні салыныпты. Тағы да осындай құрбандық сәкісі Алматыда, ашылып қалған қорғаннан табылды. Ол төрт бұрышты, конус түріндегі тұғыры бар үстел. Төрт бұрышында қанатты барыс, табанының жиектеріне жеті жолбарыстың мүсіні салынған, ал ортасында екі түйенің бейнесі бар. Сақтардың өзгеше бір храмдары мен қасиетті орындарының бөлшектері, көпке белгілі «Қарғалы диадемасы» Алматы маңындағы көшпелілердің идеологиясы жөнінде білуге көп мүмкіндік туғызады. Алматы-І қаласының орны қаланың оңтүстігіндегі «Горный гигант» колхозының жерінде орналасқан. Қала екі қатпардан тұрады, терең орлардың ішіне салынған, бұл оның қорғаныс қабілетін арттыра түскен. Жалпы топографиялық белгілеріне қарағанда, оның ІХ-ХІІІ ғасырларға жататыны анықталған. Алматы-ІІ қаласының орны Кіші Алматы өзенінің бойында, қазіргі шекара училищесі тұрған жерде болатын. Құрылыс жұмыстары кезінде бұл арадан орта ғасырлық ұстахана, дайын бұйымдар, кетпен, соқаның тісі, темір қазанның бүйірі табылған. Осы жерден балқыған металл құятын шөміш пен су құятын екі құмыра да шықты. Есентай (Весновка) қаласы Алматыдағы Ботаника бағының шеңберінде, Ремизовка мекені Әл-Фараби көшесінің жоғары жағында, Тереңқора қаласының орны Алматының солтүстігіндегі «Заря Востока» поселкасының жерінде жатыр. Сонымен, археологиялық олжалар Алматының тарихын едәуір ұзартып, оны Шығыстың көне қалаларының қатарына қояды.

Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/shygarma/544-almaty.html
© www.ZHARAR.com
4,6(13 оценок)
Ответ:
merlinina74
merlinina74
07.09.2022

Денсаулық зор байлық.
***
Тазалық — саулық негізі.
***
Бірінші байлық — денсаулық,
Екінші байлық — ақ жаулық,
Үшінші байлық — он саулық
***
Басы аманның малы түгел.
***
Аурудың алдын ал.
***
Демі бардың емі бар.
***
Жаман ауруға жақсы ас.
***
Көзің ауырса, қолынды тый,
Ішің ауырса, тамағың тый.
***
Көкірек ауру күле кетер.
***
Тұмау аяғы құрт,
Тұман аяғы жұт.
***
Ауру аздырады,
Суық тондырады.
***
Ауру кісі күлкі сүймес,
Ауыр жүкті жылқы сүймес.
***
Ауру батпандап кіріп,
Мысқалдап шығады.
***
Ауру астан,
Дау қарындастан.
***
Дауды елемеген төлейді,
Ауруды елемеген өледі.
***
Іздеп алған аурудың емі табылмас.
***
Айналдырған ауру алмай қоймас,
Бұлттанған күн жаумай қоймас.
***
Сіңбес астың бөгеуі көп.
***
Шықпаған жаннан үміт ет.
***
Жанымды алмаған ауру,
Жанымның садағасы.
***
Олақтан салақ жаман.
***
Шірік шірітеді,
Бұзық бүлдіреді.
***
Шірікке шыбын айналар.
***
Жасыңда салақ болсаң,
Бара-бара былық боларсың.
***
Ас — елдің құты.
***
Ет етке, сорпа бетке.
***
Көже деген тоқ ас,
Тұра келсең жоқ ас.
***
Ас астың орны басқа.
***
Айран ішсең ас болады.
***
Шымырдың сезімі сергек.
***
Тамақтан өткеннің бәрі тамақ.
***
Өзен жағалағанның өзегі талмас.
***
Ескі сөз жаңа сөздің қазығы.
***
Сергектің сенімі нық.
***
Ас адамның арқауы

4,5(95 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ